231
1.
Монолог сөз үнемі белгілі жоспарға сәйкес құрылады, бұл алдын ала даярлықты тілейді.
2.
Монолог сөздерге логикалық жағынан қатаң талаптар (мәселен, баяндамашы мен лектор сөзінің
мағыналылығы мен түсініктілігіне ерекше көңіл бөледі).
3.
Монолог сөз мәнерлі, адамға әсер ететін моменттерді (сөзді сазына келтіріп айту) көбірек қажет
етеді.
Диалог және монолог сөздер көбінесе беттің мимикасының өзгеруімен, ымдау сипатындағы түрлі
қозғалыстармен қосарланып отырады. Диалогтің табиғаты диалогке
қатысушылардың бірінің сөзі
екіншісінің тиісті жауап реакциясының тууына түрткі болатын репликалардың алмасуында ашылады.
Диалогтік қатысымның дәл осы ерекшелігі қазіргі уақыттағы диалог теориясының репликаларды реплика
–
стимул мен реплика – реакция етіп бөліп, диалог барысындағы олардың орны да белгіленген болады.
Сөйлемдер арасында орнайтын семантикалық аспектіні сөйлеуші субъектінің дүниетанымы, ойлауы
шындықты қабылдауы тұрғысынан бағалауға болады. Ортақ тақырыптың айналасында, ойлаудың жалпы
түрлері негізінде сөйлесімдер арасында әр түрлі мағыналық байланыстар орнайды.
«Қазақ әдебиеті» пәнінің мазмұнын меңгерту барысында жоғарыда аталған бағдарлама мазмұнына
сәйкес пәндік білімнің мазмұны бөлімдерге бөлінген: түсіну және жауап беру, анализ және интерпрета-
ция, бағалау және салыстырмалы анализ, сонымен қатар дағдыларды
қалыптастыратын бөлімдерден
тұрады. Осы оқу мақсаттарына сай әдебиет оқулықтарында диалогтық қарым-қатынас тапсырмалары
қалай берілгеніне тоқталайық:
1.
Түсіну және жауап беру. Оқу мақсаты: 8.1.2.1 – әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық
мүдде тұрғысынан ашу. Тапсырма: Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығы бойынша: «Шәкәрім және
XXғасыр басындағы қазақ басылымдары» тақырыбында әңгіме өрбітіңдер. Білгендерің туралы бір-біріңе
айтып беріңдер.
2.
Анализ және интерпретация. Оқу мақсаты: 8.2.2.1 – автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-
қатынасының тілдік көрінісін талдау.
3.
«Қорқыт» шығармасы бойынша:
4.
Жырдағы кейіпкерлердің сөздеріне диалог құрап айтып беріңдер;
5.
Қорқыт нақыл сөзерін негізге ала отырып, диалогтік сауал-жауап құраңдар.
6.
Шалкиіз жыраудың «Би Темірге бірінші толғау» шығармасы бойынша 8.2.4.1 –
шығармадан
алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазу оқу мақсаты бойынша:
7.
«Ақылсыз дос-адамға сын» тақырыбында өз ойларыңды баяндаңдар. Толғаудан дәлел тауып,
мағынасын түсіндіріп беріңдер.
8.
Бағалау және салыстырмалы анализ. Оқу мақсаты: 8.3.1.1 – шығарманың тақырыбы мен идеясын
осы тектес басқа шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау.
9.
«Қорқыт» шығармасы бойынша:
10.
«Ұлдың күні күн емес-атадан мал қалмаса, Ата малы пұл емес-баста ақыл болмаса» нақыл сөзі
идеясының негізін өмірмен,
ата-ана еңбегімен, біліммен байланыстыра отырып, ойға түйгендеріңмен
бөлісіңдер.
«Оқу мақсаты»: 8.2.1.1 – композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау.
«Қожа Ахмет Йасауи» шығармасы бойынша:
«Диуани хикмет» еңбегінің құрылысы қандай? Қазақ қаласында сақталған басылымында қанша
хикмет бар? Білгендеріңді бір-бірлеріңе түсіндіріп беріңдер.
Талданып отырған оқулықтарда барлық шығармалар бойынша тілдесімнің монолог түріндегі
тапсырмалар жеткілікті қамтылған: көркем шығармадан алған
әсерін сипаттап авторға хат, өлең, эссе
жазу. Сөйлесімнің қай түрін алсақ та әдебиет сабақтарында сөздің анық, ашық, сенімді айтылуы міндетті
және төмендегі талаптарды ескеру қажет: біріншісі –
Достарыңызбен бөлісу: