Тақырыбындағы шығармашылық жұмыс. (тәрбиешілерге көмекші құрал) Атырау облысы. Атырау қаласы


«Балабақша мен ата ананың халық ауыз әдебиеті арқылы балаларды тәрбиелеу» тақырыбындағы викторина



бет9/10
Дата01.06.2017
өлшемі5,95 Mb.
#17487
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

«Балабақша мен ата ананың халық ауыз әдебиеті арқылы балаларды тәрбиелеу» тақырыбындағы викторина.

Мақсаты: Рухани өмірді бейнелейтін қазақ халқының ауыз әдебиетімен таныстыру, ата анамен біргесе отырып халық ауыз әдебиетін қолдану арқылы Отанымыздың мәдени байлығын сүюге тәрбиелеу, жұмбақтар, ертегілер, мақал мәтелдер, тыйым сөздермен таныстыра отырып балалардың бойына адамгершілік, мейірімділік, қасиеттерін, сіңіру. Бала тәрбиесіндегі отбасының маңыздылығын ата ана есіне салу.

Жүргізуші: Қош келдіңіздер құрметті қонақтар!

Сәлем сөздің анасы, сәлем берер әр қазақтың

баласы демекші алдымен қонақтармен сәлемдесіп алайық..

Бекзат: Қош келдіңіз, бүгін бізге бәріңіз



Қош келдіңіз көңіл күйге сеніңіз

Қош келдіңіз, шыққан кундей жарқырап

Бақытты сәтті бізге бірге бөліңіз.

Елназ: Қуаныңыз, бүгін бізге бәріңіз



Қуаныңыз, көңіл күйге сеніңіз.

Қуаныңыз, шыққан күндей жарқырап

Бақытты сәтті бізбен бірге бөліңіз.

Жүргізуші. «Жақсы сөз жарым ырыс» дейді дана халқымыз, құрметті ата аналар бүгінгі кездесуімізді бір бірімізге жылы лебіз тілеп «Тілек ағашы» треннгісінен бастайық.

Шарты: Үстелдегі суреттерге сай тілектер айтып оны ағашқа жапсыру.

Болашақ үшін қиындыққа қол созған соң

Үміт күткен ел арманын қолдасын

Бүлдіршіннің жүрегіне жол тартқан

Ізгі ниет, жақсы өнеге тозбасын

дегендей бүгінгі отбасы викторинасын бастаймыз.

-Балалар, екі командаға бөлініп отырайық ата аналар өз балалары отырған үстелдерге отырады.

Міне біздің командаларымыз белгіленді олар «Ай» және «Күн» командалары.

Бек: Күндей күліп

Жарқын дауыспен

Батыл болуға

Сәттілік тілейміз!

Батыр: Толған айдай

Жарқыра жарқыра

Ақылды достар

Самғаймыз алға!

Әділ- қазылар алқасымен таныстыру.

Викторинамызды «Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін» ұранымен бастаймыз.

Бірінші айналым.

I « Кім жылдам». Бұл айналымда берілген сұраққа қай команда бірінші жауап береді сол ұпай алады.

Ата аналарға арналған сұрақ.


  • Балалардың кішкентайынан халық ауыз әдебиетін сусындатып олардың ой өрісін, танымдық қабілетін дамытатын шығарма.(Ертегі)

  • Арнайы ойлап табылған айтуға қиын дыбыстар жиынтығының сөздер тізбегі.(Жаңылтпаш)

Балаларға арналған сұрақ.

  • Үннан жасалған ертегі кейіпкері?(Бауырсақ)

  • Қызыл телпекті құтқарған кім? (Орманда ағаш жарушы)

Ата аналарға сұрақ.

  • Апельсин жәшігінде саяхатта болып телефон үйшігінде орналасқан жануар? (Чебурашка)

  • Әйел адамның алғаш рет ауаға көтерілген ұшатын аппараты?

(Сыпырғыш)

Балаларға сұрақ.



  • «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісінде кім жыл басы болды?(Тышқан)

  • Шық бермес Шығайбайды алдаған кім? (Алдар көсе)

Ата анаға арналған сұрақ.

  • Қазақша жыл санаудың аттарын атаңдар.

(Тышқан, сиыр,барыс, қоян, ұлу, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз)

  • Қонақ түрлерін атаңдар? ( арнайы, құдайы, қыдырма, қылқима)

Әділ қазылар бағасы.

Өткен күн таң тамаша зулап өткен

Шертеді ертегі сыр, ертегі ой

Тыңдаған балаларды еліктіріп

Қияға қызықтырып ертеді ғой.

II «Ертегілер елінде» айналымында, ертегілерден көрініс көрсету.

Әр топтан бір бала шығып ұнаған түсті таңдайды, артында ертегі жазылған, сол ертегіні команда рольдерге бөліп сахналап көрсетеді.

( Шалқан, Бауырсақ ертегілері)

«Ай» командасы дайындалуға кетеді

Балаларға ойын- тапсырма «Ертегіге лайықты суретті тап». «Ай» командасы «Үйшік» ертегісін, «Күн» командасы «Мақта қыз бен мысық» ертегісінің кейіпкерлерін жинайды.

«Ай» командасының ертегісін тамашалайық.

«Күн» командасы дайындалуға кетеді.

Кезекті ойынға берейік. «Бауырсақ» қимылды ойыны.

«Күн» командасының ертегісін тамашалайық.

Әділ қазылар бағасы.

Ал мұқият тыңдаңдар

Ойнайық та ойлайық

Қандай жұмбақ болса да

Шешпей оны қоймайық.

III айналым «Жұмбақ әлемінде». Бұл айналымда ата аналарға, балаларға жұмбақтар жасырамыз.

Ата аналарға жұмбақтар.

Тілімізде дыбысталуы бірдей, мағыналары әр түрлі сөздерде болады.



  • Бірі ыдысқа керек

бірі жүріске керек (Аяқ)

  • Санасақ бір үйде төртеуі бар

Қаласаң ауызды өртейтін нәр. (бұрыш)

  • Төрт аяқтының үстінде

Екі аяқтының астында. ( ер тоқым)

  • Ұшы үшкір, сабы бар

Екі жүзі қайраулы

Бауы мен қабы бар

Белде жүрер байлауы.( Қанжар)


  • Иінінде құлағы

Ішінде бұлағы

Көмейіне от салсаң

Ызыңдап тұрады. (Самаурын)


  • Қарындасы қонаға

Ағасы іздеп келгенде

Ағасы қашып кетеді

Үйден шығып бір жерге. (Ай мен күн).

8 Бір көрсе өзі білік, іші қуыс

Ол заттың сүйегі көп айқыш айқыш

Көзі бар жарқыраған төбесінде

Жайса үлкен, жиналғанда бір ақ уыс.(Киіз үй)

9. Жылмаң-жылмаң етеді,

Жылмаңдап сайдан өтеді.

Із-міз тастап кетеді. (Ине)

Келесі тапсырма балаларға арналады. Балалар жұмбақ шешімін суреттер арасынан тауып қояды.

IV айналымда тыйым сөздер туралы әңгімелейміз.

Конверттегі суреттерге байланысты тыйым сөздер ойлау.

Әділ қазылар бағасы.



Бала тілі қызық, балды тілі

Ата ананың ай мен күні

Қызығына бір қанбайсың

Аймаласаң кундіз түні

дегендей келесі айналым «Бала тілі бал».

Алдарыңыздағы теледидардан балалар сіздерге әртүрлі сөздер жасырады сіздер оны табу керексіздер.

( Сандық, құрт, қонақ, ертегі).

Әділ қазылар бағасы.

V айналым Мақал мәтел сайысы.

Ата аналарға берілетін тапсырма әкранда схема арқылы жасырынған мақалды табу керек.

1 Көз қорқақ қол батыр.

2 Балық басынан шіриді.

3 Оқу инемен құдық қазғандай.

4 Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын.

5 Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады.

6 Балалы үйдің ұрлығы жатпас.

7 Бала ананың бауыр еті.

8 Кітап- алтын қазына.

9 Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.

10Атана не қылсаң алдыңа сол келеді.

Балаларға келесі ойын тапсырма «Мақалды жалғастыр».



Туған елдей ел болмас.

  • Отан отбасынан басталады.

  • Отансыз адам ормансыз бұлбұл.

  • Еңбек етсең ерінбей тояды қарның тіленбей.

  • Жер қазына- су гауһар.

  • Ас- адамның арқауы.

  • Улкенге құрмет кішіге ізет.

  • Сыйластықтың белгісі иіліп сәлем бергенің.

  • Кітап білім бұлағы.

  • Өнерлі бала елдің көркі

Үкілі қамыс- көлдің көркі.

  • Аға әдепті болса іні әдепті

Апа әдепті болса сіңлі әдепті.

  • Өнер ағып жатқан бұлақ

Білім жанып жатқан шырақ.

  • Еңбектің наны тәтті

Қорқақтың жаны тәтті.

Әділ қазылар бағасы.

VI Үй тапсырмасы бойынша ата аналар ертегі кейіпкерлерінің суретін салып әкелді. Бұл суреттерді ауыстырып беру арқылы, командалар өзінің жаңаша ертегісін ойлап шығарады.

VII Келесі балаларға берілетін ойын тапсырма «Суретші нені шатастырды».

Әділ қазылар бағасы.

Міне бізде босқа тұрмадық

Қайраттанып намысты қолдан бермедік

Балалармен бірге осылай күш қосып

Бүгін бізде бағымызды сынадық.

Әділ қазылар бағасы.









Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет