Аурудың алдын-алуы: Эндемиялық ауруларда йодталған ас тұзы,ұн,теңіз өнімдері қолданылады.
Гипотиреоз -қалканша без функциясының төмендеуінен немесе толық бұзылыстарынан организмде қалқанша без гормондарының жетіспеушілігімен сипаталатын ауру. Нәтижесінде ОЖЖ, жүрек қан-тамыр, ас-қорыту, эндокринді және басқа жүйелердің ауыр бұзылыстарымен, сонымен қатар әртүрлі мүшелер мен ұлпалардың шырышты ісінуі.
Этиологиясы
1. Қалқанша безінің аномалиясы.
2. Эндемиялық жемсау және кретинизм.
3. Қалқанша безінің қабыну аурулары.
4. Тиреоидэктомия.
5. Радиоактивті йод терапиясы.
6.Тиреоидты гормондардың биосинтезінің бұзылуы
7. Тиреостатикалық медикаментозды терапия.
8. Кейде ісік метастаздары және инфекциялар.
Мысалы: туберкулез, мерез.
Белгілері: Әлсіздік,тез шаршағыштық,ұйқышылдық, тәбеттің төмендеуі,қан қысымының төмендеуі,брадикардия,брадипноэ, ойлау және еске сақтау қызметінің төмендеуі, баяу қимылдау,тілдің ісіген салдарынан наұқастың дұрыс сөйлемеүі,түсініксіз сөздері,дәреттің жүрмеүі,қатуы.
Микседема (грек. myxa – шырышты сұйық және oіdema – ісік) – қалқанша без қызметінің әлсіреуінен немесе мүлдем жойылуынан пайда болатын сырқат.
Достарыңызбен бөлісу: |