Тақырыбы: Зар заман ақындарының шығармаларындағы әлеуметтік және рухани-адамгершілік құндылықтардың дәріптелуі. Орындаған: Тілеуберді Назерке Қабылдаған: Алтынбекова з 2021 жылы Жоспары



бет4/7
Дата10.05.2023
өлшемі27,94 Kb.
#176357
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Рухани

Шығармашылығы


  • Шығармашылығы

  • Дулат Бабатайұлы

  • Ақын «Тегімді менің сұрасаң», «Ал, қарағай сұлу сындарлы», «О, Сарыарқа, Сарыарқа», «Асқар таудың сәні жоқ» атты өлеңдерінде ел басқару ісіндегі озбырлық, әділетсіздікті, патшаның отаршылдық саясатының әсерінен жер-қонысынан айрылған ел жағдайын сөз етсе, «Сүлейменге», «Кеңесбайға», «Бараққа», «Ел аралаған ишанға», «Еспембет» өлеңдерін жеке кісілерге арнайды. Ақын 19 ғасырдың 40-50 жылдарында өндіре жазған. Бұл - Ресей патшалығының қазақ жерін отарлау саясатының барлық салада бел алған кезі. Дулат осыны жыр өзегі етсе, кертартпа феодалдық-хандық дәуірді жоқтағаны емес, тәуелсіздікті, еркіндікті аңсағаны еді.

  • Дулат өлеңдерінің ерекшілігі

  • Дулат - жыраулық мектептен шығып, ақындық мектепті күшейткен суреткер. Бұл - жыраулықтың төмендігінен, әлсіздігінен емес, заман талабынан туған бетбұрыс. 19 ғасырдағы қазақ поэзиясы үшін енді өлең арқылы ақыл-насихат дидактикалық сипат пен заман, қоғам, адам туралы жалпы философиялық толғаныстар аздық етеді. Еңдігі жердегі поэзиядан нақтылыққа көшіп, заманға ілесіп отыру, жалпы насихаттан гөрі сынау, күйіну, сүйіну сияқты нақты суреттерге бару талап етіледі. Дулатты кейде, тіпті, жырау деп атағанымен және сырт қарағанда өлең-жырлары 7-8 буынды жыр өлшемімен келгенімен, ол жырау емес, ақын. Өйткені, құрылымдық және тақырыптық бітімі жағынан Дулаттың өлеңдері бұрынғы жырауларды былай қойғанда, тіпті кешегі Бұхар толғауларынан, одан қалды езімен тұстас ақындардың туындыларынан мүлде өзгеше құрылған дүниелер.

Шортанбай Қанайұлы (1818, қазіргі Жамбыл облысы Қаратау өңірі – 1881, қазіргі Қарағанды облысы Шет ауданы) – ақын, діни қайраткер. Ол Түркістан жерінде Қаратауды жайлаған шаруа Қанайдың отбасында дүниеге келген. Жас шағынан мұсылманша оқып замандастары қатарлы білім алмаған. Бұрыннан қазақ халқының қасиетті астанасы есепті Түркістан қаласы, оның сол тұстағы шар тарапқа жайылған даңқы жас талапқа әсерсіз болмаған.

1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет