51
Абай Құнанбаевтың «Ғашықтық, құмарлықпен – ол екі жол» атты өлеңінде күрделі синтаксистік
тұтастықтың алғашқы сөйлемі –
ғашықтық
деп басталатын бастауышы өлеңнің бірінші және үшінші
шумақтарында қайталаған.
Ғашықтық, құмарлықпен – ол екі жол,
Құмарлық бір нәпсі үшін болады сол.
Сенен артық жан жоқ деп ғашық болдым,
Мен не болсам болайын, сен аман бол.
Ғашықтық келсе, жеңер бойыңды алып,
Жүдетер безгек ауру сықылданып.
Тұла бой тоңар, суыр, үміт үзсе,
Дәмеленсе өртенер күйіп-жанып
(А.Құнанбаев).
Ғашықтық келсе, жеңер бойыңды алып.
Жүдетер безгек ауру сықылданып.
Тұла бой тоңар, суыр үміт үзсе,
Дәмеленсе, өртенер күйіп -жанып
(А.Құнанбаев).
Келтірілген мысалдар Абай Құнанбаевтың ғашықтыққа арналған өлеңдерінен алынған. Үш өлеңдеде
бастауышы –
ғашықтық,
яғни алғашқы тармақтың бастауышы келесі тармақтарда айтылар ойдың бар
мазмұнын өзіне жинақтап тұр.
Алғашқы сөйлемі баяндауыштан басталатын тізбекті күрделі синтаксистік тұтастық. Мұндай күрделі
синтаксистік тұтастық негізінен поэзияда кездеседі. Проза жанрында кездесуі
өте сирек және бұл әр
жазушының стиль ерекшелігіне байланысты [4; 742].
–
Бермейiм, кешегi балалардай сен алып қашасың, – деп мысық ойыншықтарын шолақ критон
көйлегiнiң етегiне сала бастады.
–
Қорықпа, мен тимеймiн. Кәне, көрсетшi, өзiң ұстасың ғой. Ақысына не аласың, маған ана балшық
атыңды бершi, – деп Шоқан, зорлық емес, ықтиярымен алмақ болды.
–
Не бересiң, бауырсақ бересiң бе, қант бересiң бе? – деп Мысық икемге келе бастады.
–
Берем, сен маған ойыншығыңды бер. Бiздiң үйге жүр, апамнан көп қант, бауырсақ әперем, – деп
Шоқан сендiре сөйледi
(Сапарғали Бегалин).
Келтірілген мысалдың алғашқы сөйлемдері баяндауыштан басталып, жеті жай сөйлемнен және төрт
абзацтан тұрған күрделі синтаксистік тұтастық. Нақтылай түссек, бірінші абзацтың баяндауышы I-жақта
тұрған болымсыз етістіктен, екінші абзацтың баяндауышы бұйрық райлы етістіктен, үшінші
абзацтың
баяндауышы II-жақта, төртінші абзацтың баяндауышы I-жақта тұрған етістіктерден басталып тұр.
Прозамен салыстырғанда, поэзияда күрделі синтаксистік тұтастық анағұрлым ашық, нақты беріледі
өйткені поэзиядағы әрбір шумақ белгілі бір аяқталған ойды білдіріп тұрады. Поэзия синтаксисінде сөйлем
байланыстарының прозаға қарағанда қабысыңқы, берік болатын себебі – онда сөйлемдерді синтаксистік
қатынасқа келтіретін, прозада кездеспейтін ерекше тәсілдердің болатындығында. Сөйлемдерді бір-
бірімен байланыстыратын ондай ерекше тәсілдер қатарына өлең тармақтарында болатын ұйқас, ырғақ
жатады. Прозада өлеңде болатындай ұйқас пен ырғақ болмайтындықтан, егер мағыналық жақтарынан
бір-біріне байланысты болмаса, сөйлемдердің бастары бірікпей, бөлек-бөлек болып тұрады. Ал поэзияда
олай емес: мағыналық жақтарынан бір-біріне байланысты болмаса да, шумақ құрамындағы сөйлемдер
өзара бірыңғай ұйқаста, бір ырғақта айтылады да, сол арқылы күрделі бір бүтін болып тұрады [4; 742].
Оқытарсың молдаға оны,
Үйретерсің әрнені.
Медеу етіп ойы соны,
Жаны тыныштық көрмеді
(Абай Құнанбаев).
Бұл күрделі синтаксистік тұтастықтың бірінші және екінші жолдары баяндауыштан басталып, белгілі бір
ойды білдіріп тұр.
Шалқар көл, қалың орман, ну тоғайлар,
Жайнаған түрлі гүлмен кең-кең сала
У-шу боп қыбырлаған төрт түлік мал,
Есетін Солтүстіктен салқын самал
(М.Жұмабаев).
52
Таңдап алынған мысалдан байқағаным, кей жағдайда өлең жолдарының алғашқы тармағында
бірыңғай бастауыштар түгелімен кездесіп, екінші
тармақ баяндауыштан басталып, тиянақты ойды
білдіріп тұр. Келесі бір мысалдарды халқымыздың қайталанбас ойышылы Абай Құнанбаевтың
өлеңдерінен алсақ :
Қорқытпа мені дауылдан,
Дүрілдеп тұрса тау мен сай.
Шатырлап тұрған жауыннан,
Жарқылдап тұрса түскен жай.
Айттым сәлем, Қаламқас,
Саған құрбан мал мен бас.
Сағынғаннан сені ойлап,
Келер көзге ыстық жас.
Қорытындылай келе, алғашқы сөйлемі бастауыштан және баяндауыштан басталатын тізбекті күрделі
синтаксистік тұтастық көбінесе прозаға қарағанда поэзияда көп ұшырасатынын байқадық және
салыстырмалы түрде бастауыштан басталатын тізбекті күрделі синтаксистік тұтастықтың өте жиі
қолданылатындығын аңғардық.
Достарыңызбен бөлісу: