Қорытынды
Қазіргі өскелең өмір талаптарына сай жастарға білім және тәрбие беру, оларды жан-жақты дамыту — қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Білім беру - бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудық үздіксіз процесі.
Қазақстан Республикасында жастарға білім беру процесі халқымыздық ұлттық салт-дәстүріне, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады.
Заңда көрсетілген білім беру жүйесінің негізгі міндеттері:
• жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау;
• азаматтықты, үйелменнің, халықтың, қоғамның және мемлекеттің алдындағы жеке адамның қүқылары мен міндеттерін ұғынуды, сондай-ақ республиканың мәдени, қоғамдық, экономикалық және саяси өміріне қатысу қажеттігін тәрбиелеу;
• Республика тұрғындарына жалпы және кәсіптік білім алу үшін мүмкіндіктер жасау;
• жеке адамның шығармашылық қабілеттерін және эстетикалық тәрбиесін дамыту;
• қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр-салтын оқып-үйрену үшін жағдайлар жасау.
Халыққа білім беру ісін дамытуда педагогикалық фактордық да әсері бар. Мысалы, мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесін ерте бастан қолға алып, оларды тиісті дайындқпен мектепте оқуға дайындау қажет. Ол үшін балалар бақшасында және үйелменде тәрбие жұмысының процесіне нақты педагогикалық басшылық жасап, оның барынша сапасын және нәтижесін арттыру тәрбиешілерден, ата-аналардан, мектепке дейінгі мекемелер меңгерушілерінен үлкен педагогикалық шеберлікті талап етеді.
Қазақстан Республикасының 1999 жылы қабылданған "Білім туралы" Зақында тұңғыш рет гимназия мен лицейге түсінік беріліп,оның мәртебесі, құқықтық негізі айқындалды.
Гимназия - негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын, оқушыларды олардың бейімділігі мен қабілетіне сәйкес тереңдетіп, салаға бөліп, саралап оқытуды көздейтін, жалпы орта білім беретін оқу орны.
Лицей - негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын, жоғары сатыдағы оқушыларды кәсіби бағдарлап оқытуды жүзеге асыратын жалпы орта білім беретін оқу орны.
Лицейлердің ең басты ерекшелігі - ақыл-ой (интеллектуалдық) қабілеттері жоғары жастарды топтап оқытып, оларды жоғары оқу орындарына даярлайтын бірыңғай элитарлық мектеп болуында. Лицейге жастарды қабылдау ең алдымен олардың табиғи мүмкіндіктерін, интеллектуалдық ерекшеліктерін айқындау негізінде жүргізіледі, кейін де бала дамуын қадағалай отырып, бірнеше іріктеу сатыларынан өткізеді. Ал оны аяқтаған жастар жоғары оқу орнында білім алу құқығына ие болады. Бұл оқу орындарының басты принципі баланы дәл болашақ мамандығына сәйкес қабілетіне қарай іріктеу және сол мамандықты жоғары деңгейде меңгеруіне көмектесетіндей бірнеше жыл бойы арнайы дайындықтан өткізу болып табылады."Мирас" халықаралық мектебінің білім беру қызметінде Қазақстан Республикасының орта білім беру саласындағы ұлттық стандарт пен халықаралық бакалавриат бағдарламасының талаптары орынды үйлесім тапқан. Көптеген пәндер ағылшын тілінде оқытылады.
"Арман" оқыту-тәрбиелеу кешені 1997 жылы ашылды. Оның оқыту-тәрбиелеу тұжырымы негізінде "Оқу дегеніміз - әлемді ашу" тезисі жатыр. Педагогикалық кешеннің мақсаты: өзіндік жіне шығармашылық жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, өзін-өзі іске асыра алатын тұлғаны тәрбиелеу. "Болашақ" арнаулы орта мектебінде оқушылар екінші шетел тілі ретінде 3-сыныптан бастап (ағылшыннан басқа) қытай және араб тілдерін оқиды. "Болашақ" - оқыту қазақ тілінде жүргізілетін жеке меншік мектептердің бірі. Оқытудық негізгі бағыттары - информатика және экономика. Сонымен бірге мектеп оқушыларға барлық пәндер бойынша жоғары деңгейлі жалпы білім беруге бағытталған. Оқу үрдісінде электронды оқулықтар қолданылады. "Болашақ" мектебінің түлектері орта білімі туралы аттестатпен бірге экономикалық білім алғаны туралы сертификат алады.
"Дәулет" мектебінде ұлттық сана-сезімді қалыптастыруға байланысты бірнеше бастамалар бар, олар - " Лингвоелтану" оқулығы бойынша қазақ және ағылшын халықтарының тарихын, мәдениетін, білім беру құндылықтарын, рухани мұраларын зерттеу және олардың ерекшеліктерін мәдениеттанымдық тұрғыдан салыстыру. Оқушылардың ағылшын тілі грамматикасын меңгеруі мен тіл дамытуы компьютерлік бағдарлама бойынша беріліп, тексеріледі.
"Ақ жол" - оқу-әдістемелік орталық. Мақсаты - білім және тәрбие беру үрдісінде балалардың дүниеге өзіндік жеке көзқарасын қалыптастыру, шығармашылық ойлау қабілетін, логикасын, коммуникативтік қасиеттерін дамыту. Қосымша білім беруде театр, хореография, қазіргі би, ырғақты гимнастика, сурет-кескіндеме өнері, бағдарламалау, психология пәндері және дене тәрбиесі қамтылған.
"Келешек" – республикалық физика-математикалық дарынды балаларға арналған мектеп. Негізгі пәндер: физика, математика, информатика, ағылшын және қазақ тілдері. "Стандартты емес олимпиадалық есептерді шешу" және "Бағдарламалау негіздері" арнайы курстары бар.
Орал қаласындағы "Талап" акционерлік қоғамы жанындағы бірінші мектеп-гимназия 1995 жылы құрылды. Гимназия жұмыс істейтін ата-аналарға ыңғайлы, балаларға барлық жағдай жасалған. Әрбір сыныпта 5-8 оқушыдан білім алады. Бастауыш сынып оқушылары үшін ұзартылған күн топтары ұйымдастырылған.
Достарыңызбен бөлісу: |