392
сөздер арқылы қол жеткізетіндіктерін байқауға болады. Мысалы,
«Елді қорғау – парыз», «Қастерлі
шекара күзетінде», «Шекара – шыңдалу мектебі», «Жұлдызы жанған отряд», «Ел шетінде ерлер жүр»,
«Жел өтінде жалғасқан қызмет», «Шекара деп соққан жүрек»
деген сияқты баспасөз тақырып-
тарындағы сөздердің эмоционалдық-экспрессивтік мәні мен қатысымдық мағыналарының тереңдігі
арқасында оқырманына тілдік әсер ету және үгітші, насихатшы қызметтерін табысты орындап тұр.
Әскери салалық газет-журналдар мақалаларының тақырыптық құлашы кең деп айтуға әбден болады
және одан басылымның прагматикалық ұстанымдарын да айқын аңғара аламыз. Әскери салалық баспасөз
мақалаларының тақырыпаттарын зерделей келе оларды өз алдарында белгілі бір прагматикалық қызмет
жүгі бар мазмұндық типтерге топтастыруға болатынына көз жеткіздік. Оларға ең алдымен мемлекеттік
дәрежедегі жаңалықтармен қатар, үкіметіміздің әскери саясаты, әскери саладағы, оның ішінде Шекара
қызметіндегі бүгінгі күннің ағымдағы жұмыстарын оқырман көпшілікке ақпараттандыру, хабардар ету
үшін жарияланған
«Ресей-Қазақстан Үкіметі арасындағы Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы
арқылы өткізу пункттері туралы келісім», «Мемлекеттік шекараны айқындау», «Басты басымдық –
ұлттық қауіпсіздік», «Тәуелсіз елдің тынысы», «Шекаралас өңірлердің ықпалдастығы», «Ең бастысы –
ел аман болсын»,
деген сияқты тақырыпаттармен берілген мақалаларды жатқызуға болады. Кез келген
мерзімдік басылым, тіпті ол салалық болсын, сол кезеңнің қоғамдық жағдайымен үндес болатыны анық.
Осы тұрғыдан алғанда әскери салалық баспасөз беттеріндегі аталған мақалалар мемлекетіміздің мүддесі
мен біртұтас қазақстандық идеологияны ұлықтай отырып, өз оқырмандары – әскери қызметшілердің
идеологиялық сенімдерін қажетті арнаға бұрып, оларға мемлекеттік-патриоттық тәрбие беруші құрал
бола алып отыр. Сөз болып отырған баспасөз беттеріндегі мақалалардың басым көпшілігі шекара қызметі
саласындағы кәсіби жетістіктерді жариялап, сол арқылы жауынгерлік жарыс рухын көтеретін,
жауынгерлік қырағылық пен кәсіби шеберлікті арттыруға жұмылдыратын мақалалар. Олар баспасөз
беттерінде
«Шығыстағы шекара қырағы қолда», «Атқарылған істер баршылық», «Ел тыныштығының
тірегі», «Шекарашылар – төзімді ұландар», «Шекараны аспан төрінен қорғаған», «Қырағы жанардан
қағыс қала алмады», «Антқа адалдық», «Кәсіби шыңдалу – негізгі мақсат», «Қарбаласы мол өмір –
шекарашыларға тән»
деген сияқты тақырыпаттармен берілген.
Әскери тәрбиеде атақты қолбасшылардың ұлағатты сөздері мен аға буын әскери қызметшілердің,
ардагерлердің сонау сұрапыл соғыс жылдарынан бастап арғы-бергі уақыттардағы жүріп өткен жауынгерлік
жолдарын жеке құрамға дәріптеу, сондай-ақ озат әскери қызметшілерден өнеге алуға шақыру әскери дәстүр
реті десе де болады. Әскери салалық газет-журналдар тілшілері бұл өнегелі істі назардан тыс қалдырмай,
тіпті арнайы айдар арнап,
«Алғашқы қиындықтарға төтеп беру шекарашылардың басты міндеті
болатын», «Ардагерлерге тағзым», «Ардан аттамау – өмірлік ұстанымым», «Қиындықтан қайыспаған
азамат», т.б.
тақырыпатта мақалалар мен очерктерді жүйелі жариялап отырады.
Қай мазмұндық типтегі мақала тақырыпатын алсақ та, құрылымы көбіне стандартты болып келсе де,
ел қорғау ісіне көпшілікті жұмылдырып, жігерлендіре алар күші бар әсерлі, прагматикалық қызметі
пәрменді екендігі анық байқалады.
Сонымен, әскери салалық баспасөз тілін прагматикалық аспектіде зерттеу арқылы баспасөз тілінің
бұқараға әсер етуші тіл ретіндегі қоғамдық-әлеуметтік қызметін, оның тәрбие құралы бола алатындығын
дәлелдеуге тырыстық. Әскери салалық баспасөздің тілдік мақсаты айқын және оған мақала авторлары
адресат факторларын ескере отырып, түрлі тілдік тактикаларды қолдану арқылы жетіп отыр.
Қорыта келгенде, әскери салалық баспасөз тілі – Отан қорғау қызметіндегі әрбір әскери қызметшіні
идеологиялық тұрғыдан сендіріп, әскери-кәсіби құндылықтарды насихаттау арқылы оларды өз
қызметтерін адал атқаруға жұмылдыра алатын қажетті құрал.
Достарыңызбен бөлісу: