Тақырып: 1-4 сыныптардағы дүниетану пәнінің мазмұны мен мақсаты


Дүниетану пәні бойынша дидактикалық ойындардың жүктемесі



бет7/8
Дата08.02.2022
өлшемі33,59 Kb.
#124192
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Та ырып 1-4 сыныптарда ы д ниетану п ніні мазм ны мен ма саты

Дүниетану пәні бойынша дидактикалық ойындардың жүктемесі:
1.Айналадағы әлемді танытуға бағытталған дидактикалық ойындар: табиғат, құстар, жан- жануарлар жөніндегі жұмбақ, ойындар, «Бақытты сәт», «Иесін тап», «Дыбысына қарай ажырат», «Бұл қай аң?», «Кім тез таңдайды?», «Сыр сандық» т.б.
2.Тазалық пен күн тәртібін сақтауға байланысты дидактикалық ойындар:
«Күн тәртібі», «Тап-таза», «Күн мен түн», «Бір минут» т.б
3.Адам сұлулығын танытуға бағытталған дидактикалық ойындар: «Кім күшті?», «Қуыршақты киіндіру», «Спорт», «Өнер көрсет» т.б.
4.Жыл мезгілдерінің құбылыстарына байланысты ойындар: «Бұл қай кезде болады?», «Жыл мезгілдері», «Салыстыр, тап», «Ерекшелігіне қарай ажырат», «Сиқырлы қоржын» т.б.
5. Табиғатты қорғауға және экологиялық білім беруге арналған дидактикалық ойындар: «Құстар, достар», «Құстар шағымы», «Экология», «Табиғатты қорғайық», «Санитар құстар», «Табиғат сақшысы» т.б.Дүниетану сабақтарында жұмбақ, ойындар көбірек пайдалану өте тиімді, олар баланың ой-өрісін кеңейтуге, өз бетімен ойланып, заттар мен құбылыстардың сипатталуына, баламасына қарай олардың атын табуға үлкен септігін тигізеді. Қызығуды туғызу үшін ойын түрлерін пайдаланудың орны ерекше. Тиімді қолданған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені, бастауыш сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез сергіп, тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады. Төменгі сынып оқушылары үшін әртүрлі жұмбақтар, ребустар, сөзжұмбақ шешу, карта бойынша саяхат ойындары қолайлы. Мұндай ойындар аз еңбекті талап етеді және оларды жүйелі түрде пайдалануға болады.
Бастауыш мектепте ойынды қолдану оқыту үрдісін түрлендіріп, балаларды белсенді әрекетке итермелейді.
Жаңа технологияларды енгізу барысында мұғалімнің даярлығы мен жаңаға оқыту мазмұны жайында білген жөн.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет