Тақырыбы: “Зейін және қиял” Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Тарих және дінтану кафедрасы
Тарих факультеті
Орындаған:Қалдеш Аружан; Кенжалина Наргиза
Тексерген:Капина Эльмира Асетоллақызы
• Зейін-адамның психикалық әрекетінің белгілі бір нәрсеге бағытталып шоғырлануы. Адам өмірінде зейіннің алатын орны зор. Әсіресе, таным процесінде, білім алу ісінде маңызы ерекше.
• Қиял- сыртқы дүние заттарымен құбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып,өңдеп, бейнелеуде көрінетін,тек адамға тән психикалық процесс.
Зейін түрлері
Ырықсыз зейін физиологиялық тұрғыдан барлау (ориентировочный) рефлексінің жемісі болып табылады. Зейіннің бұл түрі жануарлар мен адамдардың сыртқы ортамен байланысында үлкен рөл атқарады. Адамның ырықты зейіні әрекетті
саналы түрде белгілі ерік күшін жұмсау арқылы орындалуынан көрінеді. Ырықты зейінде белгілі бір мақсат көздеп, объектіге ерекше зер алып отыру көзделеді Үйреншікті адамға табиғи сіңісіп кеткен, арнайы күш жұмсамай-ақ орындалатын зейін.Бала оқуға төселсе, бұл оның тұрақты әдетіне айналса, оның зейіні де үйреншікті бола бастайды. • Белсенді немесе ерікті зейін адамның саналы қызметімен тығыз байланысты, психикалық ауру кезінде тез бұзылады.
• Белсенсіз зейін шартсыз бағдарлық рефлекске негізделген, дерт әсеріне тұрақты болады.
• Зейіннің жиі бұзылыстарына оның қажуы,алаңдаушылығы,қадалуы кіреді.
• Зейін қажуы астениялық жағдайға тән. Науқас әңгімелесу не ақылмен жұмыс барысында тез шаршайды, әңгіме арқауы үзіледі, жауап қайтару сапасы мен ақыл қызметі төмендейді.
• Зейін алаңдаушылығыманиакальді ауруларға тән. Науқас зейіні үздіксіз бірінен екіншісіне ауысып отырады, аздаған детальдарға фиксацияланады, бірақ зейіннің бір объектіге шоғырлануы, бір орында отыруы мүмкін емес.
•Зейін қадалуыдепрессивті ауруларға тән. Науқас ауыр қайғылы ойлардан арылуға дәрменсіз, барлық уақытта ойында бір ой қайталанады, осы күйден шыға алмайтындай болады.
Қиял ерекшеліктеріне қарай
Ырықсыз қиял Адамның алдынан мақсат қоймай-ақ басындағы елестердің ағытылып, бірінен соң бірі өтіп жататын кезінде туады.
Ырықты қиял адамның алдына саналы түрде мақсат қоя отырып, әдейі образдар жасау мен қажетті бейнелер тудыруы.
Қиял бейнелерінің жасалу жолдары
• Қиялдағы елестерді топтастырудың қарапайым түрі агглютинация деп аталады.Осы әдіс арқылы мифологиялық бейнелер мен түрлі механизмдердің, машиналардың конструкциялары құрастырылады.Агглютинация әдіс ежелгі Мысыр елінде, сондай-ақ Солтүстік Америка индеецтерінің өнер көрсеткіштерінен үлкен орын алған.
Назарларыңызға рахмет!