Тақырыбы: Зар заман ақындарының философиясы Орындаған: Айтен С. М


“Халыққа емес сыйымды, Парақор баспақ биіңді



бет2/3
Дата09.10.2023
өлшемі0,77 Mb.
#184225
түріҚұрамы
1   2   3

“Халыққа емес сыйымды,

Парақор баспақ биіңді,

Ел бүлдіргіш бегіңді,

Улы тілмен улаттым”, — деген өлең жолдары көрсетіп тұр

«Сауыр жерден айрылып,

«Сауыр жерден айрылып,

Қазақ елі жұқарды.

Сауыр емес, шап болды...

Заманға сай адамы -

Қу заманға сұм басшы

Сорымызға тап болды...»

-деп патша үкіметінің отарлау саясатын,билік басшыларының әділетсіздігін айтады.

«Жыршының аты жыршы ма,

Әркімнен өлең жаттаса.

Сөз - жібек жіп, жыр - кесте,

Айшығы айқын көрінбес,

Өрнексіз қылып баттаса...»- деп ақындықтың өзіндік ерекшеліктерін сынға алады.

Ақынның философиялық толғауларының бірі «Зар заман» деп аталады.

  • Ақынның философиялық толғауларының бірі «Зар заман» деп аталады.
  • Шортанбай ақын үлкен адамгершілік мәселесін де жоғары бағалап, оның осындай қиын жағдайларға түскеніне қорғаныстан өзіміздің тұрмыс салтымыздағы төл ерекшеліктерімізді сақтап қалуға, оны бұзбауға әрекет жасайды.
  • Шортанбай ақын қоғамдық санада болып жатқан өзгерістерді, қазақ даласына енген жаңалықтарды қазақ қауымының жаңа тұрмыс - салтына ұмтылуын өз көзімен көрді, олардың куәсі болды. Ол өмірдің осы жағын жырлай отырып, қазақ халқының болашақ мақсат мүддесін қорғады.

Мынау ақыр заманда,

Мынау ақыр заманда,

Алуан-алуан жан шықты.

Арам, араз хан шықты,

Қайырымы жоқ бай шықты.

Сауып ішер сүті жоқ,

Мініп көрер күші жоқ,

Ақша деген мал шықты.

Кедей қайтіп күн көрер? -

Сол себепті қорқамын! - деп, заманның түнеріп келе жатқан қара бұлтын ашық көрсетеді.

Ш.Қанайұлы қазақтың бойындағы адами қасиеттердің айни бастағанын, ұлттық тұрпаты мен елдік сипатының бұзылғанын былай деп көрсетеді:

Заман ақыр кезінде -

Ұл сыйламас атасын.

Қыз сыйламас енесін,

Ер жеттім деп егесіп,

Салыстырар денесін, - деп, қазақтың қанында жоқ жат қылықтардың өріс алып келе жатқанын ашына жырлап, ескертеді, кимелеп келе жатқан кесапаттың кері кеткен кейпіне ашынады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет