Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет411/565
Дата07.02.2022
өлшемі7,82 Mb.
#90763
1   ...   407   408   409   410   411   412   413   414   ...   565
Байланысты:
2

Keywords
: ethnos, people, history, migration.
Жер шарындағы ең ұзақ көштің бұйдасын ұстаған қазақтардың Алтайдан басталған көш керуені 
Үндістан, Пәкістан арқылы Түркияға жеткені, одан бүгінгі Еуропа қазақтарын қалыптастырғаны бәрімізге 
аян. Десе де, осы көштің қалай басталғаны, оның қалай қанды жолдарды басып өткені жайында аса көп 
біле бермейміз [1, 2]. Міне, бұл пікір біріншіден, қазақ болмысынан сыр шертсе, екіншіден халық 
тарихындағы көш ұғымының алатын орнын айғақтайды. Сол сияқты бірде «ұлы көш», бірде «қаралы 
көш», бірде «соңғы көш», бірде «салтанатты көш» сипатында көрініс ала отырып, үлкен мәнге ие.


281 
Жалпы «көш» ұғымының адамзат үшін алатын орны ерекше. Себебі ол – күнкөріс көзі, өмірді сақтап 
қалу тәсілі, жақсы тұрмыс іздеудің жолы. Бұл ұғым адамзатпен бірге туып, біте қайнасып кетті десек, 
қателеспеген болар едік. Ал қазақ ұлты үшін орны тіпті ерекше
.
Уикипедия – ашық энциклопедиясында: 
КӨШ 

 
көшпелі ортада адамдар тобының немесе этникалық 
ұжымның белгілі бір мақсатқа байланысты жолға шығу үрдісі. Көшпелі тіршілікті ұйымдастырудың ең 
басты элементерінің әрі тәсілдерінің бірі болып табылады.
Тарихи-этнографиялық деректерге және әдеби-тілдік зерттеулерге қарағанда, жыл он екі ай көшіп-
қонып жүрген қазақ арасында көштің бірнеше түрлері болған. Атап айтатын болсақ, 
ауыл көші, қыз көші, 
келіншек көші, 
т.б. Ал қазақ тарихында бұл аталған көштерден басқа бірнеше түрі бар. Соның көпшілігі 
халықтың өмірін сақтап қалу жолындағы күресі, жансауғалау тәсілі ретінде көрінеді. Сондай көштің бірі 
– 
үркін көш. 
Үркін көш. 
Қазақ әдебиетінде бұл ұғым туралы түрлі пікірлер бар. Үркін көш деп (ауылдың, тіпті 
рудың) белгілі бір саяси, әскери жанжалға байланысты, сондай-ақ, аса қауіпті індет шыққанда елдің 
мезгілсіз уақытта аяқ астынан көшуін айтады. Бұл жаугершілік заманындағы жаудан құтылу, тұтқиылдан 
жасаған шабуылдан қашу үшін зұлмат, қуғын-сүргін заманында жиі орын алған. Ал қатерлі ауру тараған-
да ауру адамдарды қалдырып көшіп, індет тараған аймақтан ұзап кетуге тырысқан. Мұндайда ауыл-
аймағымен берілген дабыл бойынша аз уақыттың ішінде үдере көшеді. Ондайда сән-салтанат жоқ, жанды 
аман алып қалу үшін малды жеделдете айдап жүреді. Мұндайда артық жүктерін жұртқа қалдырып, мүм-
кіндік болса 
көмбеге 
көміп кеткен. Мұндайда суыт жүріске ілесе алмайтын малдар да қалдырылған [2]. 
Халқымыз этнос ретінде тарих сақнасына шыққан күннен бастап үркін көшін бірнеше мәрте басынан 
өткізді. Соның барлығы рухани мұрамыз – әдебиетімізден көрініс тауып отырған. Соңғы ұрпаққа да әдеби 
мұра арқылы жеткен. Себебі тарихшылардың дәлелді пікір, бұлтартпас айғақтарының ғылым үшін аса 
қажеттілігін ешкім жоққа шығара алмайды. Ал шежіре мен тарихтың көпшілікке кең таралуы әдебиеттің 
үлесіне тиеді. Әдебиет сезімді селт еткізер сөз құдіреті арқылы ғалымға да, қарапайым жұртшылыққа да 
түсінікті, әсерлі етіп жеткізе алады. Көш туралы түсінік те сөз құдыреті арқылы халқымыздың санасында 
мықтап бекіп, орын алды. Халықтың қасіреті де, қуанышты күндердегі сән-салтанаты да көш көрінісінен 
танылып отырды.
Қазақ тарихындағы сондай көштің бірін «Елім-ай» жыр-дастанынан байқай аламыз. 
Бұл туынды 
көбінесе жоңғар шапқыншылығының ауыр кезеңіндегі халық басына төнген қауіп-қатер, азап-қиын-
шылықты, амалсыздан босқан қазақтың мұң-зарын көрсететін тарихи сазды өлең. Дастан еліміз егемен-
дік алғанға дейін 
халық өлеңі
ретінде танылып келгені белгілі. Соңғы зерттеулердің нәтижесі оның автор-
лық туынды екендігін дәлелдеп отыр. Зерттеу деректерінен авторы Қожаберген жырау Толыбайұлы
екендігі дәлелденген. «Қаратаудың басынан көш келеді» өлеңін ең алғаш рет баспасөзде жариялаған - 
М.Тынышбаев. Осы тарихи өлең туралы А.Байтұрсынұлы, Ж.Досқараев, Ә.Кекілбаев пен М.Мағауиндер, 
М.Оразаев, Ы.Дуйсенбаев, С.Сейфуллин, Қ.Жұмалиев, Н.С. Смирнова, Б.Уакатов, Г.Тұрсыновалар 
мақалалар жазған. Жыр өзінің сыршылдығымен, әуезділігімен қоса, тарихи кезеңнің хроникасы іспеттес. 
Жетпіс жылғы қызыл империя кезінің өзінде халық тарихын ұмыттырмаған осы дастан деуге де болады.
Қаратаудың басынан көш келеді, 
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді. 
Қарындастан айрылған жаман екен 
Қара көзден мөлтілдеп жас келеді

деп басталатын дастан - 
Қожаберген жыраудың талантын танытқан, тарихқа атын қалдырған туынды. 
Бұл туынды туралы Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қырғыз һәм хандар шежіресі» еңбегінде де 
айтылады. Мысалы, оның жазбасында «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   407   408   409   410   411   412   413   414   ...   565




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет