Диагностикасы: Диагностикасының негізгі шарттарына Рейно-Лериш синдромы, склеродермиялық тері бұзылысы, тырнақ фалангаараның остеолизі, остеопороз бен кальциноз (Тибьерж- Вейссенбах синдромы), буын-бұлшықет синдромы контрактурасы, базалдық пневмосклероз, үлкен ошақты кардиосклероз, асқорыту ағзаларының склеродермиялық бұзылыстары(өңеш), нағыз склеродермиялық бүйрек жатады.
Емі: Негізгі ем микроциркуляцияны жақсартатын дәрілерді қолданады: Вазодилятаторлар (эуфиллин,папаверин,компламин т.б.) А,В,Е витаминдері, гепарин майы, димексид. Рейно синдромы байқалғанда антиагреганттар (курантил,аспирин т.б) Қабынуға қарсы және иммундық супрессивті әсерлерге: салицилаттар, индометацин, аминохинолин. Айқын иммундық ығысуларымен білінген белсенді кезеңінде: Rp: tab.Prednisoloni 0.005 1-3 айға тәулігіне 0,5-105 мг/кг тағайындалады.Егер ауру бұл емнен басыла қоймаса, цитостатиктерді қосып береді (азатиоприн 1-3 мг/кг немесе лейкеран тәулігіне 0,1-0,2 м/кг есебінен 2-3 айға) Склеродермияны емдеуде Д-пеницилламин (купренил) қолданылады. Унитол да коллаген алмасуын жақсартады.
Мейіргерлік үрдіс ұйымдастыру
Достарыңызбен бөлісу: |