Зертханалық және аспапты зерттеулердің нәтижелері.
1.Қан және өт анализдерінде қабыну белгілері болмайды.
2.Гиперкинетикалық түрінде
ұлтабарды сүңгілеуде; "В" және "С" үлестерінде өт аз болады, өт бөліну уақыты қысқарады.
Өтқабы рефлекстерін қоздыратын дәрілер ауырсынуды туғызады.
Холецистографияда - өтқабының кішіреюі, тез босауы анықталады.
3.Гипокинетикалық түрінде – ұлтабарды сүңгілеуде; ынталандырғышты салғаннан кейін, ауырсыну азаяды, өтқабы рефлексінің әлсіздігі байқалады, өттің түсі аса қоңыр және өт баяу ағып шығады.
Холецистографияда – өтқабының керіліп ұлғайғандығы және өте баяу босауы немесе ынталандырғышты қайталап салғанның өзінде босамауы анықталады.
4.УДЗ-де – өтқабының моторлы қызметінің бұзылысы анықталады.
Гиперкинетикалық түрінің емі;
№5 емдәм
Спазмолитиктер;
а) миолитиктер – но-шпа 2% - 2мл б/етке немесе 0,04 – 0,08г х 3 рет ішуге. Галидор 2,5% - 2мл б/етке немесе0,1 – 0,2 х 3 рет шаншу кезінде нитроглицерин 0,005г тіл астына.
Б) холинолитиктер; гастроцепин, атропин, метацин, платифиллин (шаншуды басу үшін)
3. Өт айдаушы дәрілер; аллахол, холензим, фламин, либолин, оксафенамид т.б.
4. Сүңгісіз тюбаж (минералды сумен немесе жүгері шашағының тұндырмасымен) аптасына 1-3 рет, барлығы 4-8 процедура.
Достарыңызбен бөлісу: |