«Mirror of Princes» (қазақша «Ханзадалар
айнасы») жанры толықтай зерттелініп, осы жанрдағы шығармалар оқытылып жатса, қазақ әдебиетінде
бұл жанр тұрғысында ақпарат жоқтын қасы деп айта аламыз. Сонымен қатар басқа шет елдерде де бұл
жанр тура осы атпен болмаса да («Mirror of Princes»), атауы өзгертіліп жанр туралы ілім қалыптасқан.
Мысалы, Түркиядағы бұл жанр - «Саясатнама» деген атпен белгілі әдеби жанр. «Саясатнама» жанрын
қазақ тілінде терминдік тұрғыдан алып қарасақ, «Билік жанры» деп аталуы тиіс деп есептелінеді.
Біріншіден, ол кірме сөз емес, төл сөз. Сондықтан, ұлттық ұғымымызға жат емес, санамызға сіңісті. Бұл
терминді қалыптастыру қазақ әдебиетінде өте маңызды болып табылады. Екіншіден, атауы естілгенде-ақ
қандай мазмұндағы шығарма екендігінен хабар беруі керек. Үшіншіден, Баласағұндық Жүсіптің «Құтадғу
білік» және Әл – Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындары» кітабымен байланысты. Жанр атауының
шығарма атауынан алынуы немесе сонымен байланысты болуы әлем әдебиеттануында бар тәжірибе.
Мысалы, түрік әдебиеттануы Низамүл Мүлктің «Саясатнама» кітабын негізге ала отырып, «Саясатнама»
жанры десе, ағылшын және француз әдебиеті Никколо Маккиавеллидің «Il Principe» еңбегімен байланыс-
тырып «Mirror for Princes» деп атады. Төртіншіден, әрі ең маңыздысы ол жыраулар поэзиясын құрастыр-
ған Ғұмар Қараш еңбегінде термин ретінде кездеседі. Демек, «Билік жанры» терминін қолдану орынды
деп ойлаймыз [6, 352 б.].
Ерте еңбектердің бірі әл-Фараби жазған (870-950 жж.) «Қайырымды қала тұрғындары» болған.
«Қайырымды қала тұрғындары» атты трактатта билеушілерге ұсынылатын кеңестер бар. Дәстүрлер,
мұндай мәтіндер әміршілерге әскери тақырып бойынша әртүрлі кеңес береді. Бұл кеңестер әртүрлі
ойлардың мазмұны мен формасында едәуір дәрежеде көрінеді. Осы еңбегі арқылы билеушілерді
қайырымды болуға шақырады. Сонда ғана әділетті қоғам орнайтындығын, халықты жақын тани түсіне-
діндігі жайында ақыл-кеңес береді. Сол тұста бұл шығарман билік басындағыларға бағыт- бағдар болған.
Қазақ әдебиеті шығармаларының ішінде осы жанрға жататын шығармалар енетін еңбек саусақпен
санарлық. Осы жанр тұрғысында қалам тербеген жазушы некен-саяқ. Белгілі ғалым, жазушы Жүсіп
Баласағұнның «Құтты білік» еңбегін жатқыза аламыз. Бұл еңбектен біз хандар туралы ақпарат ала
аламыз. «Құтадғу білікті» зерттеген көптеген ғалымдар оны дидактикалық жанрға жатқызған[4].
Түрік мәдениетінің ұлы да ұлағатты әдеби ескерткіші «Құтадғу біліг» дастанын жазған Жүсіп
Баласағұнның өмірі мен қызметі, мақсаты, жас шамасы хақындағы там-тұмдаған деректерді негізінен
шығарманың өз тексінен ғана табамыз. Дастанның ел өміріндегі маңызы, сипаты мен қасиеті, мқрат-
мақсаты мен тілі жайлы мақлұматтар да тексте кездесетін (кіріспе, қорытынды тарауларынан) автордың
өз пайымдауларынан жақсы аңғарылады. А.Бомбачи дидактикалық болғанда да саяси мазмұндағы
«негіздердің айнасы» (зеркала основ) деген жанр деп көрсетеді [3, 269-278 б.]. Америкалық Р.Данкоф
болса, еуропа әдебиетіндегі «Ханзадалар айнасы» (Mirror of Princes) жанры деп түсіндіреді. Түркиялық
Махмут Арслан «Саясатнама» жанрындағы туынды ретінде талдайды. «Құтадғу біліктің» осындай жанр
аясында зерттелуі кітаптың саяси билік тақырыбындағы туынды екеніне бұлтартпас дәлел бола алады.
Зерттеу барысында қол жеткізген осы нәтижелерді саралай келе, Жүсіптің еңбегін қазақша «Құтты билік»
деп аудару орынды деп есептей аламыз [5,19 б.].
Жоғары атап өткеніміздей, Mirror of Princes жанрын қазақша баламасы ретінде «Билік жанры» деп
атап өткен болатынмын. «Билік жанры» – хандарға саяси кеңес беретін, нормативті ережелер секілді
туындыларды қамтиды. Сондықтан, оның теориялық негізі жасалып, сыны, тарихы зерделенеді. Бұл ретте
«Құтадғу білікпен» қатар, жыраулар поэзиясы да осы жанр аясында қарастырылу керектігін естен шығар-
мауыз керек. Сонымен қатар, тек қана өскелең ұрпақ пен ханзадаларға арналған еңбектер.
Қорытындылай келе, ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап, князьдер үшін айналар терминін
ғалымдар нақты анықтауға тырысқан, яғни пішіні мен мазмұны ерекше тоқталады. Ал соңғы онжыл-
дықта олардың назары неғұрлым айқын ерекшеліктерге шоғырланған.
Осы зерттеу шеңберінде князьдер үшін айналар белсенді және жеңілдетілген функция түрінде
қарастырылды. Қазіргі Таяу Шығыстағы саяси және әкімшілік фактілерді түсіну, көшбасшылықты қабыл-
дау бұл тұрғыда маңыздылыққа ие болады.
«Mirror for Princes» жанры қазақ әдебиетінде толық қанды зерттелінбеген жанр. Қазіргі замандағы
шығармалармен салыстырмалы түрде қарасақ, ұқсас тұстары да табылады. Даму тарихына қарай отырып,
біз заман өзгерген сайын бұл жанрдың да қарқынды дамығанын көре аламыз. Басты дәлелі – бізге жеткен
мәліметтер. Шығармалар оқи отырып, үлкен ой түйесің. Билеушілердің қандай тұлғалар екені жөнінде
сенде де ой қалыптасады.
Князьдер үшін айналар – айналадағы байлыққа емес, бақытқа негізделген ортаны қалыптастыратын,
әлеуметтік жағдайларды жақсартатын айналар.