Ғылыми жетекші: Ақтөбе 2024 жыл Жоспар Кіріспе Негізгі бөлім



бет1/2
Дата04.05.2024
өлшемі1,06 Mb.
#201760
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
Аружан курстық жұмыс



Қазақ тілі мен әдебиеттік оқу сабақтарында қолданылатын цифрлық платформалар

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Орындаған: Ташат Аружан
Ғылыми жетекші:


Ақтөбе 2024 жыл


Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
І. Сабақты ұйымдастырудағы тиімді платформалар
Қорытынды

Кіріспе.
Үлкендердің жиі айтып жүрген: «Қазіргі балалар бәрін іштен біліп туады» деген сөздің астарына үңіліп көрдіңіз бе? Расында, ойын баласы бола тұра, бүгінгі балалар көп нәрсені ұғып қойғандай. Туа сала телефонға жармасып, компьютердің түрлі ойынын көшіріп алып, сан алуан бағдарламаларын еркін меңгеріп ала қоюы таңқаларлықтай-ақ. Олар ұстаз бен ата-анаға сұрақ қойып әуре болмай-ақ, әлеуметтік желі арқылы қалаған сұрағына жауап алып, өздеріне қажетті сауалға толыққанды жауап ала салуға дағдыланған. Олардың «ұстазы» – әлеуметтік желі. Сондықтан болар, олар тым еркін һәм өзі біләрман. Әке-шешесінің кеңесіне құлақ түріп жатпайды. Себебі ата-анасынан «ақылдырақ» «гугл» бар оларда.
Бір қызығы, бірде ата-аналар баласын түсіне алмай дал болса, енді бірде мүлде түсінгісі келмейтінін айтып жүр. Бір үйдің үлкені мен кішісінің көзқарасы әртүрлі. Себебі, өз балалығы мен бүгінгі баланың балалығы басқаша болып тұр. Бұрынғы балалар сияқты бүгінгі жеткіншектер доп қуып, соқыртеке, қуаласпақ ойнап жүрмейді. Олардың балалығын смартфон, планшет ұрлап жатыр. Бүгінгі күні ең өзекті мәселе «Z» пен «Альфа» буын өкілдерінің өмір сүру мәнері, ерекшеліктері. Бұл буынның ой-өрісі онлайн кеңістіктің, цифрлық қоғамның барысында қалыптасып отыр.
Солай өсіп келе жатқын бүлдіршіндер мектеп қабырғасына келгенде, мұғалімдер қалай оқытпақ? Қалай білім беру қажет деген сұрақтар туындайды.
Сонау ХХ ғасырдың басында Жүсіпбек Аймауытов: «Сабақ беру –үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол — жаңадан жаңаны табатын өнер»- деген екен. Сондықтан қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын, қазіргі қолданып жүрген пән ерекшелігіне қарай қолдана білу- оқыту үрдісінде мақсатқа жетудің бірден — бір жолы. Оқыту барысында алдыма қойған мақсатым — баланы субъект ретінде оқу ісіне өзінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу. Оның басты ерекшелігі — оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау,сөйлеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу процесінде бірлесе әрекет ету.
Цифрлық білім беру ресурстары дегеніміз – компьютердің орасан зор мүмкіндіктерін пайдалана отырып, дидактикалық мақсатқа жетуге немесе белгілі бір оқу мәселелерін ше-шуге бағытталған толық интерактивті мульти-медиялық өнім.
Болашақ педагогтың цифрлық білім беру ресурстарын пайдалануға дайындығы деп сандық технологиялардың мүмкіндіктерін негізге ала отырып, цифрлық білім беру ресурстарын кәсіби қызметтегі көп қырлы оқу-тәрбие үдерісінің мақсаттары мен қызметтерін тиімді жүзеге асы-руын сипаттайтын қабілет, дағдылар жиынтығын түсінеміз.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет