Негізгі бөлім
|
- Жемістер мен көкөністер қай мезгілде піседі?
- Күз мезгілі екенін қайдан білдіңдер?
- Күз мезгілі бізге қандай сыйымен келді?
- Балалар ойын ойнағыларың келе ме?
«Жұмбақ» ойыны
1.Көк ала лағым семірді.
Көгалда жатып семірді.
2.Жаздай іңге түлкіні,
Жатқан қызыл түлкіні,
Құйрығын суырып,
Әкелді әжем бір күні.
3.Әрі қызыл,әрі тәтті
Татқан жанды таңырқатты
Дұрыс айтасыңдар балалар. Ендеше бау - бақшаға саяхатқа барайық
Балалар осы жемістер мен көкөністер пісіп жетілу үшін кімдердің еңбегі қажет?
Өте дұрыс! Қәне қарап атайықшы
Қандай Жемістер көріп тұрмыз?
Оларды талдан қалай аламыз?
Қандай көкөністер бар екен?
Көкөністерді қалай аламыз?
Балалар күн болса суытты, ал жемістер мен көкөністер әлі терілмеген, не істесек екен?
Топқа бөлу.
- Көкөністер
- Жемістер
Бау - бақшадан теру
Өрік, алма, шие, алша.
Жидек, жүзім піседі.
Қауын, қарбыз, қияр, сәбіз,
Дүкендерге түседі.
Мен шиемін, шиемін,
Күннің көзін сүйемін.
Қышқыл шырын менде бар,
Төмен басты иемін.
Жапырақта тасалап,
Өскен жері бақша – бақ.
Күрең қызыл шіркін –ай,
Оның аты- құлпынай.
Жүгері жүгері сен келдің,
Өзіңмен бақыт әкелдің.
Сені көрген адамдар,
Бас салып жей береді.
Сергіту сәті:
Қане қанат жазайық
Қарлығаш боп ұшайық
Ұшып ,ұшып алайық
Орнымызға қонайық.
Көкөністердің пішінін мүсіндеу арқылы қолдың ұсақ моторикасын дамыту
|