Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары


Tr: - Ki şi (herkes) ektiğini biçer.  Krs



Pdf көрінісі
бет105/565
Дата07.02.2022
өлшемі7,82 Mb.
#90763
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   565
Байланысты:
2

Tr:
- Ki
şi (herkes) ektiğini biçer. 
Krs
. Ne ekersen onu biçersin. 
KZ

Ne eksen sonı orasın немесе 
Tr:
Kol kırılır yen içinde baş yarılır börk içinde. 
Bkz.
Ba
ş yarılır börk 
içinde... 
KZ:
Kol sınsa jen işinde, bas jarılsa börk işinde. 
Паремиялар екіншілік аталымдар ретінде адамның ақиқат шындыққа, заттар мен құбылыстарға, 
әрекеттер мен қалып-күйге, ортаға, әлемге деген эмоционалдық – бағалауыштық қарым-қатынасты да 
білдіреді. Бұл паремиологиялық дүние бейнесінде әлем туралы эмоционалдық – экспрессивтік мәндегі 
ақпараттың жинақталуына негіз болады.
Қорытынды
. Халықтың тұрмыс-тіршілігінің, салт-дәстүр, әдет-ғұрпының, рухани және заттық 
мәдениетінің сан алуан қырына қатысты типтік жағдаяттардың тілдік таңбасы, образды сипаттамасы 
және бейнелі атауы саналатын мақал-мәтелдер жиынтығы тілде дүниенің паремиологиялық бейнесін 
сомдайды. Дүниенің паремиологиялық бейнесі – «тіл – мәдениет» тұтастығында екшеліп, мәдени-ұлттық 
құндылықтар деңгейіне көтерілетін адамның рухани іс-әрекеттерінің нәтижесі, танымдық, тағылымдық 
және практикалық тәжірибесі бекитін, сақталатын тілдік дүние бейнесінің құрамдас бөлігі. Дүниенің 
паремиологиялық бейнесі алғашқы адамдар қауымдастығының тіршілік тынысынан басталатын қоғам-
дық формациялар тарихын сол қалпында бүгінгі ұрпаққа жеткізетіндігімен құнды. Мәселен, тіршілік 
қамымен алысқа кеткен отағасын артындағы әйелі, бала-шағасының сарылып күтуіне қатысты айтылатын
 
«Түздегі май ішер, үйдегі қан ішер» 
мақал-мәтелінің түп негізінде аң аулап, аулаған аңын отқа қақтап жеп 
күнелткен алғашқы адамдардың тіршілігі көрініс тапқан болса, 
Жеті атасын білмеген – жетім, жеті 
руын білмеген – жетесіз
мақал-мәтелдері рулық қоғамда қалыптасқан ата-салтты танытады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   565




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет