Тақырып 1 Көшбасшылықтың теориялық негіздеріне кіріспе


Құрылымдық жүйедегі иерархиялық деңгей



бет9/9
Дата30.03.2022
өлшемі39,82 Kb.
#137259
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Тақырып 1 Көшбасшылықтың теориялық негіздеріне кіріспе
15.12.20 бекіту сұрақтары, 8 сынып тест жауаппен
Құрылымдық жүйедегі иерархиялық деңгей

Көшбасшылық үрдісі

Мақсатқа сәйкесінше бағыт

Сәйкесінше әлеуметтік эмоционалдық бағыт

Төменгі

Бар құрылым шегіндегі әкімшілік

техникалық экспертиза;
ережелерді білу

Бағыныштыларының теңдігі туралы қамқорлық

Орташа

Кеңейту, құрылымды толтыру

ұйымдастыру мәселелерін түсіну

Топтағы қатынастардың біріншілік және екіншілік біліктері

Жоғарғы эшелон

Құрылымды өзгерту;
Жаңа саясатты құрастырып, өткізу

жүйелік мүмкіндік;
ешкімге ұқсастықтың жоқтығы

Харизма:
белгілік;
авторитарлық;
функционалдық

Көшбасшылықтың түрлі типологияларын зерттеп, М. Германн көшбасшы бейнесінің төрт негізгі түрін бөлді:



  1. «Жарқын киімдегі сыбызғышы» (нағыз батыр) неміс қалашығынан тышқандарды қуған ертегідегі сыбызғышы секілді, көшбасшы мақсаттарды қояды, бағытты анықтайды және ізбасарларын үгіттеп-сендіреді. Оған барлық іс үшін жауапкершілік тиесілі. Көшбасшының өзін және сипаттамасын зерттеуді ұсынады. Көшбасшы мінезін танып, оның қандай мақсаттар және стратегиялар таңдайтынынан анықтауға болады. Көшбасшының осы бейнесі бұдан бұрын сипатталған «батырлар» теориясының туындауына ықпалын тигізді.

  2. «Саудагер» – ол адамдарға не керектігін біледі, және адамдардың қажеттеріне деген түсіну өте қажет, оларға көмектесу мүмкіндігінен де асып түседі. Көшбасшының бұл типіне «трансәрекеттік» теория және алмасу теориясы сәйкес келеді.

  3. «Қуыршақ» - көшбасшылықтың осындай нұсқасында топ саясаткерге күш беріп, бағыт таңдайды. Көшбасшы топтың сенімді адамы болып, топ атынан жұмыс істейді. Бұндай жағдайдағы көшбасшылықты түсіну үшін, көмешілердің мақсаттарын білу қажет. Осындай көшбасшылық атрибутивтік зерттеледі.

  4. «Өрт сөндіруші» – осы жағдайдағы көшбасшылық – болып жатқанға жауап реакция. Мұндай көшбасшының табиғатын түсіну үшін, жағдайлық теорияларды немесе жасайтын контекстіні білу қажет.

Осы бейнелердің негізінде, М. Германн көшбасшылықтың бес негізгі компонентін бөлді:
а) көшбасшы тұлғасы және оны шығару ерекшеліктері;
ә) топ сипаттамасы;
б) топтағы өзара қатынас табиғаты;
в) көшбасшылық іске асырылатын контексті;
г) көшбасшы мен көмекшілердің нақты жағдайлардағы өзара әрекетінің нәтижесі.
Көшбасшылық типі осы бес құрам бөліктің табиғаты мен қосылысына байланысты. Көшбасшылықтың барлық теорияларының негізгі теріс жағы, М. Германн бойынша, олардың бір ғана компонентте тоқталуы. Осыдан, құрам бөліктердің барлық мүмкін қосылыстарын ескертіп жаңа кешенді теория қажет.
Осындай тәсілдің ең қызық мүмкіндіктерінің бірі – А.Вилдавскийдің мәдениеттанушылық теориясы. Осы зерттеушіге қарасақ, көшбасшылық бұл саяси режим функциясы. А. Вилдавский режимдердің 9 типін бөледі, олардың төртеуі негізгі, ал қалғандары аралас сипаттмаларға ие. (3 кестені қараңыз).

3 кесте – Саяси режимдер, мәдениеттер және көшбасшылықтың типтері





Режим: авториторизм
Мәдениет: фатализм
Көшбасшылық: деспоттық, шексіз жалғасатын

Режим: коллективизм
Мәдениет: иерархия
Көшбасшылық: позициялық, саласы бойынша шектелген, уақыт бойынша жалғасатын

Режим: индивидуализм
Мәдениет: нарық
Көшбасшылық: метеорлы, шектелген және аз жалғасады

Режим: эгалитаризм
Мәдениет: әділет
Көшбасшылық: харизмалық, шексіз, аз уақытты

Алғашқы авторитарлық режимде көрінгенде, көшбасшылық ұзақ және барлығын қамтиды. Көмекшілері фотолистер болғанда, көшбасшылық әрқашан да ерекше сипатта болады.


Екінші режимде, яғни коллективизмде, иерархиялық мінезі бойынша автократиялық, ал жағдайы бойынша позициялық болады. Көшбасшы мүмкіндіктері оның қызмет иерархиясындағы орнымен анықталады. Үшінші режим, индивидуализ анықтамасы бойынша, көшбасшыларға қажетті тыймайды, себебі, нарық тек жекеменшік құқығын мойындайды. Индивидуалистер көшбасшыларға сенбейді, олар нәтижелерге сенеді. Сондықтан, тіпті, егер, көшбасшы пайда болса, онда ол тек «қажет» кездегі, қажет адам болады, белгілі, қысқа мерзімді мақсаттарға жету үшін. Төртінші режим, эгалитаризм, барлық режим ішіндегі харизматик – көшбасшы пайда болатын жалғызы.
Бірінші және екінші режимдер прокөшбасшылық, үшінші және төртінші – антикөшбасшылық болады, әсіресе, екінші және үшінші режимдерде көшбасшылыққа сұраныс көшбасшыға көмек етуге пропорционал. (екіншіде жоғары, үшіншіде – төмен деңгейде). Бірінші режимде аз сұраныспен тым жоғары қолғабыс арасындағы сәйкес келмеушілік байқалады; төртіншіде – керсінше, сұраныс қолғабысты жоғарылатады.
Назар аударатын соңғысы – В. Д. Джоунстың көшбасшылар типологиясы. Автор ойынша, нарық пен демократияның өзара әрекеттесуі көшбасшылықтың шектелген нұсқан туғызады – ол төртеу ғана: 1) көшбасшы – «делегат» - экономикалық элиталарға тәуелді және сайлаушыларға есеп береді. Бұл сайлаушылар экономикалық элиталардың позициясымен келіскенде болады. Делегат экономикалық өзгерістерді өзіңің ізбасарлары призмасы арқылы қарастырады; 2) көшбасшы – «сенімді тұлға» – өз сайлаушыларына экономикалық элиталар жағынан бақылаудан бос. Осындай көшбасшы негізінен экономикалық өзгерістермен айналысады, ал олар міндетті сайлаушылар талабы болып табылады, бірақ негізінен олардың мүдделеріне сай; 3) көшбасшы – «қызметші» – негізінен тек экономикалық элиталармен бақыланады және сайлаушыларға есеп бермейді, негізінен, тек экономикалық мүддесін қорғайды; 4) көшбасшы – «кәсіпкер» ол экономикалық элиталардан да, сайлаушылардан да бос. Негізінен тәуелсіз тек өзіне жұмыс істейді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет