Тақырып 1 Көшбасшылықтың теориялық негіздеріне кіріспе


Саяси-психологиялық типологиялар



бет6/9
Дата30.03.2022
өлшемі39,82 Kb.
#137259
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Тақырып 1 Көшбасшылықтың теориялық негіздеріне кіріспе

Саяси-психологиялық типологиялар
Г. Лассуэлдың психопатологиялық типологиясы
Берілген типологияға сәйкес, нақты саяси тип орындайтын немесе орындауға тырысатын функцияға байланысты, «агитатор», «администратор» және «теоретик» деген типтер, сонымен қатар олардың түрлі комбинациялары бөлінеді. Г. Лассуэлл осы типтердің әрқайсысының мансабының дамуының критикалық жағдайларында санасыз факторлардың қозғалыс бағытын қарастырды және олардың белгілі саяси типтерді құрастырудағы рөлін зерттеген.
Мысалға, «агитаторлар» – олардың негізгі функциясы – өз үгіт-насихатын тарату және азаматтармен тілдесу. Олар риториканы вербальды формулалар, қылықты және принциптердің жиі, салттанған қайталануын бағалайды. Олар көріну үшін өмір сүреді, қарсылыстарын қақтығысқа шақырып және оларды төмендету – олардың басты мақсаты, ал таза ұйымдастырушылық функциялар оларда фрустрацияны туғызады. Бұл тәртіпсіз және жиі қанағатсыз саясаткерлер, оларда энтузиазмы топты шақырулармен, көптік дұғалармен және тіптен ұрсумен де топты қоздырады. Олар үшін аудиторияның эмоционалды жауап қайтаруы маңызды.
Г. Лассуэлдың ойынша, психоаналитикалық көзқарастан, осындай «агитаторлар» айқын көрінетін нарцисстар болып табылады (әйтсе де, олардың нарциссизмі өте қарапайым), олардың либидосы өзінің «Мен»-іне және «Мен»-типтес объектілерге бағытталады, ал бұл гомосексуалдық жақтардың көрінуіне септігін тигізеді, ал олар абстракттік объектілерге проекцияланады. Өткенде – бұл үлгілі балалар, өз теріс эиоцияларын ұялшақтап басқан. Бірақ осындай «репрессиялық садизмі», өз ортасында сыртқы шықпай, қоғамға аударылған. Өз-өзін көрсету ынтасы, әсіресе, ауызша немесе жазбаша түрде өзімен ішкі эмоционалдық қажеттіліктерді қанағаттандырудың тәсілін көрсетеді. Мысалға, «фаторлар» әдетте теріс эмоцияларды басумен және балалық шақта өтірік айтуымен ерекшеленеді.
«Әкімшілік», «агитаторларға» қарағанда, өз аффектілерін аз алыстаған және абстрактілі объектілерге бейнелеп, өз назарын белгілі топпен басқаруға аударады, бұнымен ұйымның мақсаттарына тұлғасыз, қызығусыз ынтаны көрсетеді. Оларға абстракциялар тән емес, өткені оларда абстракцияларға қажет туындаған жоқ, әсіресе, өз эмоционалдық мәселелерін шешуде. Оларды аффектісіз деуге болмайды, олар тек өте салқын қанды және аффективті теңестірілген.
Г. Лассуэлл әкімшілік тұлғалардың екі подтипін бөлген. Бірінші подтип айқын энергиямен және оймен сипатталады, ал бұл оны үгіттеушілерге жақындатады. Бірақ оның назарының ортасында белгілі жеке тұлғалар тұрады, олар өз аффектілерін дәрежесі азырақ бірігіп атқарылатын жобаларға аударылады және азаматтардың үлкен көлемін «өзінің тепе-теңдігінен» шығаруға тырыспайды. Олар өз ортасына байланысқан және оның әрекеттерін бақылап, түзетугетырысады. Абстракттілігі объектілерге жетудің мүмкіндігінің жоқтығы отбасы ішінде нақты жеке тұлғалармен өте көп айналысуменен болуынан себеп болып табылады және өз «Мен» образының анықталуына қиындықтармен слқтығысады. Екінше подтип - өте-мөте еңбекқор және жауапкершілікті көшбасшы, олардың ұсақ бөлшектер мен бірқұралды жұмысқа, нақтылыққа махаббаты бір тұтастықты сақтап, ортаның алысталуын байқатады. «әкімшілік тұлғалары», осы типтегі тұлғаның дамуы кезінде өте күрделі жағдайларға ұшырамаған, өте-мөте репрессияға ұшыраған эмоцияларға ие болған жоқ, өйткені оларды немесе сублимацияға айналдырды немесе оларды отбасы ішінде байқатты. Олардың жасампаздығы – өз күшін көрсету мүмкіндігі.
«Теоретиктерді» (эксперттерді және идеологтарды) алыста тұрған және жоғары пайдалылығы бармақсаттар қызықтырады. «Үгіттеушіге» қарағанда, «теоретиктер» абстракцияға, ұлылыққа ұмтылды. Түрлі ойларды қарастыру «теоритиктер» үшін алдына қойған мақсат болып табылады, ал бұл лоарды көмекшілерінен алыстатады. «Теоретикке» абстракциялар өзінің эмоционалдық мәселелерін шешу үшін қажет. «әкімшілік тұлғаларына» қарағанда теоретиктер аффектілердің жоқ кезінде үлкен зардап шегеді, өйткені өзінің даму үрдісі кезінде көп фрукстрацияны бастан кешірді. Интеллектуалдану – теоретиктердің бір кездегі өздері шеше алмаған эмоционалдық мәселелеріне жауап.
Г. Лассуэллге сәйкес, саяси дамуға саясаткердің мінезі әсер етеді. Ол негізгі келесі типті бөлген: «күштеп жасалатын» және «драма шығарушы» және де подтип – «қалтқысыз, сезімсіз».
«Күштеп жасалатын» мінезі бар тұлға үшін қатаң қатынастар біртектілік, біржағдайлылық, өз-өзін көрсетудің біркелкілігі, жағдайдың десубъективизациясы, жаңашылдықтан бас тарту және де әкімшілік тұлғаға, бюрократқа тән басқа қасиеттер тән. «Драма шығарушы» мінез, оның өзіне-өзі сүйсінумен, провокацияларға, ойнас қылуға бейімділігімен сипатталады, мұнда басқаларды жауап алу үшін кез-келген құралдар іске қатыстырылды, және де «драма шығарушы» мінез өзімен «күштеп жасалатын» мінезге қарсы кояды, сонымен қатар, «үгіттеушінің» саяси тип ретінде қалыптасып, дамуына септігін тигізеді. «Сезімсіз» мінезі бар жеке тұлғалар, басқалардан жарқын эмоционалдық күйінің жоқтығымен ерекшеленеді және де Г. Лассуэлл бойынша, тамаша сот қызметкерлеріне, дипломаттарға, сонымен қатар, өкінішке орай, өте нашар зұлым адамдарға айналуы мүмкін.
Д. Рисманның саяси түрлерінің типологиясы.
Д. Рисман қоғамның үш типін ажыратты және сәйкесінше, әлеуметтік мінездердіңүш типін, оның ойынша, мінез қоғаммен анықталатындықтан, ажыратты. Үш әлеуметтік мінездерге саяси тұлғалардың үш типі сәйкес келеді. Қоғамның дәстүрлі бағыттылығына «немқұрай тип» - саясатқа сай келеді, оны саясаттан қорғануға оның немесе төмен мобильдігі немесе бағыттардың жоқтығы немесе басқа бір нәрсе итермелейді. «Немқұрайлылардың» әдеттегі көзқарасы: саясатпен басқа біреу айналысуы тиіс. Олар билікке ұмтылмайды, саясат үшін жеке жауапкершілікті сезінбейді және өте сирек саясаттың әсерінен кінә сезімін немесе фрустрацияны сезінеді. Бұл адамдар саясаттағы ұяттылығын, өзінше біртұтастылығын сақтады. «Морализатор» («ішке – бағытталған мінез») – эмоцияларды басудың жалпықабылданған адам, көшбасшы. Оның әрекеттілігі күшті аффекттермен және төмен компетенциямен сипатталады. Бұл немесе адамдар және институттар жетілуіне ұмтылатын, өз-өзін жақсартуға бейім идеалист немесе жақсыға жетуге бағытталмаған, бірақ жаманды қайтаруға тырысатын тип. Д. Рисман «морализаторлардың» екі типін ажыратты: «қарсылық білдіретіндер» және энтузиастар». Екі жағдайда да, эмоциялар саяси ақылдан асып түседі, бірақ қарсылық білдіретіннің» эмоциялары «энтуазиастын» эмоцияларына қарағанда қараңғы түнек. Өте артық энтуазиазм, әсіресе морализатордағы, нәтижелі жұмысқа бөгет жасайды, ал күшті эмоциалар – жағдайды дұрыс қабылдауға бөгет жасайды, ал бұл әлемдегі түнектелген түрдегі көруінеәкеледі.
«Ішкі бақылаушы» (inside – dopester, «басқаларға бағытталған») – немесе эмоциясыз немесе өз эмоцияларын бақылайтын, өз мүдделері, пайдасы үшін саясатқа бет бұратын адам. Оны белгілі сұрақтармен мақсаттар қызықтырмайды. Ол одан әрі басқаларды басқарумен уақытын өткізеді. Ол үшін әдеттегі көз қарас: «егер мен саясатты өзгерту үшін ештене жасай алмасам, онда маған тек оны түсіну қалады» Бұл «саясаттын ішінде » болуға тырысатын реалист және егер ол саясаткерлерді өзгерте алмаса, онда ол оларды басқарады. Мұнда ол оларға ұқғысы келеді, өйткені, оны нашар, аз мәліметке ие қуғынқа санасын деп қаламайды. Жоғарыда сипатталған үш әлеуметтік мінез және оларға сәйкес келетін саяси типтер «бейімделген» деп аталатын типтер болып табылады. Бұл «қалыпты » типтер, олардың мінезі әлеуметтік талаптарға бейімделеді, яғни, қоғам және мінез тепе-теңдікте болады. Бірақ, мінездің әлеуметтік талаптардан ауытқуы байқалады. Біріншіден, «аномикалық» (нашар бейімделген) мінез және екіншіден, «автономды» мінез. «Автономды адам» өз саяси қалауларын өзі таңдауға еркін, өйткені оның санасы ешкімнің пікірлерімен детерминацияланған жоқ және мәдениетпен анықталмайды. Осындай адамдар қоғамдағы тәртіп талаптарына бағынуы мүмкін («аномикалық» типтер секілді), бірақ осындай бағыну қажеттілігі жайлы шешімді еркін. Д.Рисманға сәйкес, «автономды мінез» - өкінішке ораай, жетуге мүмкін емес идеал.
«Макиавеллисттік тұлғаның» теориясы.
Т. Адорно жасаған авторитарлық тұлғаның F – шкаласымен бірдей, Р. Кристи және Ф. Гайс макиавеллдық тұлғаның М – шкаласын құрастырды (монипулятор – адам тұлғасының), бұнын моделі әлі Н. Макиавелли айтқан идеяларға негізделген. Нақты зерттеулер нәтижесінде, тұлғанын екі типі бөлінді: төменгі Мак- коэффициенты бар және жоғары (коэффициент Q байланысты емес ) Мак – коэффициенті бар.
«Жоғары МАК»: «Салқындандылық» синдромы - әлеуметтік әсерге қарсылық түсінуге бағыт жасау, жаңа құрылымдарды тұрғызу және оларға бақылау жасау.
«Төменгі Мак»: «өте үлкен сену» – әлеуметтік әсерге тең болу тұлғаға бағытталу, құрылымды таңдау және оған сай қозғалу.
Зерттеулер осындай нәтиже көрсетті нақты тура әңгімелесуде «төменгі Мактар» өте эмоционалды, және тез еліккіш болады, ал, жоғары Мактар салқынқандылық пен сабырлықты сақтайды. «жоғарғы Мактар» когнетивті импровизация қажет жағдайларда нәтижелі, ал «төменгі Мактар» осы уақытта тек нақты ойын ережелері бар жағдайларда ғана жеңіске жетеді. Жалпылағанда түрде жоғары мак-коэффициенті бар адамдарды осылай сипаттауға болады: сабырлық және эмоционалдылықтың жоқтығы, сақсатқа бағытталғандық басқалармен бәсекелі күрестемақсатқа жетуге ұмтылыс, суық рационалдылық және алдын ала ойлау тән. Қоршағандардың эмоциялары, өздік қалаулар «жоғары Мак» жағына қысым көрсету еш әсер етпейді. «Жоғары Мактың» тұлғасының белгілері ішкі психологиялық үрдіспен анықталады: жағдайдың нақты, когнетивті сипаттамалары мен жеңіске назарын шоғырлауда жатыр. Төменгі Мак-коэффициенті бар адамдар келесі ие әрбір жағдайды жекешелеу, жеке тұлғаға бағытталу, ал абстрактті мақсаттарға емес, жағдайдың рационалды бағалауына эмоциялардың рационалды бағалауына эмоциялардың жиі араласуы, осы эмоциялардан тәуелділік және шеттен қысымға тәуелділік.
Нәтижесінде түсінікті, дәл «жоғары мактар» соңында көшбасшы болады. Олардың қуаты артынан ергендерді өздері қойған мақсаттарға жету үшін көндіруге және сендіруге жетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет