4. Басқару еңбегінің этикасы жəне мекемедегі ұйымдық мəдениет
Басшының мəдениеті өзіне олар атқаратын күрделі жəне алуан түрлі қызметтер жиынтығын бейнелейтін əртүрлі сипаттамалардың бүтін бір спектрін енгізеді.Этика (грек тілінен – ēthiká, ēthosдегеннен – əдет-ғұрып, мінез) – мораль, адамгершілікті зерттейтін философиялық пəн екені белгілі.
Бірақ басшының этикасы туралы айтқанда, ол философияның осы теориялық сала мəселесін зерттейді деген сөз емес. Бұл жерде, əрине, басқарушылық қызметте т.б. жүзеге асырылатын қағидалардың жүйесі, басшының адамгершілік тəртіп ережелері мен нормалары, қабылданған басқарушылық шешімдердің адамгершілік негіздері туралы сөз болып отыр. Басшының этикасы кəсіби (қызметтік) этиканың əртүрлілігін көрсетеді. Басшының этикасы, жалпы адами адамгершілік талаптармен негізгі басқарушылық қағидаттарды (аса кəсіптік) біріктірудің қажеттілігінен тұрады. Бұл, сондай-ақ, басқарушының адамдар, тұлға жəне топпен ұжымның, ұжымдар арасындағы өзара қарым-қатынастың мəнісін жəне негізгі нормаларын білуді көздейді.
Қызметтік этика, басқарушылық қызметтерді іске асыру үдерісіндегі адамдардың өзара қарым-қатынастарына тікелей қатысы бар тəртіп нормаларына көңіл бөледі. Осылайша, қызметтік этика басшыға оған қол астындағы адамдармен қатынаста əділ, талапшыл, сонымен қатар, шыдамды, əдепті, ұжымда қолайлы моральдықпсихологиялық ахуал құру жөнінде қамқорлық көрсетуді ұсынады. Сонымен, кəсіби этиканың нормаларына қатынастың жоғары мəдениеттілігіне сəйкес келетін белгілер жатады. Бұл басшының құзыреттілігімен қатар, өзінің мамандығында оның беделін қалыптастырады жəне қолдап отырады.
Зерттеу жұмыстары көрсеткендей, басшы уақытының көп бөлігі орындаушымен, сондай-ақ жоғарғы жəне төменгі жақта отырған басшылармен қатынасқа кетеді. Əдетте, əдебиеттерде бұл нормаларға:
– басшының қол астындағы адамдарымен, жұмыс бабындағы əріптестерімен қатынасының демократиялығы;
– оның қолжетімділігі, ұқыптылығы;
– жолдастық сенім атмосферасын жасай білуі;
– өз сөзіне қатысты нақтылығы мен жауапкершілігі жатады.
Жинақылық, ұқыптылық жəне нақтылық сияқты сыртқы сипаттамалар да белгілі мəнге ие. Басшының сыртқы тəртіп жоспары мен ішкі адамгершілік мақсаты сай келгенде, біршама басқарушылық нəтижеге жетуге болады. Басшының қолжетімділігі, қол астындағы адамдармен жиі байланысуға тырысуы оның беделіне оң əсерін тигізеді, оған деген сенімділік деңгейін көтереді. Сонымен бірге, басшының үйірлігі – баға мен тиімділік көп жағдайларға байланысты болатын, біршама күрделі жəне бір мағыналы емес құбылыс. Ұйымшыл, табысты дамушы ұжымдағы тіпті төмен қатынастық, оның басшысына еңсерілмейтін теріс фактор болып табылмайтыны сөзсіз. Қызметкерлердің өзара əрекет ету дəрежесі нашар, ұжымдық көңіл-күй əлі қалыптаспаған мекемеде басшы қызметкерлермен белсенді байланыста болуы, тұрақты ұйымдастырушылық күш, жоғары қатынастықты көрсетуі, жекеленген адамдарға жəне бүкіл еңбек ұжымына ықпал ете білуі қажет. Егер басшының қызметін адамдармен өзара іс-əрекет саласында деп қарастырсақ, онда қызметкерлер құрамын басқару саласының зерттеушілерімен, үш топқа біріктірілген, менеджер құзыреттілігінің 11 негізгі саласы берілген:
І. Жеке бас тəртіптілігі, оған кіретіндер:
– этикалығы;
– жеке бас құқығын сыйлау, алған уəделеріне жауапкершілік арту, сенімділік, шыншылдық, əділдік;
– адалдық – өз жұмысының нəтижесіне жоғары талаптар қою;
– парасаттылық – ақылға қонымды, шындыққа негізделген шешімдерді қабылдай білу қабілеттілігі;
ІІ. Мақсаткерлік жəне өнімділік, оған кіретіндер:
– нəтижелілік – соңғы нəтижені бағдарлай білу;
– талапшылдық – қалыптасқан жағдайларға таңылған шектеулерді жеңу қабілеттілігі;
– ұйымға берілгендігі жəне іскерлік бағдар – ұйымның нормаларымен жүру дайындығы, жұмысқа берілгендігі жəне өз жұмысының сапасына деген жауапкершілігі;
– өзіне деген сенімділік – қарапайым емес міндеттерді шеше білуі жəне оған дайындығы;
ІІІ. Командамен жұмыс істей білу дағдысы, болжанғандар:
– командалық бағдар – бірлескен істің қажеттілігін түсіну жəне басқалармен бірлесе əрекет етіп жұмыс істей білу;
– байланыстылық – серіктестермен іскерлік жəне шығармашылық қатынас орната білу;
– байланысқа бейімділік – ауызша жəне жазбаша сөйлейтін сөздерді, стилистикалық жəне басқа да мазмұнды құралдарды пайдалана білу, серіктестерге ықпал ете білу жəне өзара түсіністікке жету;
– тыңдай білу – ауызша байланыстан шыққан ақпараттарды қабылдау, меңгеру жəне пайдалану қабілеттілігі. Қызметкерлер жөніндегі менеджердің табысты жұмысы үшін құзыреттіліктердің осы басты салаларының маңыздылығына сараптамалық баға оларды келесі ретте (маңыздылық деңгейі төмендеуіне қарай) қоюға мүмкіндік берді:
1. Этикаға сəйкестік.
2. Жайдарлылық.
3. Тыңдай білу.
4. Байланыстылық.
5. Командалық бағдар.
6. Адалдық.
7. Парасаттылық.
8. Нəтижелілік.
9. Қайсарлық.
10. Өзіне деген сенушілік.
11. Ұйымға деген берілгендік жəне іскер бағдарлық. Осы тізімнен байқалғандай, басшы меңгеретін дəл осы этикалық нормаларға сарапшылар ең жоғары баға берді. Дегенмен байланысқа бейімділік, тыңдай білу, командалық бағдар, адалдық, ұйымға берілгендік жəне іскерлік бағдарлық тағы басқалар да басшының адамгершілігін айқын білдіретін қасиеттері болып табылады. Д. Коул ұйымдық мəдениеттің бюрократтық, органикалық, кəсіпкерлік, партисипаттық сияқты түрлерін бөліп көрсеткен. Бюрократтық корпоративтік мəдениет келесі стереотиптерге негізделген:
– жұмыскерлер – жалқау болып туғандар, енжар жəне қатал алдауды жəне ұйым тарапынан бақылауды қажет етеді;
– жұмыскерлер үшін қозғау салуға басым түрткі экономикалық қызығушылық болып табылады, сондықтан олардың жақсы жалақы табуына мүмкіндік жасауға басты көңіл бөлу керек;
– жұмыскерлердің тілегін бақылау жəне олардың күтпеген əрекеттерінің мүмкін салдарларын барынша бейтараптандыратындай етіп ұйымдастырушылық құрылым жобалануы тиіс;
– басшылық жұмысқа өзіне-өзі бақылау жасауға қабілетті, мақсаткер жəне адалдықты сүйетін, жоғары уəжді біраз жұмыскерлер көтерілуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |