Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет100/565
Дата07.02.2022
өлшемі7,82 Mb.
#90763
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   565
Байланысты:
2

 

Кіріспе
. Қазақ әдеби тiлiнiң бүгiнгi кемелденген кезеңінде тiлдiң атқаратын қызметi орасан зор, 
себебi тiл неғұрлым кемелденген сайын, тiл мәдениетi, сол тiлдiң иесі халық менталитетi де соғұрлым 
жоғары болмақ. Тiл халықтың қоғамдық, әлеуметтiк өмiрiмен тығыз байланыста дамиды, кемелденедi. 
Бұл заңды өзгерiстер тiлдiң барлық деңгейінде болады. Ал бұл әдеби тiлдiң мәдениетiн, байлығын, 
көркемдiлiгiн, бейнелiлiгiн арттыратын лексикалық бірліктер – 
мақал-мәтелдерге
(ММ) және 
қанатты 
сөздерге
де байланысты. Тiлдiң лексикалық құрамының бөлiнбес бiр саласы саналатын ММ-дер – ұлт 
тiлiнiң ғана емес, ұлт мәдениетiнiң негізгі көрсеткiшiнің бірі.
Тіл – адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы ғана емес, сонымен қатар халықтың ой-танымы 
мен сана-сезімінің құралы, тіл иесі этностың сан ғасырлық тәжірибесін жинақтаушы, қоғамдық білімін 
қордалаушы және оны келер ұрпаққа жеткізуші танымдық, мәдени, әлеуметтік феномен тұрғысынан 
сарапталады. Өзінің әдіснамалық негізіне антропологиялық ұстанымды арқау еткен лингвистикалық 
зерттеулердің өзегін:1) адамның тілге тигізер әсер-ықпалын; 2) тілдің адамға, ойлауға, мәдениетке әсерін
айқындау мәселелері құрайды. 
Тілтанымдық зерттеулердің негізгі өзегін құраған «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   565




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет