Созылмалы тассыз холецистит.
Созылмалы тассыз холецистит -өтқабы қабырғасының зақымдануына, моторикасының бұзылуына әкелетін және өт тастарының түзілуіне септігін тигізетін өтқабының бейспецификалық қабыну ауруы.
Этиологиясы:
Инфекция (бактериялар, вирустар, сирек лямблиялар)
Өттің іркілісі
Өтқабы қабырғасының тітіркенуі немесе жарақаттануы
Өттің іркілісіне алып келетін себептер:
Уақытында тамақтанбау
Клечатканың тапшылығы
Гиподинамия
Өттің ағып шығуына кедергілер
Психоэмоциялық стресстер
Өтқабының маторикасын реттеуге қатысатын гормондар ара қатынасының бұзылуы.
Клиникалық көрінісі
Ауырсынулық: негізгі белгісі – оң қабырға астының, мезгіл-мезгіл немесе үнемі сыздап ауыруы.Майлы өткір тағамдар, көңіл - күй күйзелістері, ауыр дене қызметі ауырсыну сезімінің күшеюіне немесе дамуына түрткі болады.Ауырсыну кеуденің оң жартысына, оң жауырынға, оң бұғанаға, белдің оң жағына таралады.
Диспепсиялық бұзылыстар: ауамен кекіру, ащы дәм сезіну, жүрек айну, тәбетінің төмендеуі.
Субфебрилді дене қызуы, тершеңдік, жүрек қағуы.
Астеноневротикалық белгілер: ашушаңдық, ұйқысының бұзылуы, енжарлық.
Диагностика үшін ең маңыздысы - өтқабы проекциясында ауырсынуды табу. Оның проекциясы іштің оң тік бұлшықеті шетінің қабырға иінімен қиылысқан нүктесінде орналасады. Өтқабы проекциясын пальпациялаумен бірге қағып тексереді.
Достарыңызбен бөлісу: |