Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет110/565
Дата07.02.2022
өлшемі7,82 Mb.
#90763
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   565
Байланысты:
2
1240 debi m 1201 ra prezentatsia, sor.soch-dnie-tarihy-10-synyp.-iii-tosan, instr ent 2021kz, Сарманбай А АБ 2
Добрый, добро – старославянское – добръ, добро, общеславянское – dobrъ. 
Прилагательное 
«добрый», означающее 
«мягкосердечный», «сострадательный», «хороший»,
впервые стало 
использоваться в русском языке в XI в. Слово с той же индоевропейской основой встречаем в армянском 
языке (darbin), однако оно имеет иное значение – «кузнец». Ал «
Зло – старославянское – зъло (беда, 
грех). 
На Руси слово начало использоваться рано – с XI в. В древнерусский язык слово проникло из 
старославянского и довольно быстро получило широкое распространение» [2]. 
Этимологиялық, тарихи, түсіндірме, фразеологиялық секілді сөздіктерге назар аудару 
жақсылық/ 
жамандық, добро/зло
лексемаларының барлық семантикалық көлемін зерттеуге жағдай жасайды, бұл 
халықтың тарихын, оның тілдік және мәдени қатынас тарихын, төл және кірме лекикасының қолда-
нылуын дұрыс сипаттауға мүмкіндік береді. Жоғарыда берілген материалдан аталмыш сөздердің орыс 
тілінен басқа да славян тілдерінде кездесетіндігін көреміз. 
Жақсылық/жамандық
сөздерінің семантикалық тұрғыдан қандай да бір қауымдастық өміріндегі 
қоғамдық, әлеуметтік, саяси-эномикалық, мәдени даму бағыттарының өзгеруіне байланысты мағыналық 
түсіндірмесінің ауысуы мүмкін екендігін де осы лексикографиялық дереккөздерде тіркелген мағына-
ларын талдау арқылы аңғаруға болады. Оның үстіне бір қоғамда өмір сүріп отырғанымен ұлттық-мәдени, 
ұлттық-танымдық ерекшеліктеріне орай қазақ және орыс тіл иелерінің аталмыш сөздерді қабылдау 
сипаты да әрдайым сәйкесе бермейді.
Қазақ және орыс тілдеріндегі әртүрлі жылдарда жарық көрген бірнеше түсіндірме сөздіктерді мұқият 
талдау нәтижесі маңызды семантикалық өзгерістер мен толықтыруларды белгілеуге мүмкіндік берді.
Айталық, 1959 жылы жарық көрген «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» [3] (екі томдық) 
жақсылық
сөзі бір ғана игілікті іс мағынасында беріледі:
 
«
Жақсылық
зат. Игілікті іс», 
жамандық
cөзінің де бір 
мағынасында: «
Жамандық
зат. Жаман, жағымсыз қылық, нашар іс-әрекет» ретінде түсіндіріледі. Ең 
алғаш жарық көрген сөздік болғандықтан болар жоғарыдағы сөздікте 
жақсылық, жамандық
бір-бір 
мағыналарымен шектеліп қалған.


62 
Келесі 1978 жылы шыққан «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде (он томдық)» [4] 
жақсылық
сөзінің 
«1. Қайырымды, ізгі іс, рақымдылық. 2. Кісінің я, заттың бойындағы тәуір сапа» деген мағынасы берілсе, 
ал 
жамандық 
сөзінің екі мағынасы ажыратылады: «
Жамандық
зат. 1. Жайсыз оқиға, суық хабар. 2. 
Жағымсыз іс, жағымсыз қылық». 
Барынша кеңейтіліп он том болып шыққан, қазақ лексикографиясындағы аса құнды еңбектердің бірі 
болып бағаланатын аталмыш сөздікте 
жақсылық 
сөзіне кісінің, заттың бойындағы тәуір сапа баға-
лауыштық мағына үстелсе, 
жамандық
лексемасына алдыңғы сөздіктегі жағымсыз іс, қылық мағынасына 
оқиғалық, ақпараттық мағына қосылған.
Араға жиырма жыл салып жарық көрген, яғни 1999 жылғы «Қазақ тілінің сөздігінде» [5] (үш томдық) 
жақсылық
сөзінің екі мағынасы берілсе: «
Жақсылық
1. Қайырымдылық, рақымдылық, мейірімділік. 2. 
Белгілі бір заттың бойындағы тәуір қасиет, сапа», 
жамандық
сөзінің де екі мағынасы ұсынылады: 
«
Жамандық
. 1. Жағымсыз іс, оқиға, зұлымдық, қастық, жауыздық. 2. Жағымсыз жаман хабар». 
Бұл сөздікте 
жақсылық
сөзінің мағынасы кеңейіп, алғашқы екі сөздіктегі қайырымдылық, ізгі іс 
мағынасына белгілі заттың бойындағы тәуір қасиет, сапасы мағынасы қосылады. Бірақ тәуір қасиет, сапа 
тек заттың бойынан ғана іздеген бұл түсіндірме 
жақсылық
лексемасының мағынасын қайтадан тарылт-
қандай болып тұр. Мысалы, 
Асанның жақсылығы сол, ешқашан өтірік айтқан емес
дегенде жақсылық 
адамның бойындағы қасиетті меңзеп тұр.
Соңғы шыққан, яғни 2007 жылғы «Қазақ әдеби тілінің сөздігіне» [6] жүгінсек, мұнда да 
жақсылық
лексемасына берілген екі мағынаны көреміз: «
Жақсылық
зат. 1. Қайырымдылық ізгі іс, рақымдылық. 2. 
Кісінің я заттың бойындағы тәуір қасиет, сапа». Алдыңғы сөздіктен ерекшелігі сол, екі мағынаға 
қосылғаны 
жақсылық қылу
тіркесі: «Жақсылық қылу. Қайырымдылық жасау, шарапатын тигізу. Тірлікте 
өзіңнің жақсылық қылған кісің көп болса, кім Құран оқымайды (Абай, Тол. Жин.).
 
Бұл сөздікте де 
жамандықтың
екі мағынасы көрсетіледі: «Жамандық зат. 1. Жайсыз оқиға, суық 
хабар, кесір. 2. Жағымсыз іс, жағымсыз қимыл-әрекет». Сонымен қатар осында қосылғаны 
«Көзің 
жамандық көрмесін!
тілек. Жамандыққа душар болма, кездеспе деген мағынада. 
Көкжалды соғып алып, 
біз кері қайттық. Содан кейін көзіңіз жамандық көрмесін, қасқыр атаулы маңымызға да жоламай 
кетті
(Қаз.ертег.)».
Сонымен сөздіктердегі берілген мағыналарды жинастырсақ, қазақ тілінде аталмыш лексемалардың 
мынадай екі мағынасы тіркелген: 
ЖАҚСЫЛЫҚ: 1. Ізгі іс, қайырымдылық, рақымдылық, мейірімділік; 2. Кісінің не заттың бойындағы 
тәуір сапа, қасиет. ЖАМАНДЫҚ: 1. Жайсыз оқиға, суық хабар, кесір; 2. Жағымсыз іс, қылық, қимыл-
әрекет. 
Қандай да бір жақсы іс-әрекет жақсылыққа алып келеді. Жақсылықтың бұл мағынадағы көрінісін 
жақсы іс-әрекет деп, жақсы нәрсе, құбылыс (қайырымдылық, мейірімділік т.б. осыған жатады) деуге де 
болатын секілді. Сондай-ақ адамның бойындағы жақсы қасиетті бөлек, заттың бойындағы жақсы қасиет 
бөлек түсіндіріліп берілгені дұрыс, 
жақсылықты
кісінің бойындағы тәуір сапа, қасиет деп мағыналап, ал 
оны түсіндіру үшін берілген мысалдары біраз сәйкеспейтін тұстары да бар. Ал 
жамандық
лексемасының 
берілген мағыналарына келсек, жайсыз оқиға дегенде қандай да бір болған жағдай, яғни оқиғалық мағына 
меңзелсе, суық хабар ақпараттық мағына беріп тұр. Сол себепті екеуі екі бөлек беріліп, түсіндірілсе, 
нақтылана түсер еді. Екінші мағынасында да жағымсыз іс, қылық, қимыл нақтылауды қажет етеді. 
Адамның, заттың не құбылыстың бойындағы қандай да бір жағымсыз іс-әрекет және жағымсыз нәрсе деп 
жіктеу дұрыс көрінеді. Осындай жақтарын ескеріп, түсіндірме сөздіктерде кейбір нақтылай түсуді қажет 
ететін мәселелер бар деп ойдлаймыз.
Қазіргі қазақ тілінің түсіндірме сөздіктеріндегі деректер бойынша 
жақсылық/жамандық
лексема-
ларының тіркелген мағыналарынан абстрактілі, материалдық емес, рухани баға, тікелей тірі жанның 
мінез-құлқына, іс-әрекетіне бағалауыштық және ақпараттық, оқиғалық бөліктерін бағамдауға болады.
Ал енді орыс тіліндегі түсіндірме сөздіктерге келетін болсақ, ең алдымен талдауға түскен В.И. 
Дальдің сөздігінде 
добро
және 
зло
былай түсіндіріледі:
«
Добро
ср. 1. веществственно, все доброе ср. имущество или достаток, стяжание, добришко, особ. 
движимость. 2. В духовн. знач. благо, что честно и полезно, все чего требует от нас долг человека, 
гражданина, семьянина; противоположно худу и злу. 3. Название буквы Д. 4. Нареч. хорошо, ладно. 5. 
Ладно, кстати, впору. 6. Твер. ненужно, непочто. 7. Угроза: ужо, воть я тебя. 8. С частицей бы, если бы, 
когда б, пусть бы. 9. заздравный привет. Становиться добрее, милостивие, укрощая и исправляя себя». Ал 
«
Зло
ср. худое, лихое, худо, лихо; противопол. добро. Зло нареч. (от прилаг. злой), со злостью, злобно. | 
Влад. усердно, о работе. Злой, желающий, причиняющий зло другим; вредный, пагубный» [7]. 


63 
Аталмыш сөздікте 
добро
яғни – барлық игі, жақсы нәрсе, мүлік, ақиқат, пайдалы, рухани 
мағынасында ізгілік ретінде түсіндірілсе, 
зло
– 
нашар, жаман нәрселер, ашу сезімі, зиянкес, зұлымдық 
ретінде түсіндіріледі. 
Орыс тіл біліміндегі алғашқылығымен, қайталанбастығымен құнды болып табылатын В.И. Дальдің 
сөздігінде 
добро
сөзінің омонимдік қатары бірге аралас берілген. Кейінгі шыққан сөздіктердің барлы-
ғында омонимдер жеке-жеке беріліп, қатары да өскендігін байқаймыз, мысалы, С.И. Ожегов, 
Н.Ю. Шведова т.б. сөздіктерінде добро сөзінің үш омонимі берілсе [8], Т.Ф. Ефремовтің «Новый словарь 
русского языка» атты еңбегінде добро сөзінің омонимдік қатары беске дейін жеткізілген («
Добро
1

1. Все 
хорошее, положительное, все, что приносит счастье, благополучие, пользу (против.: зло). 2. Хорошее, 
доброе дело, поступок. 3. разг. Личное имущество, вещи, пожитки. 
Добро
2


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   565




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет