Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет355/565
Дата07.02.2022
өлшемі7,82 Mb.
#90763
1   ...   351   352   353   354   355   356   357   358   ...   565
Байланысты:
2

Түйіндеме:
Бұл мақалада
 
креативті оқыту технологиясын іске асыру ұстанымдары мен тұжырым-
дамасы, фила-коучинг әдісі қарастырылған. 
Тірек сөздер: 
креативті оқыту технологиясы, оқытушы, фила-коучинг әдісі, үдеріс, білім алушылар.
 
 
Аннотация: 
В данной статье рассматриваются принципы и концепция внедрения креативных 
технологий обучения, метод фила-коучинг. 
Ключевые слова: 
креативная технология обучения, преподаватель, метод фила-коучинг, процесс, 
обучающиеся.
 
 
Annotation: 
This article deals with the principles and concept of the introduction of creative learning 
technologies, the fila-coaching method. 
Keywords:
creative learning technologies
, teacher, 
the fila-coaching method
, process, students. 
Тұлғаның өзіне деген сенімін арттырып және іс-әрекетін демеп, қабілетін дамытып, шығармашылық 
жұмысының бастамасын дамытуға және тежеуге жағдай туғызатын шығармашылықты оқытушы. Жалпы 
педагогикалық процесте шығармашылық мәселесі маңызды орын алады. Озат ұстаз оқушылардың 
шығармашылық қабілетін дамыту барысында оқыту мен тәрбиелеу әдістерінің жаңа түрлерін іздей 
отырып, өзі шығармашылықты тұлға болып дамиды. Бұл мәселе белгілі психологтар мен ғалымдар
Л.С. Выготский, С.Л. Рубин-штейн, А.Г. Ананьев, А.Н. Леонтьев, Слас-тенин, А.В. Крутецкий,
Ю.Л. Львова, республикамыздағы танымал ғалымдар М.М. Мұқанов, Н.Д. Хмель, С.В. Илларионов 
еңбектерінің өзегі болып табылады. 
Педагогикалық еңбекті шығармашылық процесс ретінде қарастырған В.И. Загвязинский, В.А. Кан – 
Калик, Н.Д. Никандаровтың зерттеулерінде ұстаз шығармашылығының психологиялық негіздері, 
мұғалімнің жеке шығар-машылығын қалыптастыру жолдарына талдау жасалады.Тұлғаның шығармашы-
лығы қоршаған әлемді өзгертіп, жаңа небір құнды-лықтарды құра алатын өзбетті, әрі белсенді тұлға 
формасы ретінде анықталады.Қоғамдық маңызы бар шығармашылық қоғам мен елдің процесін 
анықтайды. Д.Б. Богоявленская тұжырымдамасына сай шығармашылық адамның бастамасы бойынша кез 
– 
келген іс-әрекет түрінің дамуы мен анықталады [1,85]. 


233 
Оқыту технологиясының ерекшеліктері ғалымдар зерттеулерінде әр қырынан көрінеді. Бұл туралы 
ғалым М.М. Жанпейісова былай дейді: “Оқыту технологиясының біз әзірлеген нұсқасының бір 
ерекшелігі – оның білімді меңгеруге емес, тұлғаның танымдық, шығармашылық қабілеттерін және 
танымдық процестерді: яғни, жадының алуан түрлерін (есту, көру, қимыл және т.б.), ойлауды, ынтаны, 
қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, сондай-ақ 
тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі өзектендіру, өзін-өзі бекіту, қарым-қатынас, ойын, танымдық және 
шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, белсенді сөздік қорын (ауызша және жазбаша) 
дамытуға бағытталуы” [2,5-б.], – деп тұжырымдайды.
Ғалым Қ.Қ. Мұқанова: “Педагогикалық технология – педагогика ғылымының оқыту, білім беру, 
оның мақсатын, мазмұнын және әдістерін зерттеп, айқындайтын және педагогикалық үрдісті алдын ала 
жобалайтын, алға қойған мақсатқа жетуге кепілдік беретін бір бөлшегі. Ол – білім стандартында 
көзделген оқыту нәтижелеріне қол жеткізу жолындағы мақсат, мазмұн, әдістер мен құралдардың біртұтас 
қызметін бейнелейтін үрдіс”, – дейді [3, 12-б.]. Қазақ тiл бiлiмiнде алғаш қатысымдық тұлғалардың 
теориялық негiзiн айқындаған ғалым-профессор Ф.Оразбаева. Ол сөйлеу процесiнде қатысымдық 
тұлғаларды қолдану үшiн оқушылардың сөйлеу дағдылары мен икемдiлiктерi болуы керек деп сөйлеу 
дағдысын сөйлеу процесiнде қатысымдық тұлғаларды шығармашылықпен қолдану қабiлеттiлiгiне 
жатқызады [4.24]. 
Демек, тұлғаларды шығармашылық қабiлеттiлiгiне дамытатын қатысымдық әдiс – Фила-коучинг. 
Бұнда мұғалiм мен оқушы арасындағы тiлдiк қатынасты жүзеге асыратын, оқушылардың сөйлеу 
формаларын, тiл мәдениеттерiн жетiлдiретiн, тiлiн дамытатын, осы мәселелердi бiр арнаға тоғыстыратын 
оқыту әдiстерiнiң бiрi.
Фила-коучинг – бұл сұқбаттастардың бірі сұрақ қойып, екіншісі жауап беретін әңгіме. Қарапайым 
коучингтен айырмасы коучтың орнында елестетілетін кеңесшінің болуында. Оны сіз өзіңізді шабыттан-
дыратын адамдардың ішінен таңдайсыз (бұл сіздің замандастарыңыз да, сондай-ақ тарихи кейіпкерлер де 
болуы мүмкін). Филаның пайдалы әсері қолданбалы міндеттерді шешумен шектелмейді. Оны шығарма-
шылық ынталандырғыштың бір түрі ретінде ғана емес, сонымен қатар сіз қатысатын клуб немесе мектеп 
ретінде де қабылдауға болады. Бұл үшін фила мүшелерінің өмірі және жұмыстарымен тереңірек танысу 
және оны туындайтын міндеттерді шешу үшін пайдалану жеткілікті. Өз филасының мүшелерімен танысу 
үдерісінде сіз өз кезегінде олар үшін қанаттандырушы қызметін атқарған адамдарды да танисыз және 
оларды өз филаңызға кіргізгіңіз келуі де әбден мүмкін. Солайша сіздің филаңыз, сонымен қатар сіз де 
онымен бірге табиғи түрде өсетін боласыз. Ежелгі гректер фила деп бір рубасыдан тараған, бір-бірімен 
туыстық байланыстағы тайпаның бір бөлігін атаған. Бұл техниканы жасауда маған Thinkertoys кітабынан 
Майкл Микалконың «Даңқ залы» техникасы негіз болды. Фила-коучинг – бұл фила кейіпкерлерімен 
болған диалогтар негізінде құрылған шешімдерді табудың рөлдік техникасы. Ол күрделі жағдайларда 
жұмыс жасауға, қол жеткізу қиын мақсаттармен жұмыс жасауда, нәтижесі ашық міндеттермен жұмыс 
жасауда, яғни жеке де, сондай-ақ кәсіби салада да шешімі көрінбейтін жерлердің бәрінде де жақсы 
қолданылады. 
Фила-коучингтің міндеті – біздің ойлау стиліміздің шектеулерін жеңу. Тіпті егер біз жай ғана өзімізге 
өзіміз сұрақ қойып, өзіміз жауап берсек, бұл да жақсы, себебі сол арқылы біз үнемі өзімізді таңдау 
позициясына қоямыз және сол үшін бұрынғыдан да жауапкершілікпен ойлаймыз. Алайда фила-коучинг 
одан әрі барады, ол сұрақты басқаларға – өзіміз таңдаған «дербес кеңесшілерге» қоюды ұсынады. Бұл 
басқа адамдардың ойлау стильдерін байқап көруге, жағдайға басқа көзқараспен қарауға, бай қосымша 
ресурстарды қосуға мүмкіндік береді. Мысалы, нұсқаулық: 1. Өзіңіздің міндетіңізді не мәселеңізді 
тұжырымдаңыз және оны сұрақ түрінде жазыңыз. 
2. 
Өз филаңыздан сізге осы міндетті шешуге жақсы көмектесе алатын кейіпкерді таңдаңыз; 3. 
Кейіпкермен болатын диалогты алдын ала дайындалған схема бойынша жазбаша түрде құрыңыз 
(төменде қараңыз). Кейіпкер бұл ретте сұрақтар қоя отырып коуч ретінде болады, ал сіз оларға жауап 
бересіз; 4. Диалогты үзілістен кейін қайта оқыңыз. Сізге қызықты болып көрінгеннің немесе эмоционал-
ды түрде әсер еткеннің бәрін белгілеңіз. Әңгіме нәтижелерін тағы да бағалаңыз және жақсы табыстарды 
жоғалмайтындай жерге апарыңыз (міндеттер, шешімдер, күнделіктегі жазбалар, т.б. түрде). Мұндай 
жұмыстың нәтижелері, мысалы, мыналар болуы мүмкін: • Міндеттер – жағдайды өзгертіп, қажетті шешім 
әкелетін нақтылы әрекеттер. • Мақсатқа жету үшін, өмір сүру салтын өзгерту үшін қалыптастыру керек, 
ендіру керек әдеттер. • Іздеудің жалпы бағыты, міндетті шешу стратегиясы. • Жаңа түсінік, жаңа елестету, 
үлкен сезіну, т.б. Grow-модель бойынша диалогты құру сызбасы. Джон Уитмордың, коучингтің негізін 
салушылардың бірінің Grow-моделі төрт кезеңнен тұрады: міндетті қою, жағдайды сипаттау, мүмкін-


234 
діктерді іздеу және әрекеттерді таңдау. Төменде біз осы сызба бойынша қысқаша сұрақтар тізімін 
келтіреміз. Сіздің кейіпкеріңіз оларды басқаша тұжырымдауы мүмкін немесе тіпті басқа сұрақтарды 
ұсынуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   351   352   353   354   355   356   357   358   ...   565




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет