165
қорын дамытып, оның әртүрлі сөйлеу жағдаяттарында қатысымдық (коммуникативтік) құзыреттілігін
нығайтады. Бұл қатысымдық (коммуникативтік) оқыту әдісінің тілдесімге бағытталған түпкі мақсаты - тіл
үйрену процесіне қатысушыларды отандық қазақ тілді оқу материалдары мен құралдары арқылы белсенді
тілдік қатынас әрекетінің айналасында оқу үрдісін ұйымдастыру болып табылады.
Тілді оқытуда қатысымдық әдістің көптеген жақтаушылары сыныпта «түпнұсқа» (authentic)
материалдарды (ТМ) қолдануға кеңес берді. Өткен ғасырдың 70-ші жылдарының ортасынан бастап тілді
оқытудың коммуникативті әдісі айналасындағы «тынымсыз» ізденістер тілді оқытуда түпнұсқалық
дүниелерді қолдану студенттердің бойында қажетті дағдылармен қатар мәдени мазмұнды да сіңіретінін
анықтады (Адамс, 1995; Виддовсон, 1979, Виддовсон 1990). Сонымен, мақала көтерген мәселеден туын-
датып, оқытудың қатысымдық әдісінің негізгі мақсаты – сөйлесім әрекетінің түрлері (айтылым, жазылым,
тыңдалым, оқылым, тілдесім) арқылы «...
сөйлеу мәнерін қалыптастырып, тілдік қатынас пен қағида-
лардың жүйесін басшылыққа алып [8:78], тіл үйретудің тиімді жолы ретінде ТМ-ны қолдана отырып,
іскерлік мазмұнда қазақ тілін қарым-қатынас құралы ретінде іс жүзінде асыру болып табылады.
Назарбаев Университетінде (НУ) қазақ тілін оқыту оқу орнының алғашқы құрылған күнінен бастап қолға
алынған маңызды іс-шара болып табылады, қазақ тілін оқыту бағдарламасы міндетті пән ретінде 6 кредит
көлемінде жүреді. Бұл бағдарлама университеттің Академиялық Кеңесінде «Қазақ тілін оқыту саясаты»
аясында заңдастырылды (жаңа
редакциясы, 26.06.2019 ж.). Қазақ тілін оқыту саясаты әр студенттің
таңдаған мамандығы бойынша «бакалавр» академиялық дәрежесін ала отырып,
халықаралық дәрежеге
сай біліктілік пен кәсіби даярлық деңгейін жүйелі түрде арттыруға бағытталған және студенттің
қажеттілігіне сәйкес қазақ тілі курсы бойынша базалық, академиялық, кәсіби, тереңдетілген мазмұндағы
академиялық треакториясын құрайды. «Еуропалық деңгейлер жүйесіне сәйкес қазақстандық әдістемеші-
ғалымдар да өзге ұлттарға қазақ тілін үйрету үшін алты деңгейді ұстанады. Ол деңгейлер жүйесі
А1,А2,В1,В2,С1,С2 деп аталатын үш ірі деңгейден тұрады» [9,7]. Осы деңгейлердің университет
бағдарламасымен сәйкестігін төмендегі кестеде белгілеуге тырыстық.
Достарыңызбен бөлісу: