Байланысты: Тақырып 1 Көшбасшылықтың теориялық негіздеріне кіріспе
Қазіргі концепциялар: жалпы типологиялар және көшбасшылықтың түрлері Қазіргі ғылымда көшбасшылықтың типалогиясының кейбіреулерін құрастыруға және кейбір типтерін бөлуге көп деген мүмкіндіктер бар. Алғашында ХХ ғасырдың бірінші жартысының типалогияларының қысқаша қарастырайық, өйткені дәл солар қазіргі көсбасшылар болсын, көсбасшылық стильдедері үшін де негіз қалап, жалпы алғанда, көшбасшылық фенаменінің де негізін құрады, ал сосын саяси-психологиялық типалогияларға тоқталайық.
Е. С. Богордус ең алғашқы болып келесі типтерді бөлді:
1) автократиялық (күшті ұйымда);
2) демократиялық (топ мүдделерін таныстыратын өкіл);
3) орындаушылық (кейбір жұмысты атқаруға шамасы келетін;
4) рефлексивті-интелектуалды (үлкен топпен басқаруға қабілетті жеттпейтін).
Кейінірек, Ф. С. Бортт көшбасшыларды біраз басқаша классификациялады:
1) институционалды тип (алып отырған орнының құрметтілігіне баланысты);
2) басым (өз орнын күш пен әсер нәтижесінде);
3) көндіретін (бағыныштыларының көңіл-күйлеріне әсер тигізіп, оларды әрекетке бағыттайды).
Кейін С. С. Кичело «Кеңсесі жоқ көшбасшы! Деген ерекше типті бөліп, оны «пайғамбар»» деп атады. Пайғамбарлар тарих сахнасына қиын-қыстау кезеңдерде шығып, көмекшілеріің қолғабысын туғызып, өздері жасаған қозғалыстардың ерекше белгілеріне айналды.
Ф. Гедл есептеуінше, институционалды және эмоционалды топтық үрдістер тек тоғыз тұлғалар типінің арасында өтуі мүмкін. Оның термонологиясында, бұл «патша», «қанаушы», «көшбасшы», «махабаттың объектісі», «зұлымдықтың объектісі», «ұйымдастырушы», «қызығушы», «батыр», «үлгі тұтуға келетін адам» (нақты айтқанда, оң және теріс).
Дж. В. Гетуель және Е. Г. Губа осылай бөлген:
1) «заң шығарушы (nomotyheric) көшбасшылық», мұнда рөлдер және және күтуді қоғамдық жүйелердегі әрекеттің талаптық өзгерістері анықтайды;
2) «идеологиялық көшбасшылық», мұнда жеке тұлғалардың қажеттіліктері мен ынталарын топтық әрекеттің тұлғалық өзгерістері анықтайды;
3)«синетикалық көшбасшылық», ол қақтығыс жақтарды татуластырады.
В. Белл, Р. Дж .Хилл және С. В. Миллз көшбасшылылардың келесі типтерін қарастырды:
1) «формальді» (ресми орындағы);
2) «танымал» (қоғамда дәрежесі жоғары деп саналады);
3) «жер етуші» (шынымен әсер тигізетін);
4) «қоғамдық» (өздігінен әрекет ететін ұйымдарда белсенді қатысады).
М. Конвей көшбасшылардың топтарын бақылап үш көшбасшылық рөлді бөлді. Біріншіден, бұл көсем (топты «бағындыруға» тырысатын, бұл топ гипноздық жағдайда болады және көсем оны өзі таңдаған жол бойынша артынан ертуге тырысады-мысалы, Наполеон). Екіншіден, топ өкілі (халықтың ежелден қалыптасқан белгілі «дұрыс» пікірлерін білдіреді – мысалы, Т. Рузвельт).
Үшіншіден, пікірлерді түсіндіруші (топ әзер түсінетін нәрсені алға қойып, сонымен әрекет етеді, әсіресе, оның жасырын қорқыныштары мен алаңдауларын).
Әрине, М. Вебердің саяси көшбасшыларының типологиясын да ұмытпау қажет. Өйткені, ол ең танымал,сондықтан онымен бөлінген көшбасшылық заңдылығының үш идеалды типіне тоқталайық:
а) легалды заңдылық, өзінің негізінде-рационалды тірек, бұл өз орнын осы ережелер арқасында алған көшбасшыға және оның құқығына, талаптық ережелердің легалдылығына сенім көрсету. Мұндай легитимдылықта бағыну легалды қойылған жақсыздалған тәртіптің нәтижесі: болады және ұйым билігінің формальды шегінен шықпайды. Бұл орын билігі, оның «тағын» адам алады. Бұл «бюрократиялық» тип және, сәйкесінше, көшбасшылық стилі. Адамдар бюрократқа бағынады, себебі,өздерін көшбасшы өзін қоршайтын көптеген билік атрибуттарының алдында әлсіз сезінеді;
ә) дәстүрлі легитимдылық бұнын негізін ежелгі дәстүрлер және басшылардың дәрежесінің легитимдылық, бұнын негізін ежелгі дәстүрлер және басшылардың дәрежесінің легитимдылығына деген қалыптасқан сенім құрайды. Бағыну бұл жағдайда – жеке адамдықтың көрінісі және әдеттегі шарттардың шегімен анықталады. Бұл «дәстүрлі» тип және сәйкесінше, көшбасшылық стилі. Бұл дәстүр бойынша берілетін, монарх билігі, оны ол автоматикалық түрде, өз қасиеттері мен жүргізетін саясатына тәуелсіз алады;
б) харизматикалық легитимдылық, оның эффективты негізгі жеке тұлғаның батырлығына және үлгілік мінезіне, ерекше қасиеттілігіне, өзіне тән берілуіне әкеледі. «Харизма» – бұл ерекше тірек, ту, қасиетті белгі, бұны қандай да бір адамдардың жүрісін басқаратын адам қалында ұстайды. Көшбасшыға бағыну жеке тұлғаның харизма туралы өз түсінігіне тіреледі. Бағынып, адамдар тек қана адам артынан емес, оны өз әсері және құрметтілігімен бөлейтін харизма артынан жүреді. Харизматикалық көшбасшы билігі – бұл белгі топ үстінен көтерілген сәттің билігі. Бұл ту сияқты жарқын адам билігі, бірақ мұндай жарқындық тек адамнан шықпайды, ол көшбасшыны да, ол ұстайтын туды да, өз махаббатымен бөлейтін топтардан шығады. Бұндай билік өте берілген, бірақ жағдайлы жағдай өзгереді, басқа сәт туды және осындай көшбасшы тез қарайып, өз әсерінен айырылуы мүмкін.
Әдетте харизманы құрайтын екі бөлікті атау қабылданған. Біріншіден, қызықты, ерекше нәрсенің бар болуы, бұл ізбасушылардың эмоционалдық талқуын туғызады. Атап өтейік, мұндай көшбасшыға салқынқанды ешкім болмайды оны немесе жақсы көреді немесе көре алмайды. М. Вебердің кезінен харизманың үш нүсқасы бөлінеді: харизма ішкі мәселелердің символдық шешімі ретінде, бөтен биліктен агрессия арқылы қорғану, көшбасшыға өз қызығушылықтарын қанағаттандыру үшін атрибуттарды тағайындау.
Осылайша, ХХ ғасырдың бірінші жартысында типологиялар көшбасшыларды бір сәтте орындалатын функциясы бойынша да (өкіл, орындаушы), сол сияқты көшбасшылық стилі бойынша да (басым демократиялық) бөлген. Ең жетілген, қазіргі теориялар, негізінен, авторитарлы және демократиялық стильдерді зерттейді және оларды басқаша атайды: «мақсатқа бағытталған» және «тұлғаға бағытталған».