Тақырып №1 Қазақстан экономикасы үлгісінің ерекшеліктері


Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау



бет19/31
Дата07.02.2022
өлшемі227,12 Kb.
#94249
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31
Байланысты:
Лекция

Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау.
Жұмыспен қамту заңына сәйкес (27 бап) жұмыссыз деген статусын алған азаматтарға келесі әлеуметтік көмек көрсетіледі:

  1. Жұмыссыздық жөнінде жәрдем ақыны төлеу;

  2. Кәсіби оқу, квалификациялық жоғарылату, қайта оқу кезеңінде степендия төлеу;

Сонымен қатар жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға (көшені тазалау, көріктендіру, тазалау, әктеу, қоқысты шығару, талдарды кесу) қатыстыру барысында жұмыс беруші шығындарының бір бөлігін еңбек ақы төлеу үшін мемлекеттік бюджеттен беріледі.
Жалпы алғанда жұмыссыздарға әлеуметтік қолдауды көрсету мерзімі 26 апта немесе 6 айдан аспауы тиіс.
Жұмыссыздық жөнінде берілетін жәрдем ақы ай сайын есептелініп Қазақстан Республикасы бойынша орташа айлық есептеу көрсеткішінің 3,5 есесіне тең (863 тең * 3,5).
Жұмыссыз статусы бар дегенімен жәрдем ақы алуға құқығы жоқ келесі азаматтарды айтады:

  • Еңбек тәртібін бұзғаны үшін жұмыстан босатылғандар;

  • Бұрын жұмыс істемегендер (оқу орындарының бітіруші түлектерінен басқа)

  • Бұрын жұмыс істегенімен жалпы еңбек стажы 12 аптадан кем болса;

Жоғарыда айтылғандар мен бірге жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау үшін еркін сақтандыру енгізілуде.
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша мәлімет
2004 жылдың бірінші жартысындак жұмыспен қамту мәселері жөнінде арнайы органдарға 2637 жолдама беріліп, нақты істеуге 1360 жолдама беріліп, нақты жүзінде 960 жұмыспен қамтылды. Бос жұмыс орындарының саны 458.
Қоғамдық жұмыстарға жіберілетьін адамдар саны жоспар бойынша – 8000.
Жұмыспен қамту органдарында 6 айлық курстар ашылып келесі мамандықтар бойынша дайындайды – электросварщик, тігінші, шаштаразшы, ЭЕМ операторы, 1с меңгерген бухгалтер, хатшы – референт. 2003 жылы осындай курстардан кейін 1500 адам жұмысқа орналасты.

Тақырып бойынша сұрақтар:


1. Әлеуметтік қорғау жүйесінің рөлі .
2. Әлеуметтік қорғау жүйесіндегі жоспарлаудың рөлі.
3. Әлеуметтік қорғау жүйесіне әсер ететін факторлар.
4. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру кезендері.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:



  1. Нұрпеисов Е.Қ., Котов А.К.Қазақстан мемлекеті: хандық биліктен президенттік республикаға дейін. Оқу құралы. Алматы: Жеті Жарғы, 2001

  2. Ихданов Ж. Мемлекеттік басқару теориясы : оқу қҗралы / Ж. Ихданов, Ғ. Н. Сансызбаева, Р. Ғ. Есенжігітова ; Т. Рысқулов атындағы ҚазЭУ. - Алматы : Экономика, 2007. - 216 с

  3. Ихданов Ж.О. Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселері : оқу құралы / Ж. О. Ихданов, О. Орманбеков ; Т. Рысқҗлов атындағы Қазақ экономикалық ун-ті. - Алматы : Экономика, 2002. - 218 с




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет