Тақырыбындағы шығармашылық жұмыс. (тәрбиешілерге көмекші құрал) Атырау облысы. Атырау қаласы


Наурыз мерекесіне арналған «Ал қане әжелер» сайысы



бет10/10
Дата01.06.2017
өлшемі5,95 Mb.
#17487
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Наурыз мерекесіне арналған «Ал қане әжелер» сайысы.
Жүргізуші:Мереке Наурыз жыл басы

Наурыз тойы құтты болсын!

Дендеріңіз сау мықты болсын!

Аман есен болайық!

Шалқытып мерекеде ән салайық,

Би билеп, ән, өнерге тамсанайық.

Ақ ниетпен, шын пейілмен бізге келген.

Құрметті әжелерді қарсы алайық!

(Әжелер кіреді, 2 топқа бөлініп отырады)

Қош келіпсіз, құрметті ата-аналар,

Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.

Алдарыңда жауқазындай құлпырған.

Балғын шақты кішкентай біздің балалар!

Тақпақтар:

Ақбота:

Аманбысың, армысың халқым менің

Ақтарған кең даламның алтын кенін

Мереке басы болсын берекенің

Ардақты Наурыз тойы, салтым елім.

Нурдаулет:

Армысыздар халайық

Бармысыздар халайық

Наурыз тойын жұп жазбай

Жылда қарсы алайық.

Алибек:

Жасай берсін жаңа күн

Туа берсін жаңа күн

Дүр сілкінсін дала бір

Құтты болсын жаңа-жыл

Кұтты болсын Наурыз-той

Бейбарыс:

Баршамызға тілегім осы халайық!

Еліміздің несібесі көп болсын

Жауын жауып жер бетіне көк толсын

Даламызға бұл жаңа жыл құт болсын.

Расул:


Ал халайық тұрмайық

Әндетейік жырлайық

Ырыс тілеп бұл жылға

Ортамызды ашайық.

Ән «Наурыз келді».

Әділ-қазылар алқасымен таныстыру.

Әжелер бұл сайыста 2 топқа бөлініп қатысады. «Дана әжелер», және «Асыл әжелер». Командаларға сәттілік тілеп, сайысымызды бастаймыз.

1 тапсырма: Викториналық сұрақтар.



  • Төрт түлікке не жатады?

(Сиыр, түйе, жылқы, қой мен ешкі)

  • Жеті атаны атау. (Бала, әке, ата, арғы ата, баба, түп ата, тек ата)

  • Жиеннен туған бала қалай аталады? (Жиеншар)

  • Ілік жекжат деген не? (Алыс туысқандар)

  • 3 тәтті. (Мал , жан, жар)

  • 3 байлық. (Денсаулық, онсаулық, ақжаулық)

  • Қол кесер деген не? (Соғым союшыларға еттен берілетін сыбаға)

  • 7 қазынаны ата. (Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл білім, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік ат, тазы)

  • 3 қадірсіз. (Жар, жастық, денсаулық)

10.3 қонақ. Арнайы, қыдырма, құдайы.

11. 4 мұрат. Дау мұраты біту, сауда мұраты ұту, қыз мұраты кету, жол мұраты жету.

12. 40 санына қатысты ұлағатты ұғымдар. (мысалы 3 санына байланысты, ел кезегі үшеу, үш қайнаса сорпасы қосылмайды т.б) (Қызға 40 үйден тыйым, әйелдің 40 жаны бар, баланы 40 шығару, 40 қасық сүт т.б.

13. 3 тыйым. (тіліңе ие бол, басыңа ие бол, қолыңа ие бол)

14. 3 үміт (Жазыламын деп ауыру үмітті, кетемін деп қыз үмітті, байимын деп кедей үмітті)

Қазақ биі.

II тапсырма: Командалар бір біріне кезекпен мақалдың басын айтасыз, екінші команда мақалдың жалғасын табады.

Ата көрген оқ жанар?

Ана көрге тон пішер.

Аяғын көріп асын іш

Анасын көріп қызын ал

Жақсы бала –сүйік

Жаман бала күйік.

Өз балаңды өскенше бағасың

Немереңді өлгенше бағасың.

Жүргізуші:Наурыз тойы тамаша,

Наурыз тойы жаңаша.

Табиғат та тамаша,

Тамылжып тұр жараса.

Мерекемізді жалғастырып балалардың тақпақтарын тамашалаңыздар.

Абылай:Ата баба тойлаған

Наурызым армысың

Қызығына тоймаған

Дархан дала, қарлы шың.

Алихан: Қош келдің Наурызым ардақты

Халқым саған бар үмітін арнапты

Жылда осылай келе берсін жасарып

Гүлге бөлеп нұрға бөлеп аймақты.

Мирас: Армысың Наурыз

Қуаныш боп кір төрлет

Ел болып саған

Көрсетіп жатыр сый құрмет.

Алтынай:Келді Наурыз жар салып

Би билейік, ән салып

Жылда келсін ұлыс күн

Тұрайық есен қарсы алып.

Әсем: Наурыз тойын аңсап келем

Ата бабам жырлап келген

Той думаның жалғассын деп

Той бастарды жолдаймын мен.

Айгерім: Көктем келді, Наурыз келді

Жер көгерді ел көгерді

Дастарханын жайып дархан

Жақсылық пен бақыт шашқан.

Диас: Наурыз келді тойға ұласқан

Наурыз тойы құтты болсын

Жер көгеріп малға толсын

Ырыс тасып берекелі

Өмір сүрсін бақытты елім.

Ән: «Әже туралы»

Жүргізуші: Болашақ үшін қиындыққа қол созған соң

Үміт күткен ел арманын қолдасын

Бүлдіршіннің жүрегіне жол тартқан

Ізгі ниет, жақсы өнеге тозбасын деп келесі тыйым сөздерге арналған III тапсырмамызға көшеміз.

Командалар конверттер ішіндегі суреттерге байланысты тыйым сөздер жазады.

Әжелеріміз тапсырманы орындағанша, балалар көңілді ойын ойнайды.

Ұлттық ойын «Киіз үй»

IVтапсырма. Адамның аты кездесетін ән айту.

Би «Қара жорға»

Кең даланың ежелгі

Қазақ дейтін халқымыз

Өзге ұлттай біздің де

Бар дәстүр мен салтымыз.

V тапсырма. Салт дәстүр көрсету.

Командалар жеребе арқылы таңдап бір салт дәстүр көрсетеді. (Бесіке салу және тұсау кесу рәсімдері)

Жүргізуші: Сәби дүниеге келген соң алғаш жасалатын рәсім бесікке салу рәсімі.

Айкөркем: Мойнымдағы тұмарым

Тарқамайтын құмарым

Тағдыр берген алсын деп

Ақ бесікке салсын деп.

Азиза: Мойнымдағы маржаным

Қорадағы мал жаным

Бесігіңе жата ғой

Тәті ұйқыға бата ғой.

Бесікке салу рәсімі.

Камила: Қаз қаз балам, қаз балам

Қадам бассаң мәз болам

Күрмеуіңді шешейін

Тұсауыңды кесейін

Дария: Қаз қаз балам, қаз балам

Тақымыңды жаз балам

Қадамыңа қарайық

Басқаныңды санайық

Қ .Бекзат: Қаз қаз балам, жүре ғой

Балтырыңды түре ғой

Тай, құлын боп шаба ғой

Озып бәйге ала ғой.

Тұсау кесу рәсімі.

Сұлу қыз.(қойылым)

VI тапсырма. «Сиқырға толы киіз үй»

Командалар кезекпен киіз үй ішінен қарамай бір затты алып, сол зат туралы толық балаларға айтып түсіндіресіз.

(Домбыра, оймақ, білезік, сандық, сәукеле, торсық, т.б).

Тақпақтар:

Х. Дильназ: Жарқын өмір жаңаша

Наурыз тойым тамаша

Әкел Наурыз ырыс құт

Әлемде той тыныштық.

Әділ: Наурыз келді құт болып

Мына бізге сүт болып

Аққа аузымыз толады

Бар жақсылық болады.

Рамазан: Наурызды халқымыз

Жыл басы санайды

Көнермей салтымыз

Көп елге тарайды.

Асылхан: Наурыз тойы салтымыз

Көгерсін деп халқымыз

Көшеге тал егеді.

Айнұр: Сүр етін де жедік біз

Бәрімізге ұнады

Таңдайымнан көженің

Дәмі кетпей тұр әлі.



Марта:

Ұлы күні әндетіп

Құстар келе жатады

7 түрлі дәм татып

Әжем көже жасайды.

Жүргізуші: Келесі бөлім «Наурызға қонақ келді» деп аталады. Командалар ұлттық тағамдармен әдемі дастархан жаяды.

Бата: Дәуренің сәнді болсын

Ғұмырың мәнді болсын

Таңың азанды болсын

Үйің қазанды болсын

Шаңырағыңа шат құйылсын

Дастарханыңа жұрт жиылсын

Әумин!

Ұлттық ойын.

Ән « Кел, Наурыз»

Әділ қазылар бағасы.

Жүргізуші:Наурызым құт әкелсін елімізге

Береке, ырыс, келсін жерімізге

Жаңа жыл елімізді жарылқасын

Қиналып әр отбасы тарықпасын

Әжелер келгенде қуанғандай

Балалардан қуаныш арылмасын.











«Наурыз мерекесі»

Жүргузіші:

Міне ұлы Наурыз мерекесіне де келіп жетті қазақ халқы. Жаңа жылды 22 наурыз күні қарсылаған.Бұл күні Қызыр баба бүкіл даланы аралаған және оның жүрген жеріне көк шығып жер ана ерекше құлпырады. Наурыз мерекесі береке басы демекші наурыз мерекеміз құтты болсын.

Тақпақтар:

Биназир

Армысыңдар халайық,

Бармысыңдар халайық

Наурыз тойын жұп жазбай

Жылда қарсы алайық!

Томирида

Аманбысың армысың халқым менің,

Ақтарған кең даланың алтын кенін.

Мереке басы болсын берекенің,

Ардақты Наурыз тойы салтым менің.

Елназ

Көктем келді Наурыз келді,



Жер көгерді ел көгерді.

Дастарханын жайып дархан,

Жақсылықпен бақыт шашқан.

Бекзат


Наурыз тойын аңсап келем,

Ата бабам жырлап келген.

Той думанның жалғасында,

Той бастарды жырлап келем.

Рысханым

Наурыз- гүл көктем,

Сәнді ай арайлы.

Күлімдеп күн көктем

Нұр шашып қарайды.

Альтаир


Ал халайық тұрмайық,

Әндетейік жырлайық.

Ортамызды ашайық,

Ырыс тілеп бұл жылға.

Ән Наурыз.

Шығыс биі.

Мыстан кемпір кіреді.

Мыстан:


Наурыз тойы келді деп

Кім қуанып жатырған

Сиқырлап мен тастайын

Қане қайсы ол адам.

Джин:

О,меірімділердің мейірімдісі



Олай істей көрме.

Мыстан: Ха! Мені мейірімді қылу мүмкін емес. Ал көктемде мен оданда

қатыгез боламын.

Жүргізуші: Не істесек екен? Өзіміздің әліміз келмейтін сияқты.

Джин: Мен білемін бізге Алдар көсені шақыру керек.

Бәрі: Алдар көсе.

Алдар көсе: Не болып қалды?!

Мыстан: Иә мен мерекені де қуамын, тойларыңды тойлатпаймын.

Алдар: Кәнеки күш сынасып көрейік.

Әсел: Желге ілесіп шапқанда жүйрік жорға

тұяқтары тимейді жерге тіпті

Атың болса сескенер сенен жау да

Ат дегенің қанаты ғой ер жігітің.

(Жорға биі)

Мыстан: Менде епті шабандозбын, қане ат шаптырып бәйге жасайық.

Ойын «Бәйге»

Мыстан: Байқаймын, беріспейсіңдер екен сендерде.

Бекзат: Мыстан кемпір әрмен кет,

естимісің біздерді

шуағын төгіп далама

көктем келді жаңара.

Димаш: Күннің көзі көзі күлімдеп

нұрсәулесін шашқаны

естіледі тау жақтан

сылдырап бұлақ аққаны.

Томирис: Қулығыңды ұмытып,

сәл отыра тұрыңыз

көңілді әнмен Наурызды

бізбен қарсы алыңыз.

Ән «Наурыз»

Мыстан: Қатты желді тұрғызып, мен үсіріп тастаймын!

Нұрсейіт Жылы әрі әдемі

біз киіз үй ішінде

қорықпаймыз ешкімнен

ойнаймыз суық желменде.

Алдар: Мейірімді сиқыршы, құтқара гөр егер мыстан кемпір айтқанын

істесе біз баспанасыз қаламыз.

Джин: Бізге киіз үй құру керек!

Балалар менімен бізге көктемнің сиқырлы сөздерін қайталаңдар.
Наурыз, Наурыз көмектес

бізге киіз үй керек тез!

(Ойын «Киіз үй»)

Мыстан: Маған сендердің достықтарың ұнай бастады.

«Гүлдер» биі

Тақпақтар:

Амиржан: Наурызда күлімдеп

күннің көзі жылы жылынды

өзгеше бүгін леп

қыс тауға тығылды.


Камила: Наурыз келді құт болып,

мына бізге сүт болып

аққа аузымыз толады

бар жақсылық болады.

Әсем: Осыншама жақсылық

алып келген Наурызым

төрлет бізге нұр беріп

шуақ шашып ақ жүзің.

Темірлан: Көлде аққу көкте қаз

орманда бұлбұл сайраған

көптеп күткен көктемім

құлпырды дала жайнаған.


Бай: Мен өте мейірімді баймын, меннен әдемі, ешкімде жоқ.

Жүргізуші:Осылай айтуға болама екен?

Неге сонша мақтанып сөйлейсіз?!

Джин, бізге не істеу керек?

Алдар: Біз оған мақтануды қойдырамыз.

Бай: Ал сендер өздерің тоңбайсыңдарма?

Жүргізуші: Алдар Көсе мен балалардың киімдері сиқырлы ол оларды

Суықтан қорғайды.

Бай: Болды ! Жарайды!

Джин: О бақытты жан, сен неге түсінбейсің біздің балаларды қорғайтын

олардың достығы.

Алдар: Біз бір бірімізбен әрқашанда доспыз, сондықтан ештеңеден

қорықпаймыз.

Мыстан: Бізде сендермен дос болайықшы.

Жүргізуші: Әрине, бізде қанша балалар бар, енді солардың барлығы

сендердің достарың.

(Көңілді би)

Бай: Біз енді мейірімді және ақылдырақ болдық, мүмкін біз жаңа

достарымызды қуантармыз.

Мыстан: Біздер бүгін тойладық

мерекені көңілді

қазақтың ұлы тойына

шақырамыз бәріңді.

Жүргізуші: Батамен ел көгерер

Жаңбырменен жер көгерер

демекші, кезекті батаға берейік.

Алдар: Баеке,бата беріңіз.

(Бата береді)

Жүргізуші: Ұлы кісіден бата алса, сізге «олжалы жол бар демекші сізге көп

рахмет.


Ән «Наурыз келді»

Жүргізуші: Осымен Ұлыстың Ұлы күні, Наурыз мерекесіне арналған

ертеңгілігіміз аяқталды. Наурыз мерекесі құтты болсын!

Халық ауыз әдебиетінен тест тапсырмалары.


  1. Жұмбақты шеш.

  2. Отан, білім, тіл туралы мақал айт.

  3. Сурет бойынша санамақ айтып бер.

  4. 1 жаңылтпаш айт.

  1. “Менің сүйікті ертегілерім.”

  2. Ертегі мазмұнын айтып беру.

  3. Тыйым сөздер айту.

  4. Қазақстан жазушыларын атап берші.

  5. Тақпақ, өлең айтып берші.


Нәтижелерді бағалау:
1 тапсырма- 3 жұмбақты шешіп, жауабын суреттер арасынан табу.
5 балл - бұл тапсырма балада қиындық туғызбады, жауабын

суреттерге байланысты тауып , бұл сурет туралы қосымша

мәлімет берді.

4 балл жауабын тауып , қосымша мәлімет бермеді.

3 балл 1 жұмбақтың шешімін таба алмады немесе суреттерден

көрсетіп атауынатай алмады.

2 балл бала тапсырманы орындауда қиналып, жауаптарын

тәрбиешінің көмегімен тапты.

0 балл бала тапсырманы орындай алмады, көптеген қателік жіберіп, тәрбиешінің көмегімен де түзей алмады.

2 тапсырма.



Отан, тіл, білім туралы мақал айту.
5 балл бала тақырыптарына тоқталып, 3 мақалды нақышына келтіріп, тез, мүдірмей айтып берді.

4 балл 3 мақалды айтып берді, бірақ эмоциясы жеткіліксіз.

3 балл 2 мақалды айтты, бірақ мақалдың жалғасында тәрбиешінің көмегіне сүйенді.

2 балл 1 мақал айтты, бала сөзі түсініксіз,эмоциясы жоқ және тәрбиешінің көмегі қажет болды.

0 балл мақал мәтел айта алмады.

3 тапсырма



Санамақ айту.
5 балл бала санамақты, эмоциясын келтіріп, мазмұнына сай,

қызығушылықпен толық айтып берді.

4 балл санамақты айта білді, эмоциясы жеткіліксіз.

3 балл санамақты айтуда қиналып бірақ өздігімен соңына дейін айтты.

2 балл санамақты айтуда тәрбиешінің көмегіне сүйенді.

0 балл санамақ айта алмады


4 тапсырма

1 жаңылтпаш айту.
5 балл жаңылтпашты мазмұнды, тез, жаңылыспай айта білді.

4 балл жаңылтпашты айтты, эмоциясы жеткіліксіз

3 балл жаңылтпашты ұмытып, тоқтап бірақ өздігімен еске түсіріп айта білді.

2 балл тәрбиеші көмегімен айта білді.

0 балл жаңылтпаш айта білмеді.
5 тапсырма

Менің сүйікті ертегілерім”.


Бұл тапсырмада балаға өзі білетін ертегілерді атап беру ұсынылады.

Бағалау нәтижесі: Әр айтылған ертегіге бала бір балдан алып отырады.

6 тапсырма

Ертегі мазмұнын айтып беру.

Бір ертегіден суреттер беріледі, оларды ретімен орналастырып,

мазмұнын айтып беру.
5 балл ертегі мазмұнын ретімен орналастыра отырып, мәнерлеп айтты. Қосымша ертегі кейіпкерлерінің жағымды, жағымсыз бейнесін ашып түсіндірді.

4 балл ертегі мазмұнына сай суреттерді құрастырып, толық әңгімеледі, бірақ эмоциясы жеткіліксіз. Ертегі кейіпкерлер мінезін дұрыс түсіндірді.

3 балл ертегінің мазмұнды суреттерін құрастыруда тәрбиешінің көмегі қажет болды. Кейіпкерлер бейнелерін дұрыс ашты, бірақ толық емес.

2 балл өз бетімен әңгімелеуге қиналды. Мәнерлеп оқүы нашар.

0 балл әңгімелеуі толық емес, тәрбиеші көмегіне сүйенеді. Кейіпкерлер мінезін түсіндіре алмады.
7 тапсырма

3 тыйым сөзді айтып беру оны суреттер арасынан табу.

5 балл 3 тыйым сөзді мазмұнды айта білді және сәйкес суреттерді көрсетті.

4 балл 3 тыйым сөзді айтып, суреттерін көрсете білді, эмоциясы жеткіліксіз.

3 балл 1-2 тыйым сөз біледі және суреттерін көрсетеді.

2 балл тыйым сөз айтуда тәрбиеші көмегіне көбірек сүйенеді.

0 балл өз бетімен айта алмады, суреттерін көрсете алмады.

8 тапсырма

Қазақстан жазушыларын білесің бе?

Бұл тапсырмада балаларға Қазақстан жазушыларын атап беру ұсынылады.

Бағалау нәтижесі:

Әр айтылған жазушыға бір балдан беріледі.


9 тапсырма

Өлең, тақпақ айт.
5 балл өлеңді мәнерлеп айтты, авторын біледі.

4 балл өлеңді айтты, авторын біледі, эмоциясы жеткіліксіз.

3 балл өлеңді айтты, авторын білмейді, эмоциясы жеткіліксіз

2 балл өлеңді айтуда тәрбиеші көмегіне сүйенеді, авторын білмейді.



0 балл өз бетімен айта алмады, мәнерлеп оқуы, эмоциясы жоқ, авторын білмейді.

Қолданылған әдебиеттер:



  1. Ақжарқын Бәделқызы. “Асыл мұра” Астана-2012.

  2. Сейіт Кенжеахметұлы . Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті. 2007

  3. Мектепке деәінгі педагогика. Ред. Басқ. В.И.Ядэшко, Ф.А.Сохин. Алматы,1982.

  4. Табылдиев Ә. Халық тағылымы. –Алматы, 1992.

  5. Халық педагогикасы мен психологиясы дәстүрлерінің оқу тәрбие ісіне қолданылуы “атты ғылыми практикалық конференцияның материалдары. -Алматы,1992.

  6. Этнопедагогика және этнопсихология. Ұлттық тәлім тәрбие III -Vжинақ. Ғылыми ред. Қ. Жарықбаев. –Алматы,1997.

  7. А.К.Мынбаева «Оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдері.

  8. Мектепке дейінгі педагогика. Жұмабекова Ф.Н.-Астана, 2012.

  9. “Отбасы және балабақша “ журналдары. Алматы, 1998, 2004,2005, 2009 .2010,2011 ж.ж.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет