Тақырыбы:№1 МӨЖ. «Мектепті функционалдық басқару шарттары. Білім беру жүйесін басқару» Орындаған: Кеңесбай А


Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы



бет2/6
Дата13.02.2023
өлшемі262 Kb.
#168569
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Мөж 2 Кеңесбай A білім беруді басқару

2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы
Еліміз егемендік алғаннан кейін білім негіздерін демократиялық, интеграциялық принциптерге орайлас әр баланың жеке-дара ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, оқытып, тәрбиелеу талап етілді. Осы жайттар ұлт мектептерінің жаңа бағдарламаларынан елеулі орын алды. Арнаулы білім салаларына икемі бар балаларға арналған лицей, гимназия, колледж, медреселер сияқты мектептің жаңа түрлері ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы Заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді. Осы Заң және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес мемлекеттік саясат принциптері айқындалады.
Қазіргі өскелең өмір талаптарына сай жастарға білім және тәрбие беру, оларды жан-жақты дамыту — қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Білім беру - бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудық үздіксіз процесі.
Қазақстан Республикасында жастарға білім беру процесі халқымыздық ұлттық салт-дәстүріне, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады.
Заңда көрсетілген білім беру жүйесінің негізгі міндеттері:
• жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау;
• азаматтықты, үйелменнің, халықтың, қоғамның және мемлекеттің алдындағы жеке адамның қүқылары мен міндеттерін ұғынуды, сондай-ақ республиканың мәдени, қоғамдық, экономикалық және саяси өміріне қатысу қажеттігін тәрбиелеу;
• Республика тұрғындарына жалпы және кәсіптік білім алу үшін мүмкіндіктер жасау;
• жеке адамның шығармашылық қабілеттерін және эстетикалық тәрбиесін дамыту;
• қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр-салтын оқып-үйрену үшін жағдайлар жасау.
Халыққа білім беру ісін дамытуда педагогикалық факторлық та әсері бар. Мысалы, мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесін ерте бастан қолға алып, оларды тиісті дайындқпен мектепте оқуға дайындау қажет. Ол үшін балалар бақшасында және үйелменде тәрбие жұмысының процесіне нақты педагогикалық басшылық жасап, оның барынша сапасын және нәтижесін арттыру тәрбиешілерден, ата-аналардан, мектепке дейінгі мекемелер меңгерушілерінен үлкен педагогикалық шеберлікті талап етеді. Халыққа білім беру жүйесінің міндеттерін жүзеге асыру білім берудің мемлекеттік саясат принциптеріне тәуелді.
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы бойынша мына мемлекеттік принциптер басшылыққа алынады:
1)Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының білім алу құқықтарының теңдігі:
2) Әрбір азаматтың интеллектуалдық дамуы, психикалық фиииологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі тұрғындарының білімге қол жеткізуі;
3) білім берудің зайырлы сипаты;
4) жеке адамның білімділігін ынталандыру және дарындылығын дамыту;
5) білім беру сатыларының сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі; оқу мен тәрбиенің бірлігі;
6) білім беру ұйымдарының меншік нысандары бойынша, оқу мен тәрбиенің нысандары, білім беру бағыттары бойынша алуан түрлі болуы;
7) білім беруді басқарудық демократиялық сипаты және білім беру ұйымдарының академиялық бостандықтары мен өкілеттілігін кеңейту;
8) білім берудің ізгілікті және дамытушы сипаты;
9) білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциялануы;
10) оқушыларды кәсіптік бағдарлау;
11) білім беру жүйесін ақпараттандыру.
Білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдардық (бірлестіктердің) ұйымдық құғылымдарын құруға және олардың қызметіне жол берілмейді. Білім беру ісін басқару мемлекеттік-қоғамдық сипатта болады. Республикада Білім және ғылым министрлігі оның төменгі атқарушы органдары Қазақстан Үкіметінің білім беру саласындағы мемлекеттік саясатын жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңының 56-бабында «Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарында «1. Қазақстан Республикасында əрбір білім деңгейі бойынша:

  1. білімнің мазмұнына;

  2. білім алушылар мен тəрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең көп көлеміне;

  3. білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын жалпы талаптардың жиынтығын айқындайтын білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары белгіленеді.

2. Тиісті білім беру деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары, меншік нысандарына, үлгілері мен түрлеріне қарамастан, барлық білім беру ұйымдары үшін міндетті» деп айтылған. Дер кезінде білім беру стандарттарын енгізу білім мекемелері типтерінің алуан түрлілігімен сипатталатын білім кеңістігінде бірыңғай міндетті нормаларды (ең аз талаптарды) беру қажеттілігінен туындаған. Стандарттарды нормативтік құжаттар ретінде енгізу, анархия мен жағымды өзгерістердің жағымсызға айналып кетуіне жол берместен, мектепті демократияландыру үдерістерін реттеуге, білім қызметтері тұтынушыларының барлық құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Білім беру мүмкіндіктерін жүзеге асырудың кепілі бола тұрып, білім беру стандарты оқу материалдарының құрамы мен мөлшерін, əсіресе, оқыту əдістері мен түрлерін қатаң шектемейді.
Білім беру кеңістігінде стандарт келесі қызметтер атқарады:
– азаматтардың толыққанды білім алуға деген құқықтарын қамтамасыз ету;
– мемлекеттің білім беру кеңістігінің біртұтастығын сақтау.
Стандарт білім беру жүйесі мен оқыту мекемелері типтерінің алуан түрлігінде білім жүйесін тұрақтау механизмі болып табылады;
– білім беруді адамгершілікке баулу;
– білім беру сапасын арттыру;
– межелік-бағалық;
– білім беруді басқару.
Стандарт жəне оған енетін ақпарат білім беру мекемелері қызметтерінің барлық жақтарын жəне онымен басқаруды регламенттейді. Осылайша, мысалы, оқыту пəндері жүйесінде, оларды зерттеу реттілігінде айқындалған білім беру мазмұны педагогтардың кəсіби биліктеріне деген талаптарды, əдістемелік жұмыстардың бағыты мен мəндерін, оқыту жүктемелерінің параметрлерін анықтайды. Сонымен, білім беру мекемесінің осы салаларын басқару, ең бірінші кезекте, МемСТ-ге сəйкес жүзеге асырылады. Оқушылар мен тəрбиеленушілердің оқу жүктемелерінің ең көп мөлшердегі сипаттамалары оқу үдерісінің ұйымдастырылуын, бүкіл мектеп жұмысының, оқушылардың, педагогтар мен жетекшілердің жұмыс істеу кестесін қалыптастырады. Стандартта білім беру сапасының межелері белгіленгендіктен, осы негізде білім беру сапасын бақылау басталады. Ол білім мекемелерінің аттестатталуы мен аккредиттелуін, мектепалды білім беру мекемелері тəрбиешілерінің, орта жалпы білім беру мектептері мұғалімдерінің, орта жəне жоғары кəсіби мектептер оқытушыларының педагогикалық қызметтерін бағалауды қамтиды. Оқушыларды дайындау деңгейлеріне қойылатын талаптарына байланысты МемСТ (мемлекеттік стандарттар) ақиқат өлшемдер жүйесі білім беру мекемесіндегі істердің шынайы жағдайлары жайлы ақпарат алуға мүмкіндік жасайды жəне осының негізінде барлық деңгейлерде дəлелденген басқарушылық шешімдер қабылданады. Демек мемлекеттік білім стандарттары білім беру сапасын басқару жүйесін əзірлеуге қажетті база құрайды. МемСТ мəліметтері мектепалды деңгейден бастап жоғары оқу орнынан кейінге дейін, яғни білім берудің барлық деңгейі үшін əзірленген.
Білім беру стандарттары пайда болғанға дейін, білім беруде нормалаушы рөлін атқарған МемСТ өздерінің басқару қызметтерінде оқулықтар жəне оқу жоспарларынан несімен ерекшеленеді? Егер оқулықтар мен оқу жоспарлары білім беру қызметінің бағдарлар жүйесі ретінде тек оқыту барысында беріліп, игерілетін оқу материалының құрылымы мен мөлшерін айқындайтын болса, ал білім стандарттары, Э. Д. Днепровтың пікірі бойынша, білім мазмұнын жобалау жəне нормалау тəсілдерінің дамуында жаңа сапалы кезеңді құрайды. Стандаттардың жаңа рөлі, бірінші кезекте, олардың ішінде нормалау нысанының өзі өзгергенімен, білім мазмұнының өзіне ғана емес, сонымен қатар білім нəтижелеріне де талаптар қойылғанымен байланысты болып келеді. «Осыған байланысты, кем дегенде, төрт түбегейлі идеялық жəне технологиялық новациялар енгізіледі:

  1. Стандарттар нені оқытпау керек, балаға нені білу керектігіне назар аударады, яғни оқытудың (сабақ берудің) мазмұны білімді өзі меңгерген мазмұнына айналады.

  2. Баланың өз меңгеруі тек оның дербес оқуы барысында ғана мүмкін болатындықтан, стандарт білімге деген талаптардың өзін қызметтік бағдарда құрастырады, яғни білім беруге тұлғалық-қызметтік сипат береді.

  3. Оқыту барысында қол жеткізетін нəтижелерге назар аудара отырып, стандарт мектепке, мұғалімге, оқушыға оларға жету жолында өз жолын, құралы мен тəсілдерін таңдауға мүмкіндік қалдырады. Бұл одан да гөрі маңызды, өйткені ЮНЕСКО-ның ХХІ ғасырдағы білім жөніндегі халықаралық комиссиясының Баяндамасында «адамның өзіндік таңдауына, тұрақты таңдау негізінде əрекет етуге дайын болуына жəне қабілетіне, таңдау жағдайынан күйзеліссіз шығу дағдысын қалыптастыруға жағдай жасау» адамзат өркениетінің замануи даму кезеңінде білім берудің ең басты міндеті болуға тиіс, - делінген.

  4. Ақырында, білім нəтижелерін шынайы өлшейтін жүйе енгізеді (біреудің субъективтік шешімінен тəуелсіз), яғни стандарт бала үшін де, мұғалім үшін де жəне мектеп үшін де, əртүрлі инспекторлар мен білім үдерісін бақылаушылардың жөнсіздіктерінен қорғау механизмі ретінде қызмет етеді»

Білім беруде мемлекеттік-қоғамдық басқару идеяларын жүзеге асыру басқарудағы білім беру қызметінің барлық субъектілерінің қатысуын кеңейтуді қарастырады. Бұл идеялар білім берудің əр деңгейлерінің МемСТ мазмұнында да өз көрінісін тапқаны сөзсіз. Бірінші кезекте, бұл білім алушымен білім мазмұнын таңдау мүмкіндігінде, оған жеке білім траекториясын құру құқығын беруде байқалады. ҚР Бейінді оқытуды дамыту тұжырымдамасында Қазақстандағы бейінді оқыту жүйесін дамыту мыналарға бағытталған:
– білім жүйесінің Қазақстан азаматының түбегейлі рөлі ретіндегі базалық құзыреттіліктер түріндегі ұлттық мақсаттарға жету, оқушылардың əлеуметтендіру мүмкіндіктерін кеңейту;
– 11-12 сыныптар оқушыларының оқу мазмұнын дифференциялау үшін, жалпы орта білімнің жеке оқу жоспарларын жобалау мен жүзеге асыру мүмкіндіктері үшін нормативтік, ұйымдастырушылық жəне педагогикалық жағдайлар жасау;
– оқушылардың қабілеттеріне, қызығушылықтарына жəне бейімділіктеріне, танымдық жəне өмірлік қажеттіліктеріне жəне басқаларына сəйкес сапалы білім алуға қол жеткізулерін қамтамасыз ету. Осы мақсаттарға сəйкес МемСТ құрылымында оқу пəндерінің келесі топтары айқындалған: – тиісті деңгейдегі білім мазмұнының өзгермейтін құраушысы білім мазмұнының негізгі құраушысын ұсынады. Негізгі жалпы білімді пəндер барлық оқушылар үшін міндетті болып табылады; – тиісті деңгейдегі білім мазмұнының нұсқалық құраушысы білім мазмұнының мектептік жəне оқушылық құраушыларын ұсынады. Білім мазмұнының нұсқалық бөлігі орта білімнің нақты ұйымының ерекшелігін айқындайды; білім ұйымымен бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім деңгейлері оқу пəндерінің мемлекеттік стандарттарынан тыс қосымша оқу бағдарламаларын əзірлеуге жəне жүзеге асыруға бағытталған. МемСТ құрамына кіретін типтік оқу жоспарларының негізінде нақты оқу мекемесінің (мектепалды білім мекемесінің, орта жалпы білім мектебінің), орта жəне жоғары кəсіби білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім мекемелерінде нақты мамандықтың жұмыс оқу жоспарлары əзірленеді. Сонымен қатар, МемСТ, өз тарапынан, педагогтың оқытатын оқу пəні бойынша жұмыс оқу жоспарын құрастыруға негізгі қызметін атқаратын, пəндер бойынша типтік оқу жоспарларын əзірлеу базасы болып табылады.
Білім сапасы тек бір адамның ғана емес, бүкіл қоғамның да табыстылығының маңызды факторы болатындай қоғамдық өмірдің аясында қалыптасуда. Квалиметрия саласындағы белгілі маман А. И. Субетто: «XXI ғасырдың адам жəне қоғамының жаңа онтологиясында адам қасиеттерінің, қоғам парасатының сапасы жəне қоғамдағы білім беру жүйесі сапасының озық даму заңы тұрақты даму шарты болып табылады» деген. Соңғы жылдардағы білім берудегі реформалар білімнің əртүрлі деңгейлері мен бағыттарын қамтитын инновациялардың тұтас жүйелерін енгізуімен байланысты. «Білім туралы» заңында білім берудің оқу бағдарламаларындағы үздіксіздік пен сабақтастықты көздейтін деңгейлерге келесілер жатқызылған:
1) мектепке дейінгі тəрбие мен оқу;
2) бастауыш білім;
3) негізгі орта білім
4) орта білім (жалпы орта білім, техникалық жəне кəсіби білім);
5) орта білімнен кейінгі білім;
6) жоғары білім;
7) жоғары білімнен кейінгі білім.
Балалардың мектепке дейінгі сапалы білімге қолжетімділігін қамтамасыз ету, мектепке дейінгі білім мен оқу жүйесінің мазмұнын білім берудің бүкіл жүйесімен жаңғыртуына сəйкес келісу қажеттілігі мектепке дейінгі мекемелер желісі сан жағынан ғана емес сапа жағынан да өзгере бастағанын анықтады. Дəстүрлі балабақшалар, балабақшабөбекжайлармен қатар, оның ішінде баланың бастауыш жалпы білім алуына мүмкіндік беретін балабақша-мектептер құрыла бастады.
5 жастан 6 жасқа дейінгі мектепалды топтары мен сыныптар жалпы білім беретін орта мектептерде де ашылуда. Мұнда білім берудің осы деңгейлерінің арасында сабақтастық қағидатын жүзеге асыруға, олардың қызметін үйлестіруге жағдайлар жасалуда. Мектептерде білім алушылардың жеке қабілеттерін, мүдделерін басшылыққа алған білім беру мекемелері даралап-саралап оқытуды көздейтін бейіндік оқытуды енгізді . Осы педагогикалық жүйе жəне білім беру үрдісін ұйымдастыру нышаны да оқушылардың кəсіби бейімделуі үшін жағдайлар құруға, олардың кəсіби білім бағдарламасын игеру дайындығына бағытталған. Осының арқасында білімдік парадигма шектеулігін еңсеру, оқушылардың базалық құзыреттіліктерін қалыптастыру, олармен жеке оқу траекторияларын жобалау жəне жүзеге асыру мүмкіндігін құрастыру, оқушылардың сапалы білімге қолжетімділігін қамтамасыз ету, жалпы орта жəне жоғары кəсіби білім деңгейлерінің сабақтастық мақсаттарына қол жеткізілуі тиіс.
Білім жүйесін жетілдіру үшін білім қызметтерінің тұтынушылармен өзара əрекеттесуінің маңыздылығын жəне санаттық дифференциациясын (оқушылардың, олардың ата-аналарының, жұмыс берушілердің, қоғам мен мемлекеттің) нақты түсіну қажет. Бұл – жоғары оқу орындары үшін маңызды. «Білім жүйесі инновациялық нарықтық экономиканың сұраныстарына барабар ықпал ету қажеттілігінің алдында тұрған жағдайларда, жоғары білім жүйесінің жұмыс берушілермен серіктестігі жөніндегі мəселе ерекше мəнге ие болады. Қазіргі таңда серіктестік қатынастары тиісінше жүйеге рəсімделмеген, тұрақталмаған. Түлек-мамандардың жəрмеңкелеріндегі эпизодтық кездесулер, жоғары оқу орындарының кəсіпорындармен ынтымақтастық туралы шарттары бастамашыл-жеке сипатта көрінеді жəне жалпы реформалар саясатына елеулі ықпал етпейді. Өкінішке орай, жұмыс берушілер жоғары оқу орындарының білімін дамыту міндеттерін шешуден босатылған. Осыдан келіп екі параллельді əлем – білім берудің жоғары оқу орны жүйесі жəне еңбекпен қамту саласы бар сияқты көрінеді. Бұның дұрыс шешімі диалог арқылы мүмкін болатын білім берумен қатар, əлеуметтік проблемаларды тудырады» . Мұғалімдердің біліктілігін арттыруға да үлкен назар аударылуда, оның ұйымдастырылуы сандық өзгерістермен қатар, сапалы да өзгеретін болады. Келешекте мұғалімдерді қайта даярлаудан өткізу уақыты 3 айға дейін артады, оның базасында біліктілікті арттыруды жүргізетін оқу мекемелерінің тізімдері де өзгереді, - бұл жерде педагогтардың біліктілігін арттырудың ұлттық орталығы мен Назарбаев зияткерлік мектептері маңызды рөл атқаруы тиіс. Білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мен қайта даярлау жұмыстарында облыстық институттардың қызметтері біршама өзгереді. Соңғы жылдары білім берудің барлық деңгейлерінде мазмұнды жаңарту бойынша едəуір қадамдар жасалды, бұл жаңа мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарын əзірлеуде жəне енгізуде іске асырылған. Білім стандарттарын енгізу өз уақытында білім кеңестігінде білім беру мекемелерінің, оның ішінде, мемлекеттік жəне мемлекеттік емес (жеке) мекемелер типтерінің сан алуандығымен сипатталатын бірыңғай міндетті нормаларын (ең аз талаптарын) тапсыру қажеттілігіне негізделген болатын. Нормативтік құжаттар ретінде стандарттарды енгізу анархияға жол бермей, қарама-қайшылыққа позитивті ауысуы мектептің демократияландыру үрдістерін реттеуге, білім қызметтерінің барлық тұтынушылары құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Білім жүйесін технологиялық қамтамасыз ету барысында компьютерлік техника, мультимедиа құралдарын қолдану сияқты инновациялық өзгерістер кеңінен өріс алып келеді. Инновациялық білім технологияларын, оның ішінде ақпараттықкоммуникациялық технологияларды пайдалану білім үрдісіне қатысушылар қызметінің сипаты мен мəнін өзгертеді. Соңғы уақытта оның үлесі, əсіресе, жоғары кəсіби білім беруде едəуір артқан, қашықтықтан оқытуда студент пен оқытушының қызметі, оқу барысын ұйымдастыру түбегейлі өзгеруде. Білім беру барысын ұйымдастырудағы жəне білім мазмұнын жетілдірудегі жаңа көзқарастар білім беру сапасын бағалау межелерінде бағалаудың əдістері мен технологияларын жəне т.б. өзгерту қажеттілігіне əкеп соқты.
«Білім алушылар мен тəрбиеленушілердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі» заңның 47-бабында олардың білім беру ұйымын 17 басқаруындағы қатысы; сондай-ақ «кəмілетке толмаған балалардың ата-аналары жəне басқа заңды өкілдерінде» келесі құқықтары бар екендігі көрсетілді:
1) баланың тілегін, жеке бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып білім беру ұйымын таңдауға;
2) ата-аналар комитеті арқылы білім беру ұйымдары мен басқару органдарының жұмысына қатысуға» (49-бап «Ата-аналардың жəне өзге де заңды өкілдердің құқықтары мен міндеттері»).
Педагог қызметкердің мəртебесі оның білім беру ұйымдары мен басқарудың алқалық органдарының жұмысына қатысуға құқығы бар екендігін көздейді (51-бап «Педагог қызметкердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі»). Мектеп пен мемлекеттік-қоғамдық басқару жүйесін құру білім беру ісінің басқару үдерісінің мəнін түсіндіру үшін қамқоршылық кеңестер құру арқылы білім беруді дамытуда белсенді қоғамдық жұмыс жүргізеді, кеңестердің жұмысына жұмылдырылатын адамдар кең жұртшылықтың өкілдері болады. Білім беру сапасының жаңа түсінігі бүкіл əлеммен қатар, Қазақстан Республикасының да білім беруінің заманауи жүйесінде жүріп жатқан едəуір өзгертулер білім беру мекемелеріне сəйкес келуге тиіс уақыттың «жаңа шақыруларын», білім беру субъектілерінің қызметін, білім беру үдерісінің нəтижелерін негіздейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет