Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет20/565
Дата07.02.2022
өлшемі7,82 Mb.
#90763
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   565
Байланысты:
2
1240 debi m 1201 ra prezentatsia, sor.soch-dnie-tarihy-10-synyp.-iii-tosan, instr ent 2021kz, Сарманбай А АБ 2
1. – 
Е, не бұйрық? 2.Немене тағы: ел көшті, жау 
жетті деп шетіңнен? – деді де, қабағын түйіп, Қамысбайға ашумен қарады. 3.Бірақ қырыс атшабар 
қайысқан жоқ. 4.– Бұйрық сол, үй тігесіңдер
(
М.Әуезов). Соңғы сөйлемдегі 
сол
сөзі келесі компоненттегі 
ойға сілтеу жасап тұр. 
Төмендегі мысалға назар аударып көрейік. 
Бұл қорлыққа шыдағанша өлген артық! – дегенде, Бөкенші, Борсақтың тағы бірнеше жас 
жігіттері аттарын тебініп, ілгері шыға берісті. 
– 
Жер ашуы – жан ашуы!… 
– 
Бұдан арғы амандық садағам!… 
– 
Қашанғы шыдаймыз? 


12 
– 
Қорқа-қорқа тапқаның осы ғой! 
– 
Бұға-бұға болдыңдар ғой осы!… 
– 
Етекбасты ғып өлтірдіңдер ғой осы, сендер-ақ!… деп бәрі де Сүйіндік, Сүгірге қадалды.
Сүйіндік бұл сөздерді өз басына тиген қамшыдай сезіп, қатты ширықты 
(
М.Әуезов). Бұл 
контекстегі жас жігіттердің айтқан сөздерінің орнына соңғы сөйлемдегі
бұл
сілтеу есімдігі (яғни бұл 
сөздерді …) жұмсалған. Сонда бұл есімдігі сол шоғырда айтылған сөйлемдердің орнында қолданыс 
тапқан. Осыдан аңғаратынымыз: көбінесе сілтеу есімдіктері бірнеше сөйлемдердің немесе бір абзацтағы 
ойдың орнына қолданылуы. 
З.Ш. Ерназарова «Сөйлеу тілі синтаксисінің прагмалингвистикалық аспектісі» деген еңбегінде: 
«
Дейксистер сөз мағынасын қолданыс үстінде жаңа мәнмен байытады. Оны «сілтеме мән» деп атауға 
болады. Сілтеме мән (дейксистік) деп сөйлеу жағдаятында денотаттың жақтық кеңістік, мезгілдік бағ-
дарын белгілейтін сөз мағынасының прагматикалық қабатын ұғынамыз. Сөздердің прагматикалық 
мәнінің сілтеме түрі сөйлеу әрекеті үстінде қолданысқа түседі. Дейксистік элементтерге 1) жіктеу есімдігі, 
2) сілтеу есімдігі, 3) үстеу, 4) етістіктің семантикасындағы дейксистер жатады» [5,53] десе,
Ж.Т. Қайшығұлова: «Дейксис алдында айтылып кеткен адамды, затты, құбылысты іздей бастайды. Іздеу-
дің жылдамдығы мен қорытындысы түрлі факторға байланысты, бір тәсілі – идентификациялау. Иденти-
фикация қазақ тілінде, әдетте, 1-сөйлемде беріледі. Абзацтағы 1-сөйлем негізгі ойды білдірсе, қалған 
сөйлемдер сол ойды дамытады, қорытады. Абзацтың басында айтылған ой, құбылысты дейксистер 
арқылы беріп отырады. Яғни оларсыз мәтін түзу мүмкін емес. Дейксистің қызметін атқарушылардың ең 
негізгісі есімдік болып табылады» [6, 27], 

дейді. Байқап отырғанымыздай, осы пікірден есімдіктердің 
мәтінтүзудегі қызметінің ерекше екендігі аңғарылады. 
Сілтеу есімдігінің сөйлемдегі ойды тиянақсыз, контекске тәуелді етуінің және аяқталған сөйлемді 
байланыстырудың өзіндік ерекшеліктері бар. Бұлар анафоралық та, эпифоралық та бағытты нұсқай алады 
[7, 47].
1. 
Сүйіндік пен Сүгірді, Жексенді қосып алған осы топ дәл осы күн түсте Шыңғыстағы Бөжей 
аулына келді. 2.Оның қыстауы Тоқпамбет дейтін қалың шалғынды, мол тоғайлы, ең бір құйқалы қыстау 
еді. 3.Бөжей өз атасы Кеңгірбайдан ата қоныс есебінде мұра қып қалған жері осы 
(
М.Әуезов).
2-
сөйлемдегі Тоқпамбет дейтін қалың шалғынды, мол тоғайлы, ең бір құйқалы қыстау еді деген сөз 
тіркестерінің орнына анафоралық бағытты, яғни өзінен кейінгі ойды сілтеп тұрған

осы есімдігі.
Төмендегі мысалдан эпифоралық бағытты байқаймыз.
1. 
Байдалының жауабы сол. 2. Екі иттің бауыр сыртынан дүрені соғып-соғып, Майбасарға қып-
қызыл жоса қып қайтар, - деді!… 3. Ал!…Тұр бәлем! – деп кеп, Қараша Қамысбайдың басына өзі мініп 
алып, құйрығы мен жонынан шықпырта берді. 4. Жұмағұлды Үркімбай мен өзге жігіттер де сондай 
сабады 
(
М.Әуезов). 1-сөйлемдегі 
сол
баяндауышы өзінен кейінгі сөйлемдердің орнына қолданылған.
Cілтеу есімдіктерінің жеке етістік сөздер орнына қолданылу дағдысы кездеспейді. Бірақ сілтеу есім-
діктері түгел бір сөйлемнің және ондағы берілген әр қилы ойлардың, іс-әрекеттердің орнына қолданыл-
ғанда, ондағы ауыстырылып алмасатын мағыналардың жетекші мәні сол етістік сөздердің бойына 
топталады [2, 486]. Бұл пікірді мысалдар арқылы дәлелдеуге болады. 
1. 
Сол-ақ екен, бар Бөкенші, Борсақ 
тегіс: “Ой бауырымдап” Жексеннің артынан шаба-шаба жөнелісті. 2. Сүйіндік те солармен кетті.
3. 
Байсал мен Құнанбай бұл арада енді тұра алмай, үндемей томсарған күйлерінде сырт айналып кетіп 
еді. 4. Құнанбай өз ішінен: “жаңағы сөзді оңат айттым-ау, қап!” – деді. 5. Бірақ Байсалға сыр берген 
жоқ. 6. Қайта Бөкеншінің мына мінезіне сылтау іздеп, өзінше соны таптым деді
(
М.Әуезов). Күрделі 
тұтастықтағы соңғы сөйлемдегі 
мына
есімдігі түгелдей бір ойдың орнына, әрі анафоралық позицияда 
қолданылған. Немесе: 
1. 
Алшынбай белгілі би Тіленшінің баласы, одан арғы атасы – Қазыбек би.
2. 
Осының бәріне қарағанда Абайдың қалыңдығы Ділдә тіпті бір үлкен, асқақ жердің қызы тәрізденеді. 
3. 
Сол қалыңдықтың қалың малы да осал болмаған болу керек. 4. Үйткені Құнанбай аулынан Қарқаралы-
ға қарай шығатын топ-топ жылқы, түйе, көбінше, осы Алшынбай аулына барушы еді. 5. Жалғыз ғана 
құдалық па, жоқ басқа да ілік пе, әйтеуір Алшынбай, Құнанбай әбден айқасқан, ішек-қарын араласқан 
дейтін жақындардың өздері. 6. Майбасар, Жақыптардың Алшынбай аты аталғанда аял қылмай 
жөнелетін себебі осы
(
М.Әуезов). Күрделі синтаксистік тұтастықта соңғы сөйлемдегі 
осы 
сілтеу есімдігі 
алдыңғы тұтас ойдың орнына қолданылып, Майбасар, Жақыптардың Алшынбай аты аталғанда аял 
қылмай жөнелетін себебі не екенін түсіндіру үшін берілген.
 
Жоғарыда айтып кеткендей, сілтеу есімдігі эпифоралық та позицияда жұмсалады. 
1. 
Бақанастың 
суық бетке әзірленіп жүрген елінің бүгін күні бойғы аузындағы сөзі осы болды. 2.”Арыздасып жатыр 
дейді! Байсал, Байдалы, Түсіптер жыласып арыздасыпты дейді!”, “Науқасының бетінен ағайын 
шошиды дейді!”, “Жазым боп кете ме қайтеді?” – деседі
(
М.Әуезов). Синтаксистік күрделі бірліктегі 


13 
осы
эпифоралық сілтеу есімдігі өзінен кейінгі сөйлемдерде қандай сөздер айтылғандығын көрсетіп тұр. 
Бұдан эпифоралық есімдіктердің де мәтін байланыстырудағы қызметі айырықша екендігі байқалады.
1. 
Жұмабай көк құнанды зорға тоқтатып алған соң, Абай Сағитты маңайлатпай қуып жіберіп, сол 
бәледен Жұмабайды да, құнанды да өзі құтқарып шыққан. 2. Бұлар Қазіреттің қорасына кіріп, асау 
құнанды ат қораға байлағанда, қазірет өзі көріп сыйлық екенін іші біліп, үн қатпаған болатын 
(М.Ә.). 
Бұл жерде 
бұлар
сілтеу есімдігі 1-сөйлемдегі Абай мен Сағит сөздерінің орнына қолданылған.
1. 
Жұрт жапыр-жұпыр атқа мінді. 2. Ырғызбай жігіттері қаруларын қолға алған. 3. Өзге де ел 
тегіс қару алды. 4. Бұл уақытта жел қатайып, күн суытып, таңертеңгі қиыршық қар енді бетке сабап, 
қалыңдап түсіп тұр
(
М.Әуезов). Келтірілген үзіндідегі 
бұл уақытта
деген тіркесте 
бұл
сілтеу есімдігі 
өзінен бұрынғы сөйлемдегі ойларға қатысты болып, кейінгі сөйлемде бұл есімдігімен қоса қайталанып, 
оны нақтылау үшін қолданылған. Қабыса байланысқан сілтеу есімдіктері тілімізде өте жиі кездеседі. 
Мағжанның“Бояулы суыр” өлеңінің басындағы: 
Бiр суыр адасыпты оттап жүрiп, 
Кез болды бiр ауылға көп қаңғырып. 
Ит қуалап тыққан соң иесiз үйге, 
Бояу толы шелекке кеттi кiрiп, 

деген бірінші шумақтағы 
бір суыр
сөзінің орнына өлеңнің ең соңғы (он бесінші) шумағындағы
 
бұл 
сілтеу 
есімдігі ойды аяқтап тұрғандығы, әрі шумақтардың арасын байланыстыруға атсалысып тұрғандығы 
байқалады: 
Жiгiттер, бұл суырды қылма мазақ, 
Осыдан естiлерiң болады аз-ақ. 
Бояуды да бағым деп күн өткiзiп, 
Қол жетпеске ұмтылған көп қой қазақ. (М.Жұмабаев). 
Дейксистердің контекспен мағыналық байланысы да әр қилы болып отырады. Олар өзінен бұрын не 
соң айтылатын сөйлемдегі сөздермен тікелей мағыналық байланыста болады да, мәтін бірліктерін (мәтін 
ішіндегі сөйлемдерді) байланыстырады. Дейксистер өзіне дейін аталған, болып кеткен белгілі бір затты, 
сан-сапаны, құбылысты, іс-әрекеттерді көрсетіп, сілтеп отыратын тілдік құралдар болып табылады. 
Тұтастай алғанда, мәтіннің ақпараттылық мәнін күшейтеді [8,32] деген көзқарасты біз де жоғарыда 
келтірілген мысалдардан байқадық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   565




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет