Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет259/565
Дата07.02.2022
өлшемі7,82 Mb.
#90763
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   565
Байланысты:
2

KazTransOil”, “Astana 
International Airport”, “National Company Kazakhstan Temir Joly”, “Kazakhstan Electricity Grid Operating 
Company”
қызметкерлеріне “Іскерлік қазақ тілі” курсын оқуды міндеттейді. 
Жаһанданудан қорғанудың, оған төтеп берудің ең үмітті бағыты – ол білім мазмұнын ұлттық 
контентпен жасақтау, ұлттық мазмұндағы білім мен тәрбие беру. Алаш зиялыларының көзқарастары – 
бүгінгі ұрпақ үшін өзін-өзі тануға, мақсат-мұраттарын анықтауға көмектесетін білім мен ғылымның, 
таным мен табандылықтың мектебі [6]. Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының «Ұлттың 
сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деген қанатты сөзі жаһандану 
заманында ұлттық тілімізді қолдап, нығайтудың, оның пәрменділігін, қуаты мен қайратын шыңдап
шынықтырудың аса қажеттігін баса айтқандай. 
Қазіргі заманауи қазақ жұртына қандай сөйлеу тілі тән 
десек, элитарлы сөйлеу мәдениетін сақтаған және сауаттылыққа аса мән бермейтін топтардан тұрады деп 
болжалды шешім жасауға болады. Әсіресе екінші топтың сөйлеу тілінде сауаттылыққа мән берілмейді, 
сөйлеу үдерісінде тілдің әдеби ұстанымдары мен нормалары сақталмайды. Сауаттылық әсіресе жастар-
дың арасында өрескел қателіктер мен қасақана тіл бұзу фактілері арқылы көрініс табады, бұл телефонмен 
хабар алмасуды қиындатады, әртүрлі телешоу мен сауда тілі, не студент жастардың жаргоны мен сленгі 
тілді шұбарлау мен бұзып сөйлеуге жол алдырады. Соның әсерінен сауаттылық пен элитарлы сөйлеу 
мәдениеті кейінге ысырылып, тіптен әрдайым Интернеттегі дайын материалдар мен ресурстарға сүйеніп 
алған студенттердің тілі шорқақтыққа айналып барады. Осы жерде де А.Байтұрсыновтың «…Өзіміздің 
елімізді сақтау үшін бізге мәдениетке, оқуға, ұмтылу керек. Ол үшін ең алдымен әдебиет тілін өркендету 
керек. Өз алдына ел болуға, өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауға тиіспіз...», 
деген ұлағаты және М.Балақаевтің «Тіл мәдениетінің қамын жеу, сайып келгенде, тіл тазалығына, ой 
дәлдігіне қамқорлық жасау болып табылады» [7], деген ойларын есте ұстап, студенттің тіл мәдениетін 
арттыратын оқылым, тыңдалым тапсырмалары мен жазба жұмыстарын көбірек орындау керек, мысалы, 
мәтінді оқу, ондағы сөздермен жұмыс, семантикалық талдау, оқыған мәтін бойынша ессе жазу, ойды ары 
қарай жалғастыру, дамыту, өзінің ойын дәлелдеу сияқты тапсырмаларды орындау студенттің тілдік 


165 
қорын дамытып, оның әртүрлі сөйлеу жағдаяттарында қатысымдық (коммуникативтік) құзыреттілігін 
нығайтады. Бұл қатысымдық (коммуникативтік) оқыту әдісінің тілдесімге бағытталған түпкі мақсаты - тіл 
үйрену процесіне қатысушыларды отандық қазақ тілді оқу материалдары мен құралдары арқылы белсенді 
тілдік қатынас әрекетінің айналасында оқу үрдісін ұйымдастыру болып табылады.
Тілді оқытуда қатысымдық әдістің көптеген жақтаушылары сыныпта «түпнұсқа» (authentic) 
материалдарды (ТМ) қолдануға кеңес берді. Өткен ғасырдың 70-ші жылдарының ортасынан бастап тілді 
оқытудың коммуникативті әдісі айналасындағы «тынымсыз» ізденістер тілді оқытуда түпнұсқалық 
дүниелерді қолдану студенттердің бойында қажетті дағдылармен қатар мәдени мазмұнды да сіңіретінін 
анықтады (Адамс, 1995; Виддовсон, 1979, Виддовсон 1990). Сонымен, мақала көтерген мәселеден туын-
датып, оқытудың қатысымдық әдісінің негізгі мақсаты – сөйлесім әрекетінің түрлері (айтылым, жазылым, 
тыңдалым, оқылым, тілдесім) арқылы «... сөйлеу мәнерін қалыптастырып, тілдік қатынас пен қағида-
лардың жүйесін басшылыққа алып [8:78], тіл үйретудің тиімді жолы ретінде ТМ-ны қолдана отырып, 
іскерлік мазмұнда қазақ тілін қарым-қатынас құралы ретінде іс жүзінде асыру болып табылады. 
Назарбаев Университетінде (НУ) қазақ тілін оқыту оқу орнының алғашқы құрылған күнінен бастап қолға 
алынған маңызды іс-шара болып табылады, қазақ тілін оқыту бағдарламасы міндетті пән ретінде 6 кредит 
көлемінде жүреді. Бұл бағдарлама университеттің Академиялық Кеңесінде «Қазақ тілін оқыту саясаты» 
аясында заңдастырылды (жаңа редакциясы, 26.06.2019 ж.). Қазақ тілін оқыту саясаты әр студенттің 
таңдаған мамандығы бойынша «бакалавр» академиялық дәрежесін ала отырып, халықаралық дәрежеге 
сай біліктілік пен кәсіби даярлық деңгейін жүйелі түрде арттыруға бағытталған және студенттің 
қажеттілігіне сәйкес қазақ тілі курсы бойынша базалық, академиялық, кәсіби, тереңдетілген мазмұндағы 
академиялық треакториясын құрайды. «Еуропалық деңгейлер жүйесіне сәйкес қазақстандық әдістемеші- 
ғалымдар да өзге ұлттарға қазақ тілін үйрету үшін алты деңгейді ұстанады. Ол деңгейлер жүйесі 
А1,А2,В1,В2,С1,С2 деп аталатын үш ірі деңгейден тұрады» [9,7]. Осы деңгейлердің университет 
бағдарламасымен сәйкестігін төмендегі кестеде белгілеуге тырыстық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   565




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет