387
аяқталған-аяқталмағаны олардың кідіріс арқылы бөлінулері, ол құрылымдардың интонациясының әуені,
қарқыны, ұзақтылығы, тағы басқа компоненттері олардың мазмұнымен тығыз байланысты. Синтаксистік
құрылым мен интонацияның тығыз байланыстылығын дәлелдейтін сөйлеу тіліндегі ең шағын үзінді –
синтагма» [3].
Мәтіннің сөйлемдері мен синтагмаларын бір-бірінен айырып, бөліп алу және олардың басын қосу
проблемасына тоқталған зерттеуші жалпы тіл білімінде соңғы кездердегі сөйлеу тілінде функционалды
мазмұнға ие болатын ең маңызды шағын өлшем фраза емес, синтагма деп есептеле бастағанына
тоқталып, оның себебін синтагманың синтаксистегі әмбебаптық құбылыс болуымен түсіндіреді. «Қай
тілде болса да синтагма сөйлеу тіліндегі мазмұны, олардың бір-бірімен логикалық қатынасы және
сөйлеушінің ол қатынастарды пайымдап, тұжырымдауымен байланысты дараланады. Сол семантикалық-
синтаксистік шағын үзікті жалпы тіл білімінде синтагма дейтіні белгілі», – дейді [5].
Зерттеушінің еңбегінде
синтаксистік мазмұн
термині жиі аталады және оны сөздің синтагма
аясында интонациялық формаға ие болуымен ұштастырады. Өйткені, оның айтуынша, «интонациялық
формаға ие болған әр синтагма пауза арқылы бөлінеді де, бәрі қосылып бір сөйлемде күрделі
интонациялық контурды сызады. Егер сөйлемде сөз тіркестерінің синтаксистік мазмұны жеткілікті
болмаса, олар синтагма бола алмайды» [12]. Солай деп отырып, синтаксистік мазмұнды, «біздің
түсінігімізде бір деммен айтылатын сөйлеу кезіндегі мағыналы бөлшек» деп, синтагманың тынысқа және
мағынаға тәуелділігін баса айтады.
Синтагмаға байланысты зерттеулерде синтагманың сөз, сөз тіркесі, сөйлем, мәтін құрамында
кездесетіні айтылса, З.Базарбаева «көлемі шағын жай сөйлемдердегі сөз тіркестері өзіне тән интонацияға
ие болып, синтагма құрай алмайды» дегенді айтады. Мағынаны интонацияға бағындырып, мағынаны
интонациядан туындайтын құбылыс түрінде талдайды. Өйткені зерттеуші пайымдауынша, жай
сөйлемдер бір ғана интонациямен айтылады, кідіріссіз айтылады, сондықтан оларды синтагмаларға
жіктеуге болмайды. «Егер де бұл сөйлемдердегі сөздерге, оларға байланысты сөздер қосып, сөйлемнің
құрылымын кеңейтсек, бұл құрылымға қосылған сөздер өз мазмұнын да қосатын болғандықтан,
сөйлемдегі синтаксистік мазмұнның саны көбейіп, жеке синтагмаға айналады да, өздеріне тән
интонациямен айтылады», – дейді аталған еңбегінде [3].
Синтагмалық екпін мен тонның байланысын мысал арқылы көрсетуге болады:
Достарыңызбен бөлісу: