Дерматомиозит (ДМ)-қаңқалы және тегіс салалы бұлшықеттің, терінің қабыну ауруы.
Этиологиясы.
-вирустық инфекция (Коксаки вирустарына, эховирустарға,цикарновирустарға)
-ген ерекшеліктері, ошақты инфекцияның өрщуі,физикалық және психикалық жарақат,
-сыуқтау немесе ыстықтың өтуі, гиперинсоляция, вакцинация, дәрмектік алергия, климакс, жүктілік,босану, т.б.
Клиникалық көрінісі.
Әдетте дерматомиозит біртіндеп баяу басталады. Басында бір немесе бірнеше белгілері байқалады: беттің гиперимиясы мен ісінуі, дененің ашық, күн сәулесі тиген аймақтардың эритемасы, миалгия, бұлшық ет әлсіздігі, артралгиялар, дене қызуының көтерілуі т.б.
Кейде дерматомиозит жіті басталады. Бұл жағдайда дене қызуы 39-400 С көтеріледі, бұлшық еттер қатты ауырсынып әлсізденеді терінің бетіне ал қызыл түсті эритемалар туседі; тері және бұлшық ет ісінеді, науқастың жалпы жағдайы күрт төмендейді.
Дерматомиозит жүйелі ауру болғандықтан, көрінісі көптеген синдромдармен білінеді.
Бұлшық ет зақымдану- бұл аурудың басты белгісі. Басым зақымданатын аяқ-қолдың проксимальдік және мойын бұлшық еттері.Бұлшық еттердің әлі кетеді. Әлдің кетуі соншама, науқастың төсектен тұруға, жуынып тарануға,киінуге, көлікке мінуге шамасы келмей қалады.
2.Терінің зақымдану. Тері зақымдануының ерекшеліктері:
-Көздің жоғарғы қабығының және көз айналасының ісініп күлгін түсті қызаруы
-Алақан терісінің қызарып сыпырылып түлеуі;
-Тырнақ айналасының эритемасы, тырнақтардың сынғыштығы және бетінің сызықталуы;
-Ауру ұзаққа созылғанда зақымдануы:коньюнктивит,стоматит, гиперемия және таңдай мен жұтқыншақтың артқы қабырғасының ісінуі.
3.Жүрек зақымдануы-науқастардың 25-50%-да байқалады. Жүректің зақымдануы келесі өзгерістерден анықталады: тахикардия, жүрек шектерінің кеңеюі, тондарының әлсіреуі; ЭКГ-да-түрлі дәрежелі АВ-блокада, Т-тісшесінің өзгерісі, ST-аралығының депрессиясы.
4. Өкпе зақымдануы
5.Асқорыту жолдарының зақымдануы
6.Бүйректің зақымдануы
7.Нерв жүйесінің зақымдануы
8.Эндокриндік жүйенің жүйенің зақымдануы
Склеродермия
Склеродермия— терінің айқын тыртықтануы мен атрофиясы түріндегі бұзылыстары және ішкі ағзалардың фиброздық-склероздық өзгерістерімен сипатталатын ауру. Бұл кезде дәнекер тіні (соединительная ткань) өзгеріске ұшырайды.
Этиологиясы: вирустық инфекцияның
-Онковирус
-физикалық жарақат,
-суық әсеріне ұшырау,
-созылмалы инфекция ошағының асқынуы, жедел инфекциялық (тұмау, ангина, скарлатина т.б) аурулар,
- вакциналар мен дәрі-дәрмектерді (сульфаниламидтер, антибиотиктер) қабылдау,
-стресс алу.
Достарыңызбен бөлісу: |