Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары


Keywords:  pronouns, text, syntactic function



Pdf көрінісі
бет94/565
Дата07.02.2022
өлшемі7,82 Mb.
#90763
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   565
Байланысты:
2

Keywords: 
pronouns, text, syntactic function.
 
Адам сөйлегенде қоғамдағы, қоршаған ортадағы белгілі бір зат немесе құбылыс жайында күрделі 
ойын жеткізеді. Ойын жеткізу барсында сол заттың әртүрлі сипаттарын, тілдік таңбасын тірек етеді. Кез-
келген ойды тиянақты әрі жүйелі жеткізу тек мәтінге тән сипат екені белгілі. Ал осы мәтін өз ішіндегі 
байласымды қалай құрады? Бұл тұста әрине мәтін ішінде сөздер, сөз топтары, тұтас сөйлемдердің тобы 
құралып, олар құрылымдық-мағыналық жағынан тығыз байланыста тұрады. Осы байланысты құрауда 
есімдіктердің де орны ерекше.
Ахмеди Ысқақов өзінің «Қазіргі қазақ тілі» кітабында есімдіктердің синтаксистік қызметі жайында: 
«Синтаксистік жағынан есімдіктер, әр түрінің ерекшеліктеріне қарай, демек, қай сөз табының орнына 
жүретініне қарай, бастауыш та, толықтауыш та, анықтауыш та, баяндауыш та болып, қызмет атқара 


53 
береді. Дегенмен мағыналық ерекшеліктеріне қарай, әрбір есімдік белгілі бір синтаксистік қызметтерге 
бейім болып отырады» деген болатын [1; 210]. 
Жантас Жақыпов «Сөйлеу синтаксисінің сипаттары» атты еңбегінде: «Есімдіктердің синтаксистік 
қызметін оның сөйлемнің қандай мүшесінің қызметін атқаратынын анықтауымен ғана шектейді екенбіз. 
Бұл – жаңалық емес, өйткені есімдіктер есімдердің орнына жүретін сөздер болғандықтан, сөйлемнің 
қандай да болмасын мүшесі бола береді» деген көзқарасын жеткізді [2; 44]. Ғалымның айтуы бойынша 
есімдіктердің тіл білімінен алатын орны – орынбасарлық қызмет. Есімдіктердің синтаксистік құрылыстан 
алатын орнын да оның осы қызметінен іздеу жөн деп келтіреді.
Жуынтаева Зәмзәгүл «Сөз таптарының мәтінтүзімдік сипаты» атты еңбегінде есімдіктердің мәтін-
түзімдік сипатына ерекше тоқталып: «Есімдіктердің жалпылама мағынасы контекст аясында айқын-
далады, олардың мағынасы тым жалпы. Есімдіктердің дәл нақты мағыналары өздерінен бұрын айтылған
сөйлем ынғайына қарай білінеді» [3; 44] деп келтірген болатын. 
Аяужан Таусоғарованың: «Есімдіктер тақырып пен контекст байланысында ғана емес, контекстегі 
ситуациялардың, сөйлемдердің байланысында да маңызды» [4; 22] деген пікірін де назарға алу керек. 
Олай болса, есімдіктердің мағыналық түрлерінің сөйлемге қатысуы арқылы сол сөйлемді тинақсыз 
етіп, басқа сөйлемдермен байланыстыратынын, солай мәтін түзуге қабілетті екенін байқауға болады. 
Бәрімізге белгілі жіктеу есімдіктері үнемі арнайы бір жақты көрсету мақсатында жұмсалады. Сол 
қасиетіне орай үнемі сөйлеуші, тыңдаушы және бөгде кісі деген ұғымдармен байланысты қолданылады 
[3; 50]. Мысалы:

«Қанатым едің, арыстандай арысым едің , не жазығың бар еді? Сен не көрмедің? Мен 
тірі қалғанша, бірге неге өлмедім» деп өксіп-өксіп көп жылап, Бақтығұл қалды (М.Әуезов
) Осы сөйлем-
дегі 
сен
жіктеу есімдігі тыңдаушыны, 
мен 
есімдігі айтушы жақты білдіріп мәтін түзіп тұр. 
Бақтығұл 
жаңағы қауіп мүйнеті енді еркіндікке ауысқанда, тез-тез қараңғы сайға түсіп, қарағайға кіріп, адас-
тырып кетпек болып, шаба жөнелді. Ол мына шаба жөнелгеннен-ақ, өкпе тұсынан қосылмақ болып, 
көлденеңдей шапты.
Бұл екі сөйлемді ұштастырып тұрған – бірінші сөйлемдегі
 
Бақтығұл
сөзінің орнына 
екінші сөйлемде 
ол 
жіктеу есімдігінің жүруі. Егер екінші сөйлемді контекстен тыс алсақ, ол сөйлемдегі ой 
тиянақсыз болар еді, өйткені 
ол 
кім екендігін біле алмаған болар едік. 
Мәтіннің құрылымдық бірлігін қалыптастыруда сілтеу есімдіктері үлкен қызмет атқарады. Сілтеу 
есімдіктерінің сөйлемдегі ойды тиянақсыз, контекстке тәуелді етуінің және аяқталған сөйлемдерді 
байланыстыруының өзіндік ерекшеліктері бар. Бұлар анфоралық та, эпифоралық та бағытта нұсқай 
алады. Анафоралық сілтеу есімдігі өзінен бұрынғы қандай да бір мүшеге қатысы болуы мүмкін, демек, 
бұдан іргелес байланысты да, кейде алшақ байланысты да байқаймыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   565




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет