251
Дегенменде, бүгінгі таңда оқыгу теориясында бақылау немесе бағаның мәні, тәсілдері жайлы әлі де
болса ортақ пікір қалыптаспай отыр.
Бақылау
–
кең келемде бір нәрсені тексеру деген мағынаны білдіреді. Бақылау оқыту үдерісінде білім
алушылардың оқу әрекетіне басшылық
жасау қызметін атқарады, олардың шығармашылық күші мен
қабілетінің дамуына ықпал етеді.
Бағалау
–
оқытудың құрамдас бөлігі және қорытындылау сатысы. Бағалау – бір нәрсенің деңгейін,
сапасын, дәрежесін белгілеу. Оны білім алушының оқу-таным әрекетінде қарастырсақ оқыту процесінің
міндеттерін білім алушылардың қандай дәрежеде меңгеруі, дайындық деңгейі мен дамуын, білімдерінің
сапасын, білік пен дағды көлемін анықтайтын құрал.
Педагогака ғылымы саласыңда білім, білік, дағдыны бақылаудың көптеген түрлері кең тараған.
Мысалы, ғалым-педагогтер Ю.К.
Бабанский, Н.А. Сорокин бақылаудың күнделікті, анда-санда,
корытынды түрлері бар деген пікірлер айтады. Ал Г.И. Щукина: күнделікті,
тақырыптық, анда-санда,
қорытынды және емтихан кезіндегі бағалау түрлері бар деген көзқарасын білдіреді. Е.А. Дмтриев:
күнделікті, тақырыптық және қорытынды сияқты түрлері бар деген қорытындыға келеді.
Профессорлар Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаевтың "Педагогика" оқулығында ол: тақырыптык,
тараулар бойынша, дүркін-дүркін және қорытынды бақылау деп бөлінген.
Достарыңызбен бөлісу: