Тақырыбы:“Қазақстаның дамуы мен көркеюіне менің үлесім”



Дата02.12.2023
өлшемі17,16 Kb.
#194702
Байланысты:
stud.kz-120781


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ


ШОҚАН УАЛИХАНОВ атындағы КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«Инженерлік технология және көлік »кафедрасы
ЭССЕ
Тақырыбы:“Қазақстаның дамуы мен көркеюіне менің үлесім”


Орындаған :Асылбекова.Э.Е
Тппк-81
Тексерген:Шуматова.М.М


Қазақстаның дамуы мен көркеюіне менің үлесім


Әнге толсын барлық қала, ауылдар,
Соғылсын барабандар, дабылдар.
Елбасының мерекесін ардақтау,
Бәріміздің борышымыз, бауырлар.

«Тарихтың өзі алдына бас иетін ұлылар біздің ішімізде соншалықты көп емес, бірақ әр адам оны сәл де болса өзгерте алатындай еңбектенуге қабілетті... Санамызды, дүниетанымымызды, мінезімізді де жаңаша қалыптастыруда Қазақстанның тәуелсіздігі жылдарында қыруар іс атқарылды. Бүгінгі таңда біздің еліміз Қазақстан – еш елден кем түспейтін тәуелсіз, бейбіт, ынтымағы жарасқан ел. Өз елін, өзінің кіндік кескен туған жерін, ана сүтімен дарыған туған тілін сүймейтін адам жоқ. Менің туған елім – Қазақстан. Даласы, таулары биік өр, халқы мейірімді ғажайып өлке. Республиканың өз алдыма дербес мемлекет болып, тәуелсіздігін алғанына биыл 29 жыл толғалы отыр. Осыны ойласам кеудемді үлкен қуаныш сезімі кернейді. Өз еліңде бақытты, тыныш өмір сүргенге не жетсін!


Джордж Кеннедидің: «Елің саған не істеді деме, сен елің үшін не істедің?» деген даналық сөзінде отаншылдық сезімнің ұшқындары айқын суреттеп тұр.
Күнделікті әр адам өзіне ең басты сұрақты қою керек: менің сүйікті елімнің гүлденуі үшін не істеуім керек? Бүгінгі күнге дейін Отаным үшін мен не істей аламын?...
Таза әрі мәдениеті жоғары , мінез-құлқы бір қалыпты қалыптасқан Батыс елдеріне қатты қызығасыз, бірақ біздің де сондай жағдайды басымызға қалыптастыруға кім кедергі бола алады? Қазақ халқы ертеден жайсаң, салмақты, оқымаған ата-бабаларымыздың өзі данышпан халық емес пе еді?.. Айналасына қоқыс тастамай, гүлдер мен ағаштарды отырғызу - әлдеқайда оңай шаруа. Әр адамзат өзінен бастау алуы тиіс - өзін және жақындарын сондай тазалыққа, әдептілікке, табиғатты сүюге үйреткені абзал.
Менің елім көркейе түсу үшін не істеуім керек? Оған жауап беру қиын! Бірақ қайда болмасам да, немен айналыссам да, менің барлық еңбегім мен күшім туған жерімнің гүлденуіне арналады.
Бүгінгі таңда Қазақстанда жұмысқа ,оқуға, өнерге, әртүрлі саладағы жетістікке жетуге барлық жағдайлар жасалған. Біздің мақсатымыз берілген мүмкіндіктерді әрі қарай өркендеуіне үлесімізді қосу керек. Сапалы білім алу, өзіңді өз-өзін ұстау мәдениеті мен қарым-қатынасты біркелкілеу, еліміздің тарихын терең тану. Осының бәрі өркениетті адамды тәрбиелеп , барлық білімді мемлекеттің дәрежесін көтеруге жұмсалуы қажет. Әрбір қазақстандық жеткен жетістіктер немесе қиындықты жеңудің өзі үлкен үлес болып табылады.
Қазір менің қолымнан керемет ғимарат салу келмесе де, өз іс-әрекетіме жауап беріп , басқаларға үлгі бола аламын. Өз жағымнан айналам мен жақындарымды тазалыққа, жарқын өмірге, ізгілікке шақыра аламын. Оның барлығы оңай, бірақ өте маңызды. Еліміздің әрбір азаматы осы заңдылықты сақтаса, сонда ғана көркейген мемлекетті қалыптастыру қолымыздан келетін болады.
Менің жадыраған, тәп-тәтті балалық шағым осынау кең, ұлан-байтақ қазақ жерінде, Қазақстандай тәуелсіз мемлекетте өтіп жатқанына шексіз қуаныштымын. Әрине, ең бірінші Аллаға сансыз шүкіршілік етемін. Қазақстан дегенде көз алдыма шалқыған жайлау, түтіні бұрқыраған ауыл, жазық дала елестеп, бақтағы бұлбұл құстың үні мен айдын көлдегі аққу құстың қиқулаған даусы құлағыма келеді.
Құс ұясыз болмайтындай, адам Отансыз болмайды. Мынадай шеті жоқ, шегі жоқ ғаламшарда біреудің болмасын, басқа біреудің бар арманы ғажап өмір, еркіндік болуы мүмкін. Біздің ата-бабаларымыз да, сол арманның жетегінде талай қан төгіп, жанын жалын өртеп, асқан жауыздықпен өмірден өтіп кете барды. Олардың да түпкі мақсаты, айқын арманы-еркіндік, тәуелсіздік болатын. Солардың арқасында қазіргі ұрпақ еш қиналмай, еш таршылықсыз, бақыт құшағында өмір сүруде. Бұның барлығы әрине ерен еңбектің арқасында. Қазіргі XXI-ші ғасырды, бүкіл әлемді бір-бірімен электронды құрылымдар арқылы байланыстыратын, бар қажеттілігі шектеусіз дамыған, өркендеп келе жатқан, орасан зор мүмкіндігі бар жарқын ғасыр деп білеміз. Еліміздің қарқынды өркендеп келе жатқанын әлемдік деңгейде орын алатын туындыларымызбен көрсете аламыз. Мемлекетіміздің дамуына қазіргі күнге дейін үлкен аға-әпкелеріміз үлес қосып келсе, алдағы болашақта меніңде іс-әрекетім көп болатынына сенемін. Қазірдің өзінде, кейде терең ойға шомып кетемін. Сондағы ойым «Мен өз елімнің өркендеуі үшін не істер едім?»-деген сұрақ жауап іздеу болады. Кейде қызықты ойлармен жауап тапсам, кейде өз біліміме көп назар салуға ой тастаймын. . Биік шыңдарды бағындыруға деген құлшынысым артып келеді. Болашақта өз арманымдағы ойларды шындыққа айналдырамын деген үмітім бар. Өз мамандығымның нағыз иесі атанып, елімнің көркейіп, өркендеуіне үлес қоса аламын деп ойлаймын. Менің ойымша барлығы келіп, соңында жақсы үмітпен таңдалған мамандыққа байланысты секілді. Себебі мамандық жақсы таңдалып, тамаша нәтижелер берсе, ал сен оны ынты-шынтыңмен атқара білсең, ісің өрге жүзіп, қызметің ерен болар еді. Әсіресе, ең бастысы елің, жерің, мемлекетің өркендер еді. Мысалыға, менің мамандығым инженер-технолог болашақта мен улкен элеваторларда,зертханада жұмыс жасаймын. Өзіме бұл мамандық ұнайды,себебі технологтар дәннің сапасын зерттейді. Бидай сияқты дақылдардың ылғалдылығын тексеріп,оны кептіреді. Бидайдың сапасы негұрлым жоғары болса ұнның, да сапасы жоғары болып келеді. Нәтижесінде сапалы нан өндіріледі. Халқымыз үшін ең маңызды тамағдарының бірі. Болашақта тағы да оқу орынына түсіп оқығым келеді. Өз білімімді жоғартып, кейін онымен болашақ ұрпақпен бөлісу.Тағы да бір арманым бар ең бірінші жалақы(айлығыма) балалар уйіне сыйлықтар алып бару.Бұл ой маған мектеп кезінде келген.Сондықтан мен үшін мотивация өз-өзімді жан -жақты дамытып өз мамандығымда бірінші болуға.Қандай да болмасын менен шағын көмек болады. Балалар да куанып калады,себебі ата анасының махаббатын кормеген ,”мама” деген сөздерді айта алмай,анасының махаббатын көрмейді..
Болашақта еліміздің көркеюне қолымнан келгенің барлығын істеймін. Осы көшпен кеткен келешек жарқын болатынына шын жүректен сенемін.
Мейірімді Отанымыздың мейірім-шапағатын сіңіріп, шуағына бөленіп, тәуелсіздік туының саясында еңбек етіп, болашақтың бесігін сеніммен тербетейік!
Еліміздің болашағы мен өркениетті болуы біздің қолымызда

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет