Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет208/565
Дата07.02.2022
өлшемі7,82 Mb.
#90763
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   565
Байланысты:
2

квалиметриялық 
амал
 
(сапаны өлшеу 
амалы) негізінде қойылған баға ғана білім 
сапасының нағыз 
әділ көрсеткіші
бола алады: егер оқушы үш деңгей тапсырмаларын біртіндеп толық 
және дұрыс орындаса «өте жақсы», алғашқы екі деңгей тапсырмаларын ғана дұрыс орындаса – «жақсы»,
тек бірінші деңгей тапсырмаларымен шектелсе – «қанағаттандырарлық» деп бағаланады (төмендегі
1-
кестеге назар аударыңыз): 
Бағалаудың мұндай тәсілінің мәні бірінші деңгей тапсырмаларынан бастап оқушылардың жіберген
қателерін түзете отырып, оларды қабілеті жеткенше жоғары деңгейлерге біртіндеп жетелеу. Бірінші 
деңгейдегі тапсырмаларды орындағаны үшін оқушыларға «есептелді-зачет» қойылады, болмаса оны 


136 
қайта тапсыруға болады. Оқушылар бірінші табысын ойдағыдай аяқтап, «даму баспалдағының» келесі 
сатысына көтерілуге мүмкіндік алып балл жинайды. Бұл әдісті біз «Қосу» немесе «Марапаттау» әдісі, -
деп атадық. Дәстүрлі бағалауда, керісінше «Азайту» немесе «Жазалау» әдісі қолданылады. Себебі 
оқушыдан сабақ сұрағанда бірден «5»-ке жауап беру талап етіледі. Ондай болмаған жағдайда, оқушының 
бағасы жоғарыдан төмен қарай азайтылып отырады. Бұл оның бойына қорқыныш пен уайым ұялататын 
кері ынтасының көзі болып қалады. 
«Қосу» әдісінің ынталандыру әлеуетінде оқушылардың оқу жетістігін «мөлдір журналға» белгілеп 
отырады. Тақтаның шетіне, «мөлдір журнал» ілініп қойылады, ол арнайы дайындалған үлкен кесте 
түрінде болуы да мүмкін. Кестенің сол жағына оқушылардың аты-жөні жазылады, оң жағына – оқылатын 
тақырыптың атауы және әрбір деңгейдегі тапсырмалардың нөмірлері беріледі. Бірінші деңгейдегі тап-
сырмаларды дұрыс орындаған оқушылар, мұғалім тексергеннен кейін, біртіндеп тақтаға шығып 
«плюспен» журналға белгілейді. Содан соң олар келесі деңгейдегі тапсырмаларды орындауға кіріседі. 
Орындалған тапсырмаларды журналға белгілеу барысында әр оқушы өз сыныптастарының табыстары 
туралы ақпарат алып отырады. Бұр оқушылар арасында жарыс тудыруға әкеледі, ал ол өз кезегінде, 
оқушының алға жылжуына себепкер болады. 
Тәжірибе көрсеткендей, оқушы журналда белгіленіп отырған өзінің жылжу динамикасын басқа-
лардың жылжу динамикасымен салыстыра отырып, жетістікке жеткен оқушылардан қалыспауға тыры-
сады, өзін тек жақсы жағынан ғана көрсетуге деген ықыласы оянады және сабақ ойын сипатында өтеді. 
«Даму баспалдағының» жоғары деңгейлері оқушылардың ізденістік-зерттеушілік, шығармашылық 
білімін қалыптастыруға жол ашады. 
«Үшөлшемді әдістемелік жүйе» негізінде құрылған оқыту арқылы ғана Қазақстанның 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   565




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет