Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет101/565
Дата07.02.2022
өлшемі7,82 Mb.
#90763
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   565
Байланысты:
2

тіл 

 
ойлау 

 
мәдениет
» сабақтастығы мақал-
мәтелдерінің паремиологиялық жүйесін айқындау жұмыстың жалпы сипатын айқындайды. 
Зерттеудің мақсаты.
Қазақ тіл білімінде мақал-мәтелдердің құрылымдық-мағыналық, этнолингвис-
тикалық, окказионалдық тұрғыдан қарастырылғанымен, мақал-мәтелдер өмірлік-типтік жағдаяттарды 
«тіл-мәдениет» тұтастығына танымдық-прагматикалық негіздеп таңбалайтын, бейнелеп атайтын тіл 
бірліктері ретінде семантикалық, когнитивтік аспектіде зерттеуді мақсат етеді. 
 
Теория
. Тіл этнос, ұлт қауымдастықтың қоршаған ортаны тануы мен білуі, игеруі мен қажетіне 
жаратуы барысында жинақтаған танымдық, қоғамдық-мәдени іс-тәжірибесінің нәтижесін бекітіп қана 
қоймайды, сөз мағыналары және олардың ассоциациялық жүйесі арқылы адам санасындағы ұғым-
түсініктерге (концептуалдық дүние бейнесіне) ұлттық-мәдени реңк үстемелейді. Осыған орай тіл иесінің 
санасындағы мәдени-ұлттық сипаттағы ұлттық ерекшеліктерді білдіретін ұғым-түсінік т.б. ассоциацияға 
түсетін тідік оралымдарға, афоризмдерге, мақал-мәтелдерге т.б. біртұтастылық, тиянақтылық қасиет 
дарытады. В.Н. Телия: «Бейнелі тұрақты оралымдар тілдік қолданыста лингвомәдени қауымдастыққа тән 
менталитетті, дүние бейнесін жаңғыртады. Тілдің фразеологиялық және паремиологиялық жүйесін зерт-
теу – мәдени дәстүрлер мен құндылықтардың тілге ену жолын, амал-тәсілдерін айқындауға көмектеседі» 


57 
деген 
[
1,135
]
пікір білдіреді. Тілдің паремиологиялық қорын Ә.Т. Қайдар «халық даналығының қоры» 
деп бағалап, ол қорды «көненің көзіндей «ескі дүниелер» мен «замана талабына сай жаңғыратын, жаңа 
ұғым-түсініктермен толығып, толысып отыратын» екі жақты тілдік процестердің «ұйтқысы», ғасырлық 
өмірлік тәжірибе мен қордаланған білімдер жиынтығының нәтижесі» деп таниды. Мақал-мәтелдер – тіл 
өкіліне «өз халқының басынан кешірген барша өмірін, салт-сана, қалыптасқан дәстүр, дүниетанымын 
елестете алуға», «болмыстағы құндылықтарды танып-біліп, заңдылықтарын ашып, олар туралы ой мен 
түсінігін тұжырымдап айтуға», «адамзат қауымына тән ортақ көзқарас пен құндылықтарды бағалауға» 
көмектесетін тіл фактілері. Олардың шындық болмыстағы нақты заттар мен құбылыстарға байланысты 
пайда болған алғашқы мағынасы мен оның даму барысында абстракцияланып, адамға бағышталған ауыс 
мағынасы арасындағы логикалық, уәждік, семантикалық байланыстың, гомоцентристік үрдістің табиға-
тын айқындау антрополингвистикалық зерттеуді талап етеді [2, 50]. «
Паремия
» (paroimia) сөзі – грек 
тілінен аударғанда «
нақыл сөз
» деген мағынаны білдіреді. 
Лингвистикалық зерттеудің антропоцентристік парадигмасы тілді сол тіл қызмет ететін қоғаммен,
әлеуметтік ортамен, тіл иесі – халықтың сан ғасырлық тарихымен, таным әлемімен, ұрпақтан-ұрпаққа 
беріліп келе жатқан өмірлік тәжірибесімен, рухани болмыс-бітімімен, салт-дәстүр, әдет-ғұрпымен 
байланыстыра қарастыруды діттейтін тіл біліміндегі ауқымы кең зерттеулерге жол ашып, нақты ғылыми 
жетістіктерге қол жеткізді. Соның нәтижесінде 
тіл
мен 
мәдениет

тіл
мен 
халық

тіл 
мен 
таным 
ара-
сындағы тығыз байланыс, өзара сабақтастық проблемасын жан-жақты зерттеуді мақсат ететін интегра-
циялық жаңа үрдістегі этнолингвистика, лингвомәдениеттану, этнопсихолингвистика, когнитивтік 
лингвистика сияқты ғылыми бағыттар қалыптасып, жедел қарқынмен дами бастады. 
Тілдің қоғаммен, ойлаумен, мәдениетпен, таныммен, адам болмысымен байланысы қазақ тіл білімін-
де тілдің пайда болуын, тіл дамуының ішкі заңдылықтарын, тілдің құрылымдық-жүйелік ерекшеліктерін,
сөзжасамдық қабілетін, ұғымдық аясын т.б. анықтауға арналған зерттеулерде ХХ ғасырдың басында-ақ 
бой көрсетті. Тіл ойлау мен таным әлемін танытатын адамзаттық универсальді құбылыс ретінде, белгілі 
бір тілдік қауымдастықтың (этнос, ұлт, халық) ұлттық-мәдени құндылықтар жүйесін 
құраушы, таңба-
лаушы, бейнелеуші
құрал тұрғысынан қазақ тіл білімінде жан-жақты кешенді түрде зерттеле бастады. 
Қазақ тіл білімінің негізін қалаған тілдік тұлғалар зерттеулерінде кездеседі. Мәселен, А.Байтұрсынұлы 
«Тіл – құрал» атты еңбегінде тіл мен адамның біртұтастығы жайлы ойын «Тіл – адамның адамдық 
белгісінің зоры» деп түйіндейді [8, 73]. Қазақ фразеологиясының дербес пән, сала ретінде қалыптасуының 
ғылыми теориялық негіздемесін жасаған І.Кеңесбаев зерттеулерінде тілдік бірліктердің шығу тегі 
экстралингвистикалық факторлардың тіл жүйесіне тигізер ықпалымен байланыстырылса [3], Қазақ 
тіліндегі «мақал» сөзі араб тілінен енген. «Мақал» сөзінің мағынасы «орынды сөз, тиісті жеріне дәл 
айтылған сөз» дегенді білдіреді. Араб тілінде [maqal] – 1) «говорение» 2) «речь, слово» 3) «поговорка», 
«пословица», [matel] – 1) «пример», «образец» 2) «пословица», «поговорка» [2]. Тілші Ә.Болғанбаев 
қанатты сөз туралы өз пікірін былай тұжырымдайды: «Қанатты сөздердің авторы белгілі болғанымен, 
оның түпкі иесі – халық. Бұлар да бара-бара мақал-мәтелдік сипат алып, көптің игілігіне айналып 
кететіндігі сөзсіз. Демек, шешендік сөз, мақал-мәтел, нақыл сөз, қанатты сөз дегендердің аты басқа-басқа 
болғанымен, іс жүзінде атқаратын қызметі жағынан шек қойып, бір-бірін ажырату қиын. Бәрі де, ұрпақ-
тан ұрпаққа ауысып, халықтың ең қажетті мүддесін өтейтін асыл қазынасы болып мәңгі бақи сақталады» 
[4]. Сонымен, мақал-мәтел, қанатты сөз, нақыл сөз, бәрінің мақсаты бір – адам баласын жақсылыққа, 
ізгілікке үндеу, жақсы мен жаманнын парқын айырып көрсету болып табылады. Сонымен фольклор 
жанры ішінде халық арасында ең көп тараған және жалпыхалықтық тілдің қаймағын бұзбай ұзақ өмір 
сүретіні – мақал-мәтелдер. Мақал-мәтелдер шешендік өнермен туыстас жатқан сөз өрнегі.
Қазақ мақал-мәтелдерінің қалыптасу тарихын VІ-VIII ғасырлардағы Орхон жазба ескерткіштерінен 
басталды деуге негіз бар. Білге қаған, Күлтегін және Тоныкөк құрметіне қойылған тастардағы жазу VІ-
VIII ғасырлардағы түріктердің поэзиясы, солардың алғашқы әдебиет үлгілері, «шешендік өнердің және 
батырдың ерлігі жайындағы талай ғасырлардың өңдеуінен өткен ауызша хикаялардың дәстүрлі 
формаларын сақтаған» көркем туынды болып табылады [5]. Бұл жырларда қолданылған мына сөз 
тіркестері мақал-мәтелге ұқсас болып келеді:
Атадан жақсы ұл туса,
Елінің қамын жейді;
Атадан жаман ұл туса,
Елінің малын жейді. 
 


58 
Күлтегін мен Тоныкөк жырларының кіріспе және қорытынды бөлімдеріне лепті үнмен мәнерлеп 
ғибрат айту, көтеріңкі сарынмен үндеу тастап, асқақтап сөйлеу тән болуы нақыл сөздердің орын алған-
дығын көрсетеді, мысалы: 
Қағаны кекшіл елдің халқы бүлікшіл келеді. 
Қағанынан айырылған ел – ғаріп, иесінен айырылған жер – ғаріп 
[8].
 
Түркі халықтары мақал-мәтелдерді «аталар сөзі», «даналық сөздер», «нақыл сөздер» деп атаған. 
Осындай өсиет сөздер, ғибратты ойларға толы түркі халқының барлығына ортақ мұра болып табылатын 
еңбектердің бірі – «Қорқыт ата кітабы». «Қорқыт ата кітабы» («Китаби дедем Коркуд») – түркі халық-
тарының тарихын, тұрмысын, әдет-ғұрпын, салт-санасын танытатын эпикалық, әрі тарихи мұра болып 
саналады. «Қорқыт ата кітабы» қанатты сөз, өсиет-нақылдар, ғақлия сөздер, мақал-мәтелдер көптеп 
кездеседі [8]. Мысалы: Өлген адам тірілмес, шыққан жан кері келмес; 
Күл – төбе болмас, 
күйеу бала
– 
ұл
болмас. Сонымен қатар «Қыз анадан көрмейінше, өнеге алмас.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   565




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет