Байланысты: Тақырып 1 Көшбасшылықтың теориялық негіздеріне кіріспе
Көшбасшылықтың ерте теориялары Шынайы анализдің жоқтығы мен таза бейнеленуі себебінен, көшбасшылық феноменінің зерттелуінің тарих алдысын өткеріп тастайық. Оның саяси-психологиялық анализінің мүмкіндіктерінің негізгі жазба тарихының ең жоғары жетістігі болып табылады. Бірақ Х1Х ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басына дейін көшбасшылыққа қарастырылған әдіс-тәсілдер тек жинақы, тар бейнелеу сипатта болды. Анализ ХХ ғасырдың жетістігіне айналды. Түрлі теориялар мен теоретиктер толығымен, нақтылап көшбасшылықтың табиғатын түсіндіруге тырысты және осы феноменнің табылуына байланысты факторларды анықтауға тырысты. Жалпыланған түрде осындай теориялардың бірнеше тобын бөлуге болады.
«Қаhармандар» теориялары және «белгілер» теориялары Берілген топ теориялары – ежелгілердің қатарыда. Тек қысқаша олардың бастауларын атап өтейік. Бізге белгілі, көшбасшылықтың саяси-психологиялық белгілерінің көбі мәдениетпен детерминацияланған. Ежелгі мысырлықтар өз патшасына келесі: «құдайға тән белгілерді» жазған аузынан шыққан «биліктік сөздер», «жүректегі түсіністік», «ал оның тілі – әділеттің қоры». Гомердың «Илиадасы», ежелгі гректердің ойынша қажет төрт қасиетті ашты: әділет (Агамемнон), даналық (Нестор), қулық (Одиссей), даңқтылық (Ахилл). Бірақ көшбасшылардың әрекет ету модельдері және көшбасшылық «белгілердің» «жиынтығы» уақыт өтісімен талай рет өзгерген.
Салыстырмалы кеш «қахармандық, батырлық» теория өкілдері (Т. Карлайл, Е. Е. Дженнингс, Дж. Дауд және т.б.) батырларды (олардың ойынша, тарих – бұл «батырлардың», «ұлы адамдардың» жасаған туындысы) «мұра бойынша берілетін» қаситтердің бөлінуі және олардың «топты» қызықтыра алатынына негіз қойып қарастырды. «Батырлық» теориядан кейін туындаған «белгілер» теориясы көшбасшының, әрекеттің ерекше типі ретінде, қандай қасиеттерге ие болу керек деген сұраққа жауап беруге тырысты. Осы теория жақтастары (Л. Л. Бернард, В. В. Винхам, О. Тэд, С. Е. Килбоурн және т.б.) адамды көшбасшы қылатын – белгілі психологиялық сипаттар және қабілеттер («белгілер»). Көшбасшы факторлардың қатары призмасынан құрастырылды. Біріншіден, «қабілеттер» – ақыл-ой, вербалдылык және т.б.. Екіншіден, «жетістіктер» – білім және спорт. Үшіншіден, «жауапкершілік» – байланыс, ұмтылыс, табандылық, қалау және т.б.. Төртіншіден, «қатысу» – белсенділік, кооперация, және т.б.. Бесіншіден, «дәреже» – әлеуметтік-экономикалық жағдай, танымалдылық. Ақырында, алтыншыдан, тұлғаның «жағдайлы белгілері». Көшбасшыға осы әрекет ету шегінде қажетті негізгі қасиеттерді атап өтейік: 1) істі аяқтауға деген өте күшті ұмтылыс және жауапкершілікке көзқарас; 2) мақсатқа жетудегі энергия мен табандылық; мәселелерді шешудегі қауіпке назар аудармау және алуан түрлілік; 3) алғыр ойлау; 4) өз-өзіне сену; 5) айналадағыларға әсер ету қабілеті, әлеуметтік қатынастарды құрылымдау қасиеті; 6) «өзіне» әрекеттер мен шешімдердің барлық нәтижелерін алу тілегі; 7) фрустация мен топ ыдырауына қарсы тұру қабілеті.
Ең қызықтысы,1979 жылы АҚШ Мемлекеттік Департаментінде қолданбалы мақсаттарда қабылданған көшбасшылық әрекетті зерттеу, қазіргі саяси көшбасшының ең маңызды белгілер, бюрократиялық, пікірдің туралығы, бөтен ойды тыңдай білу қабілеті, белсенділік, өсу қоры және әзіл-ысқақтың бар болуы табылады. Қызықтысы, интеллектуалдық қабілеттер көшбасшы үшін шешуші деп саналмайды.
М. Вебер есептеуінше, «саясаткер» үшін үш қасиет шешуші болып табылады: қызуқандылық, жауапкершілік қасиеті және көз қырағылығы. Қызуқандылық – істің мәнісіне бағыт түсінігінде, іске өте берілгендікте. Көз қырағылығы, әсіресе, ішкі тұрақтылыққа ие және шындық әрекеттеріне берілуге салқындылықпен заттар мен істерге, адамдарға қашықтық қажет бар мәселе – бір жанның ішіне ыстық қандылықты да, салқын көз қырағылықты да енгізу».
Сонымен қатар, «батырлар» және «белгілер» теориялары көшбасшыға қажетті қабілеттер қатарын және жоқтастарын көбейтуде. Белгілі дәрежеде, бұл бұрынғы, бейнелік тәсілдердің инерциясы. Феноменнің ғылыми зерттелуі одан әрі жүргізілді.
Қоршаған ортаның теориялары. Орта теорияларының негізгі жағдайы келесідей айтады: Көшбасшылық орта функциясы, яғни, белгілі уақыт, орын және жағдайларға соның және жағдайларға, соның ішінде, мәдени де, байланысты. Бұл теория, толығымен адамдардың жеке айырмашылықтарына назар салған жоқ, оларға орта талаптарын жапсырды.Мысалы, Е. С. Богардус бойынша, топтағы көшбасшылық түрі топ табиғаты мен оған шешуге қажетті мәселелерден тұрады.
В. Е. Хоккинг көшбасшылық – топ көшбасшы ұсынған бағдарламаға сәйкес бағытталып қозғалысы келетін жағдайда ғана көшбасшыға берілетін топ функциясы.
Х. С. Персое екі гипотеза ұсынды:
1) Әрбір жағдай көшбасшының өзіне де, оның қабілеттеріне анықтайды
2) Жеке ұлға қабілетінтерін: олар жағдаймен көшбасшылық қасиеттер деп анықталады, және алдыңғы көшбасшылық жағдайлармен нәтижесі болады.
Өз кезінде Дж. Шнейдер таңғалып, англиядағы әскери көшбасшылар соны ел қатысқан әскери қақтығыстар сонына тура пропорционалды болған.
Бұл орта теориясының әділеттілігінің ең жарқын бейнесі болды.Оның бағасы үшін А. Дж. Мэрфидің айтқан сөзін қолданайық: «Жағдай көшбасшыны шақырады, ал ол мәселенің шешілуінің құралына айналады».