164
Жаһандану тек қазақ тіліне ғана қауіп емес, әлемдегі барлық тілдер
мен ұлттарға да өз әсерін
тигізуде. Дардано (1986) ағылшын тілінің итальян тіліне әсерін екі деңгейде бөліп қарастырады: 1)
жоғары деңгейде, әдеби тілдің лексикасы мен техникалық терминологияны байытуда, 2) көбінесе жаңа
кірмелер журналистика, жарнама және жастар сленг тілінде пайда болуда. Мысалы, телебағдарламаларды
атауда ағылшын тілінің қысқа сөздерін алу кеңістікті үнемдеуде өте тиімді болып табылатынын Дардано
ағылшын тілінің «икемділігі» (грамматикасы жеңіл және бір буынды сөздердің көптігі) деп атайды.
Бұқаралық ақпарат құралдарындағы кірме англицизмдер шұбалаңқы болып келетін итальян тіліндегі
балама аудармаларына қарағанда икемді болып көрінеді деп түсіндіреді. Көбінесе атаулар, слогандар
және сауда белгілері нақты лингвистикалық мағынаға ие болмаса де, бірақ мазмұны мәнмәтінде
ашылады. Мысалы,
Jolly Box, ShoppingUp, Mama’s Address, Baby Style, Time Now, Pop the New
[2].
Адамзат дамуының жаһандық үрдісінің заманауи жағдаятында нақты
дәлелдеп отырған шынды-
ғының бірі: ұлт тілін дамытатын, оны терезесі тең, көсегесі кең етудің ең тиімді жолы – оны бизнестің
тіліне айналдыру.
Ел ішінде қарқынды дамып жатқан коммерциялық бизнесте қазақ тілінің таралуы өте
көкейтесті мәселе болу қалпын жалғастыруда. Жиырма бірінші ғасырды экономика немесе сауда ғасыры
деп атауға болады, себебі барлық мемлекеттер тауар алмасу немесе қызмет көрсету арқылы әлемдік
аренада өз орындарын табуда, экономикасы алдыға жылжыған елдің тіліне де сұраныс арта беретіні анық.
Орталық Азияның төрінде орналасқан Қазақстан 170 мемлекетпен
сауда қатынасын тығыз дамытуда,
оның ішінде 50 елмен ең сүйікті ұлт (most favored nation) режимінде жұмыс істейді [3]. Жаһандану
заманында халықаралық байланыс негізінен ағылшын тілінде жүретіні анық, ал Қазақстанда мемлекет
ішілік коммерциялық құрылымдардың жұмыс тілі бірыңғай орыс тілінде жүргізіледі [4]. Еліміздегі
ағылшын тілінде іс жүргізетін қазіргі уақытта 16000 шет ел компанияларын санап айтуға болады, оның
ішінде ең ірілері: Chevron, Siemens,
Microsoft, General Electric, Coca-Cola, Danone және Henkel [5].
Ағылшын тілінің астанамызда беделі артқаны соншалықты, ол тек қаланың сауда қатынастарында ғана
қолданылып қоймай, кез-келген жұмысқа тұру үшін де қажетті фактор бола бастады. Жұмысқа орналасу
сайттарының ішінде, тура тоқсан пайызы ағылшын тілін білуді міндеттеп қойғанын анықтадық. Ал, орыс
тіліне
келер болсақ, ол Елорданың басты тіліне айналғанына көзіміз жетеді. Барлық мекемелердегі іс-
қағаздары, жарнамалар, хабарландырулар міндетті түрде жүз пайыз орысша жүреді, тек одан кейін ғана
қазақ тілі қолға алынуда. Қазақ тілін еске алуда енжарлық бар,
олай дейтініміз, мемлекет тарапынан
қабылданған заңнамаларға қайшы келмеу мақсатымен, тұтынушылардың негізгі тілдік мүддесін ескер-
гендіктен емес, тіл саясатында дау тумаса екен деп қашқақтаудан туған
амалсыз көзбоярлық әрекет
іспетті. Бұл үдеріс тек кіші бизнесте ғана емес, сонымен қатар ұлттық бизнес компанияларында да орын
алып отыр. Құптарлық бір жайтты айта кетуге болады, мына аталған ұйымдар: “
Достарыңызбен бөлісу: