Осы сабақта қол жеткізіетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
8.Т/Ж 4 Көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарастарын дәлелдеу үшін орынды қолдану
Сабақтың мақсаты
Барлық оқушы орындай алады:Жыраулық поэзия туралы мәлімет бере алады. Үзінділермен жұмыс жасайды. Ашық сұраққа жауап беру арқылы өз ойларын ортаға салады.
Оқушылардың көпшілігі орындай аладыТолғау үзіндісін жазылым жұмысында дәлел ретінде тиімді пайдаланып жазады.
Кейбір оқушылар орындай алады: Жыраулардың заман тынысы жайлы толғау үзінділерінен өз пікірлерін саралайды,қорытындылайды,құнды пікір жазады, дәлелдерді орынды қолданады.
Бағалау критерийі
Үзінділерге өз пікірін білдіре алады.
Көзқарасын дәлелдеуде үзінділерді орынды қолданады.
Өзіндік ой-пікірін дәлелдеу үшін толғаудан алынған үзінділерді тиімді қолдануға дағдыланады.
Құнды пікірлер жазады, құндылығын түсінеді, жыраулар поэзиясын бойына сіңіреді.
Диалог құруға, шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: Айналайын, Ақ Жайық, Сыртым құрыш, жүзім болат, Талқылауға арналған сұрақтар: Жыраулар поэзиясының құндылығы неде?
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Жырау, жыршы, толғау, философия
Құндылықтарға баулу
Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығын игереді.
Пәнаралық байланыс
Тарих
Тақырып бойынша алдыңғы білім
Жырау мен жыршы туралы біледі.
Асан қайғы (5-сынып)
Доспамбет жырау (6-сынып)
Казтуған жырау (7-сынып)
І. Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу, сынып оқушыларын түгелдеу.
Психологиялық көңіл күй тудыру және сыныпты топқа біріктіру. «Сыйлық сыйлау» әдісі бойынша оқушыларды 3 топқа біріктіремін. (домбыра, қобыз, кітап макеттерін бір-біріне сыйлау арқылы
Қобыз – Жыраулар тобы
Домбыра – Жыршылар тобы
Кітап – Ақындар тобы болып топтасады.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау «Таза тақта» әдісі Тақтада үй тапсырмаларының сұрақтары жазылып тұрады. Әр оқушы сұрақтарға жауап берген сайын тақтаны сүртіп отырады.
Қожа Ахмет Ясауи кім?
Қай ғасырда өмір сүрген?
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің тарихы туралы не білесіз?
Қожа Ахмет Ясауи хикметтерінің жазылу тарихын кімдер зерттеді?
«Диуани хикмет» еңбегінің құрылысы қандай?
Қалыптастырушы бағалау «Ақиқат пен жалған» әдісімен бағалаймын.Мұнда дұрыс жауап берген оқушыға «ия », қате болса «жоқ» деп жауап береді
Қызығушылықты ояту. Жыраулардың суреттерін көрсету арқылы «Тұлғаны танимыз ба?» әдісімен бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтап аламын. Сабақтың мақсатымен таныстырамын.
«Жыраулар поэзиясы» бейнежазбасын көрсетемін.
Бейнежазбаны көріп отырып, «түртіп алу» әдісін пайдаланады.
«Сөздік кестесі» әдісі бойынша терминдерге анықтама береді.
Терминдер
Анықтама
Жырау
Жыршы
Толғау
Философия
1-тапсырма. Топтық жұмыс.
«Төрт сөйлем» әдісі Берілген мәтіняғни жыраулардың толғау үзіндісінен өз көзқарастарыңды дәлелдеп орынды қолданыңыз.
1-топ. Жыраулар тобы
Доспамбет жыраудың «Айналайын, Ақ Жайық» толғауы
Пікір.
Берілген мәтін үзіндісін бір сөйлеммен жеткізеді.
Дәлел.
Мәтіннен үзінді келтіре отырып өз пікірін бір сөйлеммен дәлелдейді.
Пікір.
Берілген мәтін үзіндісін бір сөйлеммен жеткізеді.
Дәлел.
Мәтіннен үзінді келтіре отырып өз пікірін бір сөйлеммен дәлелдейді.
Мысал.
Пікірін тарихпен байланыстырып, мысал келтіреді.
Қорытынды.
мәтін бойынша қорытынды шығарады.
Дескриптор: Үзінділермен жұмыс жасайды.
Өз пікірін дәлелдеуде үзіндіні орынды қолданады.
Мұғалім түсіндіруі Жыраулық дәстүр, Жыраулық поэзиясының ерекшеліктері 2-тапсырма Жұптық жұмыс «Рухани жалғастық»тапсырмасы. Шарты: Жыраулар поэзиясының үзінділерінқазіргі заман ақындарының поэзиясымен байланыстырып, өз қөзқарастарын дәлелдейді. «Қабырғадағы сурет» әдісін пайдаланамын. Суреттің ішіне жыраулар толғауларындағы ерекшелікті жазады. Сыртынақазіргі заман ақындарының поэзиясының рухани жалғастығына дәлел келтіріп жазады.
Қалыптастырушы бағалау. «Боймен бағалау» әдісі арқылы бағалаймын
Өте жақсы- екі қолды жоғары көтереді
Жақсы – екі қолды иыққа қояды
Қанағаттанарлық- екі қолды төменге түсіреді.
«Бір минуттық әңгіме» әдісі Қандай жырауларды білесіз?
Жыраулар поэзиясының құндылығы неде?
Жыраулар поэзиясы туралы түсінгеніңді әңгімеле?
Қ алыптастырушы бағалау. Смайликтер арқылы бағаланады
керемет, бізге ұнады
т олық түсіне алмадық
жүйесіз, түсініксіз
Кері байланыс «Бағдаршам» тәсілі Қызыл – тапсырманы орындау кезінде не кедергі болды?
Сары – қай тапсырма көңіліңізден шықты? Неге?
Жасыл – тапсырмаларды орындауға не көмектесті
Үйге тапсырма.
«Жырауларым-мәңгілік жасай бергін» тақырыбында ойтолғау жазу
Қосымша ақпарат
Жыраулар поэзиясының құндылықтары
Саралау-Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай текеруді жоспарлап отырсыз?
Сабақ мақсатын ашу мақсатында ашық сұрақтар беріледі.Сабақ барысында оқушылардың бірлескен жұмысын бағамдауүшінқалыптастырушы бағалау түрлері «Ақиқат пен жалған», «Боймен бағалау» , Смайликтер қолданылады. Ір оқушы оқу мақсаттарына жеткенін білу үшінбағалау критерийі мен дескриптор ұсынылады.
АКТ-мен жұмыс кезінде техника қауіпсіздігі ережелері ескеріледі.
Рефлексия
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы сіздің сабағыңыздың тақырыбына сай келетін сұрақтарға жауап беріңіз
Сабақ оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?
Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не себеп болар еді (оқыту мен оқуға қатысты)? Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістігі/қиыншылықтары туралы нені анықтадым , келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?