Себебі: Негізгі себебі- жер топырағында, суда, тағамдарда йодтың аз болуынан болады. Йод организмге аз мөлшерде түсіп отырса, қалқанша безінің гормондары жеткіліксіз мөлшерде бөлінеді, ал бұл қалқанша безінің гиперплазиясына әкеп соғады.
Клиникасы: 70-80% жағдайында қалқанша безінің функциясы өзгермейді, сондықтан жемсау эутиреоидитты деп аталады. Жемсау үлкейген сайын көрші жатқан мүшелерге әсер етеді-тынысы нашарлайды, жұтыну қиындайды,әдсіздік, тез шаршағыштық , жүрек тұсында жағымсыз сезім пайда болады,тітіргендіргіштік , жүдеу , жүрек соғуы байқалады.
Емдеу:Эутиреоидты жемсауда йод препараттары тағайындалады: функция төмедегенде тиреоидин беріледі. Қалқанша безінің функциясы жоғары болса және көру мүшелер басылған кезде операция жолымен емдейді.