Ескерту: Макростарға ат беруде «бос орын» белгісі қолданылмайды.
2-жаттығу.Құрылған Удалить_До_Конца_Строкимакросын орындап көру. 2.1. Өзіңіз құрған құжатта кез-келген бір жолдан тұратын текст жазыңыз..
2.2. Курсорды жолдың басына апарыңыз да Сервис->Макрос->Макросы командасын орындаңыз.
2.3. Пайда болған диалогтық терезеден Удалить_До_Конца_Строкимакросын белгілеп алып Выполнить батырмасына шертіңіз. Текст жойылады. Мұны бірнеше рет қайталап жасап көріңіз.
3- жаттығу. Құрылған Удалить_До_Конца_Строкимакросын саймандар панеліне батырма түрінде орналастыру.
3.1. Экранға макростың батырмасын орналастыратын панелді, мысалы Visual Basic ( Вид->Панели инструментов-> Visual Basicкомандасы арқылы) панелін шығарып аласыз.
3.2. Сервис->Настройка командасы орындалады. Пайда болған терезеден Команды жапсырмасын таңдайсыз.Категории тізімінен Макросы категориясын таңдайсыз. Пайда болған макростар тізімінен өзіңіз құрған Удалить_До_Конца_Строки макросын белгілеп алып тышқанның сол жақ батырмасын басып отырып оны жаңағы Visual Basic панеліне апарасыз. Панельде жаңа батырма, яғни Удалить_До_Конца_Строки макросының батырмасы пайда болады.
3.3. Әрі қарай Изменить выделенный объект батырмасына шертіп, тізімнен Основной стиль түрін таңдасаңыз батырма стандарт түрге келеді.
3.4. Макрос батырмасының түрін өзгерту үшін Изменить выделенный объект батырмасына шертіп, тізімнен Выбрать значок для кнопки таңдалынады. Пайда болған тізімнен өзіңізге ұнаған , мысалы телефон түріндегі немесе т. б. белгіні таңдап, сол белгіге шертесіз. Диалогтық терезені жабасыз , панельде телефон белгісі түріндегі макростың батырмасы пайда болады.
3.5. Макрос батырмасын тексеру үшін, өз құжатыңызда текст жазып курсорды жолдың басына апарыңыз да макрос батырмасына шертіңіз жол жойылады.