Тақырып: 1-4 сыныптардағы дүниетану пәнінің мазмұны мен мақсаты



бет1/8
Дата08.02.2022
өлшемі33,59 Kb.
#124192
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Та ырып 1-4 сыныптарда ы д ниетану п ніні мазм ны мен ма саты


Тақырып:1-4 сыныптардағы дүниетану пәнінің мазмұны мен мақсаты

Қазіргі кезде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып,әлемдік білім беру кеңістігіне енуге ұмтылыс бар. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып,жаңа көзқарас,жаңаша қарым-қатынас пайда болды. Бүгінгі мемлекет алдындағы басты міндет білім беру жүйесін жаңарту болып отыр. Ал бұл міндет бастауыш білім беру жүйесіне тікелей қатысты да маңызды. Қазіргі жағдайда еліміздің білім беру жүйелерінде жаңа тұлғаны қалыптастыру бағытында сан алуан жұмыстар жүргізілуде. Оның ең бастыларының бірі де бірегейі-білім мазмұнын ұлттық негізде жетілдіре отырып білім мен тәрбиені ұлттық рухта әлемдік жүйеге жақындастыру. Сондықтан оқу-ағарту саласының оқу үрдісіне жаңа технологияларды кең көлемде енгізу талап етіледі


Бастауыш мектептегі жаңа өзгерістер әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отыр, баланың жеке дара күшінің дамуын қамтамасыз ететін жаңа технологияларды іздестіру және оларды қолдануға бағытталған.
Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы оқыту теориясына негізделген тәсіл кең тараған.(Hattle, 2009)
Сындарлылық теориясына негізделген оқытудың мақсаты- оқушының пәнді терең түсініп қабілетін дамытып, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.Оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырып мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Бағдарлама оқушының тілдік төрт дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым жетілдіруге бағытталған. Тыңдалым дағдысы бойынша: негізгі ойды түсіну, ақпаратты анықтау, түсінгенін өмірде қолдана білу бағаланады. Айтылым дағдысында –тапсырмалар тақырыпқа қатысты ойын білдіру, өз көзқарастарын дәлелдеу, шешім шығару, қорытынды пікір жасау туралы түсінік пен біліктілік деңгейінде бағытталады. Оқылымның мақсаты –мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты әртүрлі деңгейде қабылдауы және түсіне білуі, мәтінді оқи алуы. Оқылым бойынша біліктілік деңгейін анықтау, түсініп оқу, зерттеп оқу, шолып оқу, мәселені сын тұрғысынан бағалау, анықтау, дәлелдеу. Жазылым дағдысында –тақырыпты аша білу, грамматикалық сауаттылық, өз ойын сын тұрғысынан дәлелдеу,қорытынды шешім шығару, өз пікірін, көзқарасын дәлелдеу. Оқытудың бұл түрінде оқушылар өте маңызды рөл атқарады: олар құрбы-құрдастарымен әлеуметтік байланыс жасау арқылы белсенді түрде білім жинақтайды. Нәтижесінде оқушылардың бойында мынандай өзгерістер байқалады: ынтымақтастыққа үйренеді, жеке, жұппен,топпен жұмыс істеуге үйренеді, өз ойларын ашық айтуға, өздеріне, сыныптастарына баға беруге , сабақты талдауға, қорытынылауға, қорғауға үйренеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет