Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет374/565
Дата07.02.2022
өлшемі7,82 Mb.
#90763
1   ...   370   371   372   373   374   375   376   377   ...   565
Байланысты:
2

Күнделікті бақылау 
оқыту процесінде күнделікті қодданылады және сабақ барысында білім 
алушылардың оқу-танымдық әрекетіне басшылық жасайды. Ол ішкі және сыртқы байланысты жан-
жақты жүзеге асырауға мүмкіндік туғызады, соның негізінде білім алушылардың одан арғы оқу әрекетіне 
ықпал етеді. 
Күнделікті бақылау мүғалімнің жалпы немесе жекелеген білім алушылар жұмысына жүйелі түрде 
бақылау жасау көмегімен жүргізіледі. Бақылаудың бұл түрі білім алушылардың сынып немесе үй 
тапсырмаларын өз бетінше орындауға деген ниеттері мен берілген тапсырманы орындауға деген олардың 
қызығушылығы және жауапкершілік сезімін ынталандыруда үлкен манызға ие болады. Қазіргі кезде 
білімді бақылаудың бұл түрі 
қалыптастырушы бағалау
деп аталып жүр.
 
Тақырыптық бақылау

оқу бағдарламаларындағы белгілі тақырыптар бойьнша өткізіледі. Сабақтың 
тақырыбы және әрбір кезеңдері негізінде білім алушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны игеруі 
тексеріледі. Сонымен бірге, мүғалім жаңа тақырыптың кейбір басты мәселелерін өткен сабақтардағы оқу 
материаддарымен толықтырады, кейбір ұғымдарды, анықтамаларды, ғылыми ережелерді білім 
алушылардың есіне салады. 
Қорытынды бақылау – барлық пәндер бойынша жыл аяғында немесе тоқсан соңында өткізіледі. 
Бақылау процесінде тақырыптық және тарау бойынша бақылау нәтижелері есепке алынады. Білім 
алушылардың жыл бойында алған теориялық және тәжірибелік білімдері анықталады.
Бақылау әдістері арқылы білім алушылар жұмысының тиімділігі мен мазмұны туралы кері байланыс 
қамтамасыз етіледі. Бақылау әдістеріне ауызша, жазбаша және графикалық бақылау әдістері жатады. 
Қорытынды бақылау бүгінде 
жиынтық бағалау
ұғымымен ауыстырылған. 
Бақылаудың тағы бір бөлігі, кейбір жағдайда, тапсырмалар түрі деп ұғынылады (жазбаша бақылау 
жұмысы, тестілеу, зертханалық-тәжірибелік жұмыс, шығарма, диктант т.б.) немесе білім алушылар 
әрекетінің: баяндама, хабарлама, білім алушы әңгімесі, мұғалім сұрағына жауап беру т.б. деп бөлінеді. 
Білімді бақылау және бағалау ғылыми дәлелденген, тәжірибеде қолданылған қағидаттар негізінде 
жүргізіледі: әділдік, жан-жақтылық, жүйелілік, жеке-даралық, диференциалдық және тәрбиелік. 
Әділдік
(білім сапасының нақтылығы, баға өлшемі мен ережесі нормасына қатысты) — бұл 
субъективтік факторларды болдырмауды көздейді. 
Жүйелілік, бірізділік
– 
әрбір сабақ, тақырып бойынша білім алушылар оқу әрекетін оның басқа 
буындарымен байланыстыра қарап, оқыту процесінің барлық кезеңдерінде бақылау жүргізуді көздейді: 
түйінді сұрақтар бойынша оқыту нәтижесін қорытындылау; тақырыптық бақылау, сабақтар бойынша 
балл қою т.с.с. [2,30] . 
Жеке-дара
қатынас – әрбір білім алушының ерекшелігін бағалау (оның қабілеті, бейімділігі, 
денсаулығы, оқу әрекеті т.б.) қарастырады. 
Жан-жактылықта
– 
бақылау оқу бағдарламасының барлық бөлігін қамтиды, білім алушылардың 
теориялық білімдерін, интеллектуаддық және тәжірибелік білік пен дағдысын бақылауды қамтамасыз 
етеді. 
Диффериенциалдық қатынас 

әрбір пәннің ерекшелігін, жекелеген бөлімдерін, сонымен бірге білім 
алушылардың жекедара қасиетін ескеріп, соған сөйкес бақылаудың әртүрлі әдістері мен мұғалімнің 
педагогикалық әдеп сақтауын талап етеді. 


252 
Жоғарыда айтылған талаптарды орындау, ең алдымен бақылаудың сенімділігін және оқыту 
процесінде өздерінің аддында тұрған міңдеттердің орындалуын қамтамасыз етеді, бақылауда әртүрлі 
қателіктер мен сәтсіздіктердің болмауына кепілдік жасайды. 
Оқушьшардың білім, білік және дағдыларын бақылау, бағалау педагогика ғылымы мен тәжірибесінде 
белгілі бір әдістерді колдану негізінде жүзеге асады. Олар мыналар: ауызша баяндау (әңгіме, жеке-дара, 
топтық, фронтальдық сүрақ). 

жазбаша бақылау (диктант, шығарма, кесте, сызба, суреттер кұрастыру). 
-
тәжірибелік бақылау (лабораториялық жұмыстарын, еңбек операцияларын орындау, тәжірибе 
жүргізу). 
-
машиналы бағдарламалап бақылау (перфокарталар, бақылау карталарын, дұрыс жауаптарды, 
диафильмдерді қолдану). 

өзін-өзі бақылау, бағалау (қателерді болдырмау, оларды түзеу, оқудағы өз жетістіктерін бағалау, 
соған сәйкес балл қою). 
Оқыту процесінде бақылаудың фронтальдық, топтық және дербес формалары
 
қалыптасқан. Оның 
тиімділігі мұғалімнің оларды дұрыс үйымдастыруына байланысты. 
Фронтальдық (жаппай) бақылау жағдайында барлық білім алушыларға сұрақтар немесе мазмұны 
бірдей тапсырмалар беріледі. Оларды орындау барысында білім алушылар арасында ынтымақтастық, 
жолдастық сезім пайда болады, бір-біріне сұрақтар қойып, жауаптарын толықтырады, орындалған 
жұмыстарды өзара тексеріп, іске асырады. Демек, бірігу іс-әрекетінде әлеуметгік құнды мотивтер 
қалыптасады. 
Топтық бақылауда белгілі білім алушылар тобы сабақ барысында мүғалімнен тапсырмалар алып 
орындайды. Кейде, кейбір білім алушылар түрлі себептерге байланысты (сабақ жіберу, нашар үлгеру, 
ауыру т.б.), қосымша көмекті қажет етулері мүмкін. Сондықтан, олардың жұмысына ерекше көңіл бөлген 
жөн [3,100]. 
Сонымен, бағалау – қозғаушы күш. Білім алушы дұрыс бағаланса алдыға жылжиды. Білім алушы 
үшін ең жаманы бағаланбай қалу. Бағалау – бұл білім алушылардың үлгерімі жөніндегі мәліметтерді 
жинақтау және сараптау. Бұл – ғылыми ұғым, ал білім алушы көзқарасымен бағалау сабаққа білім 
алушының ынтасын оятатын немесе қызығушылығын жоятын құрал. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   370   371   372   373   374   375   376   377   ...   565




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет