390
Қазақ тіліндегі газет тілі туралы С.Исаев, Б.Әбілқасымов, Б.Момынова
сияқты бірнеше тілші
ғалымдар зерттеп қарастырған. Соңғы кездері мақсатты стиль ішінде баспасөз стилінің прагматикалық
табиғаты жайлы А.Алдашева, Ф.Жақсыбаева, Қ.Есенова, т.б ғалымдар қарастырған. Олар еңбектерінде
қоғамдық-саяси және көпшілік газет жанрларын коммуникативтік-прагматикалық негізде зерттеудің
маңыздылығын, коммуникативтік мақсаттан туындайтын тілдік тактикаларды, газет мәтініндегі
прагматикалық қызмет атқаратын тілдік құралдарды талдап, газет мәтіні, тақырып атының прагматика-
лық қызметін және тағы да басқа баспасөз тілінің өзекті мәселелерін зерделеген.
Ал тар кәсіптік саланы қамтитын, оның ішінде әскери салада жарияланатын баспасөз тілі осы аталған
және басқа да прагматикалық қызмет аясында әлі де болса қарастырылмай жатыр. Сондықтан әскери-
кәсіби бағытта шығарылып жүрген газет-журналдар тілінің өздеріне ғана тән қатысымдық және кәсіби
қызметін айқындау үшін прагматикалық тұрғыда қарастыруды мақсат етіп отырмыз. Зерттеудің дәйек-
көздері “Қазақстан сарбаздары”, “Отан сақшысы” газеттері мен “Шекарашы” журналдарынан алынды.
Газет мәтінінің ең негізгі прагматикалық қызметтерінің бірі – оқырманында қандай да бір
идеологиялық көзқарасты қалыптастыру. Осы тұрғыда ғалым Ф. Жақсыбаева былай деп тұжырымдайды:
«Ақпаратты жеткізуші кәсіби коммуникатор – журналист пен оқырманның арасында тек ақпаратты
қабылдап қана қоймай, белгілі бір ортақ идеологиялық көзқарас бірлігі қалыптасуы мүмкін. Сондықтан
газеттік публицистикалық стильде
ақпарат жай жеткізіле салмай, оқырман сана-сезіміне нақтылы
идеологиялық мақсатқа сай әсер ете отырып, аудиторияның ақпаратты «өзінікі» ретінде қабылдауға
жағдай тудырып, ықпал етеді» [2, 14]. Газет мақаласында айтылған ақпаратты оқырманның «өзінікі»
ретінде қабылдауы үшін автор адресат факторын есепке алуға міндетті. Аудиторияның мәтінді барынша
дұрыс түсінуі үшін адресант ақпаратты жеткізу барысында оқырман қауымының қажеттілігін, мүдде-
лерін, білім деңгейін, әлеуметтік ұстанымдарын ескереді [3, 10]. Сөйлеушінің адресатқа бағытталған
әрекеті газет дискурсының ең кіші бөлшегі –
газет лексикасынан бастап, олардың арасындағы тұтас
семантикалық-синтаксистік құрылымдық қатынастарынан көрінеді. Әскери – кәсіби саладағы газет
оқырмандары – әскери қызметшілер. Сондықтан газеттің тұтас мазмұндық құрылымы мен көтерілетін
тақырыптары адресат болып саналатын әскерилердің кәсіби-қызметтік қажеттілігіне, қызығушылығына
түгелдей, тіпті кәсіби құндылықтарына бағытталып таңдалады. Жеке құрамды әскери рухта тәрбиелеу,
оларды кәсіби даярлау және идеялық жағынан шыңдау үшін идеологиялық жұмыстардың маңызы өте
зор. Әскери педагог ғалымдар жеке құрамға идеологиялық үгіт-насихатты әскери тақырыптардағы
басылымдар арқылы жүргізуді тиімді әдістер қатарына жатқызады. Әскери
саладағы газет тілінің
прагматикасын қарастырғанда ең алдымен нақтылы қатысымдық жағдайларда қандай тілдік мақсат
басым тұратынын арнайы қарастыру керектігі байқалады. Басқа да баспасөз түрлері сияқты әскери
саладағы газет мақалаларының авторлары оқырмандарының сана-сезіміне идеологиялық әсер ету
мақсатын көздейді. Әскери баспасөз мәтіндерінің тақырыптық мазмұны осы саладағы көпшілікке
төмендегідей іс-қимылдарға жұмылдырып, идеологиялық әсер ету жүгін арқалайды:
-
қазақстандық саяси идеологияны, ұлтаралық татулықты дәріптеу; әскери қауіпсіздікті қамтамасыз
ету міндетін сезіндіру;
-
кәсіби ақпараттандыру; жауынгерлік рухты көтеру,
жауынгерлік қырағылық, кәсіби шеберлікті
арттыруға жұмылдыру;
-
әскери тәртіпті қатаң сақтауды насихаттау; жауынгерлік жолдастықты, әскери бауырластық пен
ұжымның ынтымақтастығын дәріптеу;
-
озат әскери қызметшілерден өнеге алуға шақыру және тағы басқалар.
Зерттеліп отырған басылымдар республикадағы жалпыұлттық-саяси немесе оппозициялық
бағыттағы емес, салалық газеттер болғандықтан, оларда республикалық
басылымдардағыдай қазіргі
қоғамның күрделі мәселелері өткір айтылып, өзекті тақырып етіп көтерілмейді. Бұл газеттердің өз
ұстанған бағыты мен мақсатына, әскери-кәсіби контексіне орай ерекшеленетін құрылымы мен маз-
мұндық-прагматикалық жүгі бар. Аталған газет мәтіндерінің прагматикалық аспектісі тілдік тұлғалардың
мақсатты жұмсалымына ғана емес, ең алдымен ондағы әртүрлі айдарлар мен тақырыпаттардың
прагматикалық көтерер жүгіне назар аудару керектігін талап етеді.
Мысалы, «Отан сақшысы» газетінде
мақалалар көбінесе «Тосқауыл», «Шекара тынысы», «Құрмет тақтасы», «Адам және заң», «Шекара шебін
бұзғандар» деген айдарлармен топтастырылып жарық көреді. Осылардың
кейбіреулеріне арнайы
тоқталсақ,
Достарыңызбен бөлісу: