Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет405/565
Дата07.02.2022
өлшемі7,82 Mb.
#90763
1   ...   401   402   403   404   405   406   407   408   ...   565
Байланысты:
2

 
 
1. Ақындық әлем, азаматтық әуен 
Ақындық өнер – А.Бақтыгерееваның шығармашылық тұлғасын құрайды. Әу бастан-ақ «Депутатың-
мын туғаннан, / Дауыссыз, даусыз сайланған» [1, 191 б.] – деп жырлаған ақынның шығармашылық әлемі 
оның азаматтық ұстанымымен біте қайнасып жатыр. Әр жылдары жарық көрген «Қуанышым, іңкәрім» 
(1971), «Сені ойлаймын» (1973), «Ақ қанат» (1975), «Жайық қызы» (1980), «Ақ желең» (1985), «Сүмбіле» 
(1990), «Ақ шағала» (2001), т.б. жыр кітаптарының шоғырын түйіндеген «Қайран, қарлығаштар-ай!» 
(2014) [2], «Шығармаларының» 3 томдығы (2014) [3-5], «Екі томдық таңдамалы өлеңдер» жинағы (2018) 
[6-7] – 
қорытындылай түседі және бұлар – ақынның шығармашылық әлемінің бітім-болмысын толық 
танытатын еңбектер. 
Ақын шығармаларын тақырыбына қарай топтасақ, бұның баршасы шарттылық қана. Ақұштап ақын 
жырламаған, толғамаған тақырып жоққа тән. Оның ақындық миссиясындағы бірінші ерекшелік, Ақұштап 
ақындығының айбарлы тұсы – ел мен жер, қоғамның, халықтың жайы алдыңғы орынға шығады. Өзі өмір 
сүріп отырған қоғамның беталысына, даму жағдаятына ақын сын көзімен қарап, өз көзқарасын, пайымын 
білдіріп отырады. Мәселен, «Әділет», «Ауылға хат», «Адрессіз бала», «Ішкіш әйел», «Ерлікті көзбен 
көрген күн» (Ақын Жұбан Молдағалиев рухына), «Бүркіт пен қарға» (ертегі ізімен), «Қазақ тілі», «Көк 
дөненнің кісінеуі (Ақын Қадыр Мырзалиев рухына), «Сөйлейді өктемдерді ығыстырып» (Шерхан 
Мұртазаға) т.б. өлең-жырларында қазақ ұлты мен жұртының жаратылысынына тән мінез-құлық, ұлттық 
характер, адами-имани қасиеттер оқырманын еріксіз баурайды. Ақын өлеңдері оқушысымен сырлас-
қандай, кеңескендей боп оқылғанымен оқырманына үлкен ой тастайды. Аталған туындылар түйінінен 
ақынның азаматтық ажары, сыни көзқарасы аңдалып, қоғам дамуындағы түйткіл мәселелер қозғалады.


278 
Ұлтының өсу-даму өткелі мен белесін ақын әлеуметтік және рухани-мәдени тұрғыдан қатар алып 
жырлайды. «Ауылға хатта» құрбысын сан қилы сұрақтың астына алған кейіпкер «Қалай жеңге, келіннің 
сыйластығы, / Кеткен жоқпа азайып жөргектері» немесе «Марғасқа деп аталған жігіттердің, / Бұрынғыдай 
биік пе мәртебесі?» деп, «Көршілердің түзу ме сәлемдері, / Ойнақтаған тату ма тай-құлындар?», 
«Ұлағатты сөз айтып, қымыз ішіп, / Той төрінен тарқай ма қариялар?», «Кешкі ертегі айтатын әжелерден, 
/ Бесіктегі жас сәби ән тыңдай ма?» - деп сауалдатады. Бұл туынды қазақ ұлтының барлық буынын 
қамтуымен, ұлттық менталитетті дәстүрлеу ұлағаттылығымен ерекшеленеді.
«Әділет» аталған өлең аты затына сай ақынның әділдік пен адалдықты ту еткен туындысы іспетті 
көрінеді. Өзі көзімен көріп, куә болған жәйттерді ақын әділеттен сұрап, оған тіл бітіре, жан бітіре 
сырласады: 
Әділет – қастерлі сөз алты-ақ әріп, 
Күнәңді талай жерде арқаладық, 
Бетпе-бет бір жолықшы,тым болмаса, 
Оңданып отырайық ортаға алып [3, 198 б.] 
Жұбан мен Қадыр ақынға, Шерхан суреткерге арналған өлеңдер өрімінде елі мен жұртының маңдай 
алды тұлғаларының адами келбеттері, жас ұрпаққа үлгі боларлық ерлікке толы іс-әрекеттері, халықтың 
оларға деген құрмет-сезімдері әсерлі баяндалады. Оқырманын ойландырып,толғандырып, бір мезет сезім 
жетегіне алып, рухтандырып, қайрап отыратын бұл шығармалардың өркенді елдің өсер ұрпағын 
тәрбиелеудегі маңызы зор болмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   401   402   403   404   405   406   407   408   ...   565




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет