Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет408/565
Дата07.02.2022
өлшемі7,82 Mb.
#90763
1   ...   404   405   406   407   408   409   410   411   ...   565
Байланысты:
2

Қорытынды 
Қазіргі қазақ поэзиясының көрнекті өкілі А. Бақтыгереева шығармаларының тақырыптық-идеялық, 
мазмұндық ерекшеліктерін айқындайтын бірнеше белгілер бар.
Біріншіден, ақын қай тақырыпты қозғаса да нысандық материалды өмірдің өзінен алады да, өзі 
белсенді мүшесі болып табылатын қоғамның күн тәртібіндегі әлеуметтік мәселелерге белсене араласады. 
Екіншіден, ақынның лирикалық кейіпкерлері күнделікті өмірдің өтінде жүрген, өмірдің ащысы мен 
тұщысын қатар тартқан замандастарымыз. Олардың басындағы қуанышты күндер мен бақытты сәттерді, 
азапты түндер мен мұң-қайғыны ақын өз оқырмандарына жеткізуді ақындық борышы санайды. 
Үшіншіден, ақын туындылары шағын мөлтекті сюжетке құрылып, өз оқушыларын нақты оқиғалар 
ортасына апарып, жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге насихаттайды, яки жеке адам тәрбиесіне 
араласып, жас ұрпақ бойына сөз өнерінің эстетикалық тәлімін сіңіреді. 
Түйіп айтқанда жоғарыда сарапталған ерекшеліктер А. Бақтыгерееваның ақындық шеберлігін, 
шығармаларының көркемдік әлемін және азаматтық ажарын танытатын басты белгілер болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   404   405   406   407   408   409   410   411   ...   565




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет