61
Осындай тіл қазынасындағы халықтың жаратылыс құбылыстарын бағалауға бағытталған жақсылық/
жамандық, добро/зло құндылық категорияларының мағыналық құрылымындағы, семантикалық тұлға-
сындағы кодталған әртүрлі ақпараттарды айқындау қазіргі тіл мамандарын ерекше қызықтырып отыр.
Cөз тілдің негізгі және күрделі бірлігі ретінде оның жан-жақты сипатталуын бағамдайды. Сөздің
семиотикалық таңба екендігі мәлім. Ақпараттың басым бөлігі сөз арқылы жетеді.
Жақсылық/жамандық
концептілерінің жан-жақты қырларын олардың түсіндірмесі берілетін саналуан лексикографиялық
дереккөздер толығымен бейнелеуге мүмкіндік береді. Сөздіктер
жақсылық
және
жамандық
лексема-
ларының семантикалық көлемі жайлы, оларда тіркелген бейнелік семантикасы туралы бағамдауға және
бұл лексемалардың уақыт ағымына төзген семантикалық өзгерістердің барлығын қадағалауға жағдай
жасайды. Халықтың жәдігерлері мен дәстүрлерін сақтаушы қызметін атқаратын сөздіктер
жақсылық/
жамандық, добро/зло
сөздерінің мағынасын, олардың семантикалық дамуын нақтылауға ықпал етіп,
белгілі бір дәрежеде қазақтар мен орыстардың ұлттық ерекшелігін бейнелейтін бұл сөздердің даму
тарихын жаңғыртады.
Қазақ тіліндегі
жақсылық
сөзі туынды сөз, түбірі
жақсы
сын есіміне сын есімнен зат есім тудырып
тұрған -лық жұрнағының жалғануы арқылы жасалған,
жамандық
сөзі, түбірі
жаман
сын есіміне сын
есімнен зат есім тудырып тұрған -дық жұрнағының жалғануы арқылы жасалған.
Жақсылық
сөзі
жақсы
сөзінен шыққан туынды сөз болатын болса, әрине, оның шығу тегін
жақсы
сөзінен іздейміз.
Жақсы
қазақтың төл сөзі, түркі сөздерінің барлығында дерлік кездеседі. 1969 жылы
шыққан «Древнетюркский словарь» атты сөздікте берілген түсіндірмесінің өзінде
жақсы
сөзінің екі
мағынасы көрсетіледі, біреуі адамға қатысты сын есім формасындағы жақсы, мейірімді болса, екіншісі
жарайды, дұрыс, мақұл мағынасында: «
Jaqsi
1. хороший, добрый: jaqsi napsi-kilardin kuruklugrak erdi он
был прекраснее добрых ангелов; 2. хорошо: ne jaksi ajur kor bodun baslar er хорошо говорит муж,
управляющий народом; bus oz jaksi tinla aj ersig tona; слушай хорошо эти слова, о доблестный молодец;
balunqni jaksi saglap sen tep tedi «Ты хорошо сохранил город», - сказал он» [1, 238].
Жамандық
сөзі
жаман
сөзінен шыққан туынды сөз, ал
жаман
қазақтың төл сөзі, басқа да түркі
халықтарында кездеседі. «Көне түркі тілі» сөздігінде берілген түсіндірмесі бойынша: «
Jaman
плохой:
beduk jaman bir kik erdi очень плохой был зверь; jaman baylarimiz наши плохие сады» [1, 231].
Жақсылық,
жамандық
сөздерінің түп-төркінін көне түркі тілдерінен табуымыздың өзі бұл сөздердің арқалаған
ұғымдық жүгінің қаншалықты салмақты екендігін аңғартады. Сондай-ақ бұл тіл иесі қазақ халқының
ұлттық санасындағы
жақсылық/жамандық
концептілерінің тамыры тым тереңде жатқандығын
көрсетеді.
Ал орыс тілінде добро/зло сөздерінің шығу тегіне қатысты лексикографиялық деректер былайша
түсіндіреді: «
Достарыңызбен бөлісу: