Мұғалім қандай іс-әрекеттерді дұрыс ұйымдастыру керек?
1.Жаңа технология көмегімен шешілетін мәселелерді ;
2.Жаңа технологияны қолдану арқылы алынатын нәтижелерді;
3. Жаңа технология мәнін,алынатын нәтижелердің теориялық негізін;
4.Жаңа технологияда мұғалім қолданылатын әдіс –тәсілдерді;
5. Оқушыларды жаңа технологияда жұмыс істеуге үйрету әдісін;
1.Оқу бағдарламасының түрлендірілген нұсқаларын құрастыру ;
Дамыта оқыту бағытында;
Модульдік курс үшін;
Әлеуметтендіру бағытында;
Ұжымдық жүйеде оқыту;
Басқа технологиялар үшін;
2.Күнтізбелік- тақырыптық жоспарлау.
3. Әр сабақты жоспарлау
4.Жаңа технология бойынша жүргізілетін әртүрлі типтегі сабақ жоспарларын жасау.
5. Оқу модулін құрастыру.
6. Оқу жобаларының мазмұнын анықтау.
1. Жаңа технологияда пайдаланылатын жекелеген әдістер мен тәсілдерді қолдану.
2. Әртүрлі типтегі сабақтарды өткізу.
3. Өткізілген сабақтарға талдау жасау.
4.Жаңа технологияда қолданылатын оқу әрекеттерінің әдістерін оқушыларға үйрету.
Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау.Педагогикалық технологиялардың түсініктемелері мен алуан түрлі анықтамаларын талдай отырып, барлық технологиялардың айрықша ерекшеліктері туралы төмендегідей қорытынды жасауға болады:
-оқытудың микромақсаттарының, мақсаттарының айқын, нақтылы анықталуы;
-нәтижелердің жетістігіне бағытталуы;
тәрбиелеу мен оқыту субъектілерінің іс-әрекеттерінің әрбір кезеңдері бойынша қадамдық құрылымының анықталуы;
-мониторинг, аралық және соңғы нәтижелерді бағалау;
-тәжірибенің қайталануы мен алмасуы .
Жалпы оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып,сабақтың
тиімділігін арттыру.Сонымен қатар оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу,үйрету,шығармашылық қабілетін дамыту.Қазіргі заманғы жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейін қарқындату,яғни оқу үрдісінің сапасы мен тиімділігін танымдық іс-әрекет белсенділігін көрсету,пәнаралық байланыстарды тереңдету,қажет ақпаратты іздеу тиімділігі мен көлемін кеңейту.Оқып үйренушінің жеке тұлғасын дамыту ақпараттық қоғам жағдайында жабдықталған өмірге өзіндік дайындықтар жүргізу,әртүрлі ойлау қабілетінің түрлерін байланыс жолдары қабілеттілігін дамыту,күрделі жағдайлардағы шешім нұсқаларын ұсыну немесе тиімді шешімдерін қабылдау біліктілігін қалыптастыру,компьютерлік графика мен мультимедия технологияларын пайдалану арқылы эстетикалық тәрбиелеу,ақпаратты өңдеуді жүзеге асыра білу,ақпараттық мәдениетті қалыптастырып,мәселені модельдей білуді дамыту және ең бастысы тәжірибелік-зерттеу іс-әрекетін жүзеге асыра білуді қамтамасыз ету.Қоғамның әлеуметтік тапсырыстарын орындау жұмыстары, яғни, ақпаратты сауатты меңгерген жеке тұлға даярлау, тұтынушыны компьютер құралдарымен жұмыс істеуге үйрету және информатика аймағында кәсіптік бағдар беру жұмысын жүзеге асыру. Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі -баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру. Педагогикалық технология - педагогикалық іскерліктердің жетісітігіне жеткізетін ғылыми жобалау және нақты өндіру. Сонымен педагогикалық процесс белгілі жүйе принциптерінде құрылатын болғандықтан, педагогикалық технология сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Осы принциптерді жалғастырмалы орындау оларға обьективті қарым-қатынастарында және педагогтың тұлғасын толық көрсететін жинақы ретінде қалыптастырылады. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Осылай айтылған ой-пікірлерімді тұжырымдай келе білім беруді ақпараттандыру мектеп пәндерінің оқыту сапасын арттырады және ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге болады. Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет. Осы технологияларды тиімді пайдалану арқылы құзіретті мұғалім өз жұмысын жетілдіре түспек. Жаңашыл бағытта жұмыс жүргізу-барша ұстаз алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі.